Тәжікстан елтаңбасы
Тәжікстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы (тәж. Нишони давлатии Ҷумҳурии Тоҷикистон) | |
Негізгі ақпараттар | |
---|---|
Иелік етуші | |
Бекітілді |
1993 жылы |
Қалқанұстаушылар | |
Алғашқы нұсқалары |
(сипаттамалары бойынша) (1994 жылы пошта маркасында қолданылған нұсқа) |
Тәжікстан елтаңбасы (тәж. Нишони Тоҷикистон) немесе Тәжікстан эмблемасы — Тәжікстан Республикасының рәміздерінің бірі. Ол — алдындағы Тәжік КСР елтаңбасының өзгертілген нұсқасы болып келеді. 1993 жылы 28 желтоқсан күнінен бері қолданыста.[1]
Дизайны және символикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тәжікстан елтаңбасы — жеңілтілген тәжік туы қоршаған сол жағында мақта, оң жағында бидай баулары бар; орталығында тәж, көтерілген күн мен таулар бейнеленген эмблема. Екі бауды астында симметриялы кітап байланыстырып жатыр.[1]
Елтаңбаның қазіргі дизайны Кеңес одағының геральдикасына негізделген. Оны біз екі жақтағы мақта мен бидай бауларынан және көтеріліп жатқан күннен байқай аламыз.
Символикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Елтаңбаның орталығында салынған тәж бен 7 жұлдызды біз Тәжікстан туынан да байқай аламыз. Ол Саманид мемлекеті заманынан бері қолданылудағы символ, және ол тәжік халқының басты белгісі болып келеді. Осының басты себебі — парсы тілінде «тадж» этнонимы «тәж» сөзін білдіреді. Оның үстіндегі 7 жұлдыз елдің 7 облысын (регионын) білдіреді.
Елтаңбаның негізінде Памир таулары мен кітап бейнеленген. Көтерілген күн өмірдің басталуын, және бидай елдің байлығын білдіреді.
Тарихи елтаңбалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тәжік АКСР елтаңбасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тәжік АКСР елтаңбасы 1924 - 1929 | Тәжік АКСР елтаңбасы 1929 - 24 ақпан 1931 |
Тәжік АСКР Орталық Сайлау Комитетінің сипаттамасы бойынша:
Тәжік АСКР Мемлекеттік Елтаңбасы қызыл-сары фонда орналастырылған алтын күннің сәулелерінде салынған алтын дос (тәжік орағы) пен балға, сол жағында мақта мен оң жағында бидай бауларымен қоршалған елтаңба болып келеді. Астында парсы жазуындағы тәжік тілінде және орыс тілінде: «Пролетарии всех стран, соединяйтесь!» (қазақша «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!») деп жазылған. |
Тәжік КСР елтаңбасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Тәжік Кеңестік Социалистік Республикасының елтаңбасы (24.02.1931-04.07.1935)
-
Тәжік Кеңестік Социалистік Республикасының елтаңбасы (1936)
-
Тәжік Кеңестік Социалистік Республикасының елтаңбасы (27.04.1935 – 20.05.1937) (Латын әліпбиінде)
-
Тәжік Кеңестік Социалистік Республикасының елтаңбасы (1938 – 28.09.1940) (Латын әліпбиінде)
-
Тәжік Кеңестік Социалистік Республикасының соңғы елтаңбасы (Кириллицада)
1992 жылғы елтаңба
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Екі жағынан тәжік туымен оралған бидай баулары, орталығында қанаты бар алтын арыстан салынған нұсқа Тәжікстанның бір жыл ғана елтаңбасы болған еді. Арыстанның артында күн сәулелері, және астында төбесінде қар жатқан таулар бейнеленген.
Қанатты арыстан бейнесі үндіарий халықтарында (парсылар мен тәжіктер) күш, билік, күн мен отты білдіреді. Бұл символ Месопотамиядан Иранға, және кейінірек Орта Азияға көшті.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b Тәжікстан мемлекеттік елтаңбасы жайлы (орыс.) Advantour.