Тит Макций Плавт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Тит Макций Плавт (Titus Maccius Plautus ; б. з. б. 3 ғ. ортасы, Сарсина, Умбрия,—184 ж. ш., Рим) —римдік комедияшы. Паллиатаның (рим комедиясы) атақты шебері.[1] Сахнада қимылды молайту үшін контаминацияны (текстерді шоғырландыру) қолданды («Мақтаншақ сарбаз» т. б.). Плавт пьесалары көне халық театрына жақын, маска киіп ойнауға лайықты («Есектер» т. б.) шешен диалогқа, арияларға, күлкіге құрылып жазылған. Грек және Рим тұрмысын, құлдар өмірін шебер суреттеп, ескі грек, рим ғұрпын күлкі етеді («Елес», «Вакхидтар» т. б.) Плавт күлдіргі сөздің асқан шебері болған.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. H.M. Tolliver. "Plautus and the State Gods of Rome", The Classical Journal 48.2(1952), pp. 49-57.
  2. M. Marples. “Plautus,” Greece & Rome 8.22(1938), p. 1.