Уго Чавес
Уго Чавес | |
өңдеу |
Уго Рафаел Чавес Фриас (1954 жылғы шілденің 28 — 5 наурыз, 2013) — Венесуэланың бұрынғы президенті. Боливар революциясының жетекшісі ретінде Чавес демократиялық социализм және Латын Америкасының интеграциясы саясаттарын жүргізеді.[1] Ол сонымен бірге неолиберализм, ғаламдану және АҚШ сыртқы саясатын қатты сынға алатын сыншы.[2]
Кәсіби әскери офицер болып табылатын Чавес 1992 жылы бұрынғы президент Карлос Андрес Переске қарсы бағытталған сәтсіз аяқталған мемлекеттік төңкерістен кейін солшыл «Бесінші республика қозғалысы» атты ұйымның негізін қалады. 1998 жылы Чавес Венесуэла халқының кедей көпшілігіне экономикалық жәрдем беру уәдесімен Президент сайлауында жеңіске жетті. 2000 және 2006 жылдары президент болып қайта сайланды. Ішкі саясатында Чавес бүкіл ел бойынша ауру-сырқау, сауатсыздық, жете тамақтанбау, кедейлік және тағы басқа әлеуметтік кемшіліктермен күрес жүргізетін «Боливар миссиялары» атты науқандарды жүргізуге үлкен назар аударады. Сыртқы саясатында Чавес империализм, қанау секілді құбылыстармен күресіп, дүниенің кедей елдерінің арасында, әсіресе Латын Америкасы елдерінің арасында тығыз ынтымақтастық саясатын жүргізеді.
Чавестің саясатына деген көзқарас Венесуэланың өзінде де, шет елдерде де біркелкі емес. Оның саясатын жойқын сынға алатындар да, қатты мақтап, қолдайтындар да бар. АҚШ-тың федерал үкіметі оның саясатын Латын Америкасындағы демократияға қауіп төндіреді деп санаса,[3] басқалар оның идеологиясына қолдау білдіреді[4] немесе оның өзара сауда және екі жақты ынтымақтастық келісімдерін қуаттайды.[5] 2005 және 2006 жылдары «Тайм» журналы оны «ең ықпалды 100 тұлғаның» тізіміне кіргізді.[6][7]
Өмірінің бастапқы кезеңі (1954–1992 жылдар)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Чавес 1954 жылғы шілденің 28-інде Венесуэланың Баринас штатындағы Сабанетада туған. Ата-анасы Уго де лос Рейес Чавес және Элена Фриас де Чавес екеуі мұғалім болып қызмет еткен, Уго олардың екінші ұлдары. Чавестің әулеті америкалық үндістер, африкалықтар және испандықтардан тұрады.[8] Чавес Сабанетаның маңында балшықпен сыланған үйде туған. Кедейлікте өмір сүрген Уго ағасы Аданмен бірге Сабанетаға әжесі Роса Инес Чавестің қолына жіберілді. Сонда ол Хулиан Пино мектебінде оқып жүргенде сурет салу, өлең айту және бейсболмен әуестенді. Кейінірек ол Даниель Флоренсио О'Лири мектебінде білімін жалғастыру үшін Баринас қаласына жіберілді.[9]
Он жеті жасында, 1971 жылы Чавес Венесуэланың әскери ғылымдар академиясына оқуға қабылданды. Оны 1975 жылы суб-лейтенант шенін алып бітірген соң ол бірнеше ай әскери қызмет атқарды. Содан соң ол Каракас қаласындағы Симон Боливар университетінде саясаттануды зерттеді, бірақ оқуын ғылыми атақсыз аяқтады.[9]
Оқу жылдарында Чавес бірге оқитын серіктес студенттерімен бірге солшыл ұлтшыл, өздері «боливаршылдық» деп ат қойған идеологияны тұжырымдап шығарды. Боливаршылдыққа 19-шы ғасырдың революционері Симон Боливардың, Перудің бұрынғы президенті Хуан Веласко Альварадоның, сонымен бірге Карл Маркс, Владимир Ленин және Лев Троцкий сияқты социалистік және коммунистік ойшалдар мен қайраткерлердің ілімдері қатты әсер еткен.[10][11] Чавес осы жылдары спорт сайыстарына және мәдени шараларға да кеңінен атсалысты. Ол Criollitos de Venezuela тобының құрамында бейсбол мен софтбол ойнап, 1969 жылы тіпті Венесуэла ұлттық бейсбол чемпионаттарына қатысты. Чавес өлең, әңгіме жазумен және театрлық қойылымдар қоюмен де шұғылданды.[9]
Оқуын бітірген соң Чавес қоғамдық қызметін Баринаста орналастырылған партизандарға қарсы күрес батальонының мүшесі ретінде бастады. Уго Чавестің әскери қызметі 17 жыл бойы жалғасып, соның кезінде ол түрлі командалық және штабтық қызметтерді атқарды. Оның әскери шені подполковникке дейін өсті. Таныстарының арасында өзінің лекция оқудың ерекше мәнерімен және Венесуэла үкіметі мен қоғамының сынымен көзге түскен Чавес Венесуэла әскери академиясында түрлі ұстаздық және басқарушылық лауазымдарға қол жеткізді.[12] 1983 жылы Чавес «Революциялық Боливар қозғалысы-200» атты қозғалыс ұйымдастырды. Содан кейінгі уақытта ол Каракаста бірнеше жоғары лауазымды қызметтерді атқарып, бірнеше рет марапатталды.[9]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ O'Shaughnessy, Hugh Venezuela's President Chavez wins hearts and minds in London. The Observer available at Taipei Times (2006-05-22). Тексерілді, 28 желтоқсан 2006.
- ↑ Ellner, Steve. "The 'Radical' Thesis on Globalisation and the Case of Venezuela's Hugo Chavez" Latin American Perspectives, Vol. 29, No. 6, Globalization and Globalism in Latin America and the Caribbean. (Nov., 2002), pp. 88-93. Stable URL.
- ↑ Sign of hope in US-Venezuela ties. BBC News (2006-12-15). Тексерілді, 19 желтоқсан 2006.
- ↑ Ofensiva diplomática de Correa. Al Día (2006-12-28). Тексерілді, 28 желтоқсан 2006. (исп.)
- ↑ Chávez resumes cooperation agenda in South America. El Universal (2006-12-08). Тексерілді, 19 желтоқсан 2006.
- ↑ Padgett, Tim Hugo Chavez: The Radical with Deep Pockets. Time (2005-04-10). Тексерілді, 31 желтоқсан 2006.
- ↑ Padgett, Tim. Hugo Chavez: Leading the Left-Wing Charge (2006-05-08). Тексерілді 26 шілденің 2006.
- ↑ Beaumont, Peter The new kid in the barrio. The Observer (2006-05-07). Тексерілді, 12 ақпан 2008.
- ↑ a b c d Government of Venezuela, Gobierno En Línea (2005). "Presidente Hugo Rafael Chávez Frías", Gobierno En Línea. Accessed 15 маусым 2006. (исп.)
- ↑ Hugo Chávez Venezuela's Redeemer Мұрағатталған 4 ақпанның 2007 жылы. Burt, Jo-Marie & Rosen, Fred: мамыр 2000
- ↑ Martin, Jorge “What is the problem? I am also a Trotskyist!” - Chavez is sworn in as president of Venezuela (2007-01-12). Тексерілді, 22 қараша 2007.
- ↑ Gott, Richard. (The Guardian, 25 тамыз 2005). "Two fingers to America". Retrieved 18 қазан 2005.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |