Физикалық-географиялық белдеулер
Физикалық-географиялық белдеулер, табиғи белдеулер, географиялық белдеулер — физикалық-географиялық аудандастырудың жоғары таксономиялық бірліктері, жылу теңдестігі бойынша азды-көпті ұқсас бірнеше географиялық ауданнан құралады.
В.В.Докучаевтің "жаратылыстық" тарихи аймақтар ұғымына белгілі бір шамада сәйкеседі. Әрбір белдеуге жылулық теңдестіктің көрсеткіштері, ауа массалары айналымының ортақ ерекшеліктері, заттектер айналымының жылдамдығы мен мөлшерлері, топырақ пен өсімдік жамылғысының құрамы, жануарлар дүниесі тән. Арктикалық, субарктикалық, екі (Солтүстік және Оңтүстік жартышарларда) қоңыржай, екі субтропиктік, екі тропиктік, субантарктикалық және антарктикалық белдеулер болып сараланады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау. А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|