Түйешырмауықтар тұқымдасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Asclepiadaceae
Matelea denticulata
Matelea denticulata
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Gentianales
Тұқымдасы: Apocynaceae
Кіші тұқымдасы: Asclepiadoideae
Genera

See text

Түйешырмауықтар тұқымдасы[1] (лат. Asclepiadoideae) – кендірлер тұқымдасына жататын кіші тұқымдас. Екі жарты шардың қоңыржай климатты белдеулерінде таралған 280 туысы, 2000-дай түрі бар. Қазақстанда 2 (кейбір деректерде 3) туысы белгілі. Түйешырмауықтар тұқымдасы шырмалып өсетін шырмауық тәрізді не бұта, шала бұта, сирек ағаш болады. Ұзынша жапырақтары қарама-қарсы не кезектесе орналасады. Гүлдері дұрыс, қосжынысты, шатыр гүлшоғырына топталған; тостағанша, күлте жапырақтары 5 бөлікті. Аталығының саны – 5, қысқа да жуан жіпшелері бірігіп түтікшеге айналған. Аналығы біреу, тозаңқаптары 2 – 4 ұяшықты. Жемісі – көп тұқымды қақырап ашылатын таптама. Тұқымы – екі бүйірінен қысыңқы, бір жақ ұшында желайдары болады. Түйешырмауықтар тұқымдасының көпшілігінің пішіні кактус тәрізді, суккулентті өсімдіктер (мысалы, Echіdnopsіs, Stapelіa, т.б.), кейбіреулері куб тәрізді жапырақтары бар эпифитті (мысалы, Dіschіdіa) болады, онда өсімдікке қажетті су мен гумус жиналады. Түйешырмауықтар тұқымдасының кейбір түрлерінен талшық алынады, әсемдік үшін өсіріледі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Байтенов М.С., Флора Казахстана “Родовой комплекс флоры”, т. 2, А., 2001
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том