Флорида түбегі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Флорида түбегі
Сипаттамасы
Ауданы115 000 км²
Орналасуы
28°00′ с. е. 81°30′ б. б. / 28.000° с. е. 81.500° б. б. / 28.000; -81.500 (G) (O) (Я)Координаттар: 28°00′ с. е. 81°30′ б. б. / 28.000° с. е. 81.500° б. б. / 28.000; -81.500 (G) (O) (Я) (T)
Түбекті шаятын акваторияларМексика шығанағы, Атлант мұхиты
Ел АҚШ
АймақФлорида
Флорида түбегі (Америка Құрама Штаттары)
Флорида түбегі
Флорида түбегі (Флорида)
Флорида түбегі
Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value).

Флорида түбегіСолтүстік Американың оңтүстік-шығысында, Атлант мұхиты мен Мексика шығанағы аралығындағы (АҚШ-тың Флорида) түбек. Аумағы 115 мың км². Жер беті ойпатты жазық. Мексика шығанағы жағасынан шығысқа қарай бірте-бірте көтеріледі. Ең биік жері 100 м-ге де жетпейді. Жазықтың шеттері теңіз астынан таяуда босаған, өте жайдақ. Түбек палеоген мен неогеннің әктастарынан тұрады. Карст құбылысы өте кең тараған. Карст құдығы, үңгірі, жер асты көлдері мен өзендері жиі кездеседі. Климаты мұхиттық, солтүстігінде субтропиктік, оңтүстігінде тропиктік. Ауаның температурасы барлық маусымда жоғары. Қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде 14С-тан оңт-нде 20С-қа дейін, шілденікі 27 — 28,7С.

Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 1000 мм-ден артық, оңтүстік-шығысында 1500 мм. Жауын-шашын көбіне жазда жауады. Ылғалды климат, жер бетінің тегістігі және соған орай судың нашар сарқылуы батпақтардың кең таралуына жағдай жасайды. Көлдері көп, ең ірісі — Окичоби. Өзендері қысқа, бірақ суы мол. Жаздағы нөсер жаңбырларға байланысты апатты тасқындар болады. Өсімдігі солтүстігінде субтропиктік (қарағайдың түрлері, магнолия, ергежейлі пальма), оңтүстігінде тропиктік (пальма, лианалар); батыс жағалауында мангр тоғайлары кең тараған. Климат жағдайлары цитрус дақылдарын өсіруге қолайлы. Оңтүстіндегі орасан зор Эверглейдс батпағында (Эверглейдс ұлттық саябағы) батпақ кипарисі, батпақ қарағайы, қамыс, т.б. өседі. Флорида түбегінің шығыс жағалауында әйгілі Майами курорты бар