Фовизм
Фовизм (фр. fauvіsme, fauve — жабайы, жыртқыш аң) — француздың бейнелеу өнеріндегі ашық бояуды еркін пайдалануымен ерекшеленетін кескіндеме стилі.
20 ғасырдың бас кезінде пайда болды. Оның өмірге келуі В.Ван Гог, П.Сезанн мен П.Гоген сынды көрнекті кескіндемешілер есімімен тығыз байланысты. Фовизм 1905 ж. Париж қ-нда Тәуелсіздер салонында бір топ суретшілер (А.Матисс, А.Марке, Ж.Руо, Р.Дюфи, А.Дерен, М. де Вламинк, Ж.Брак) туындылары көрмесінен басталды; сол кездегі сыншылар осы көрмеге қойылған кескіндеме шығармаларын мысқылдап, оған “жабайылық” деген атау береді. Фовизм ұзақ уақыт өмір сүрмегенімен ол өз дәуірінде бейнелеу өнерінде ықпалды қозғалысқа айналды. Фовизм стилін ұстанушылар түстің еліктеушілік қасиетінен қашып, оның өзіне тән үйлесімділігі мен құндылығын күшейту мақсатын көздеді. Фовизм ағымын қолдаушылар объектіні әркім өзінше қабылдау арқылы бейнелейтін адам мен белгілі бір затты сол қалпында қарабайырлау етіп көрсету, оған қоса шартты түрде сәнді болуы мен пластик.-композиц. шешімінің экспрессиялығына ден қойды. Осы тұрғыдан алып қарағанда олар Сезанн, Гоген, Ван Гог пен Ж. Сера әсерінен алыстай алмады әрі көптеген кескіндемешілер шығарм. үшін Фовизм уақытша кезең болып қалды. Бұлардың қатарынан суретші Матисс қана бояу түсінің ғажайып сұлулығын түйсініп түсінуде өз ізденістерін үнемі, тоқтаусыз жалғастырды. Осынау суретшілер тобы аз ғана уақыт – үш жылдай бірге еңбек еткенімен Францияда олардың жолын қуушы бірқатар кескіндемешілер бой көрсетті; тіпті кезінде Германия (Э.Л. Кирхнер) мен Ресейдегі (В.В. Кандинский, А.Г. Явленский) суретшілер шығарм-на да айтарлықтай ықпал жасады. Ф. кескіндеме өнерінде басқа ағымдарға, соның ішінде неміс экспрессионизміне күшті әсер етті. 1909 жылдан оның орнын жаппай кубизм стилімен әуестенушілік алмастырды.
Көркемсурет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көркемсуреттегі фовизм ашық туспен және жеңілдетілген формасымен сипатталады. Бағыт ретінде тек 1898 - 1908 жылдар аралығында болды.
Фовистерге рух берушілер постимпрессионистер Ван Гог пен Гоген болды. Олар субъективті интенсивті жұмсақ және табиғи, импрессионистерге тән түсті қолданды.Оптикалық түспен толық алшақтаған Матисс, бұл мектептің негізін қалаушы деп есептеледі. Оның суретінде айқындық пен көркемдік беріп тұрса, әйел адамның мұрыны жасыл түспен бейнеленген болуы мүмкін. Матис: «Мен Әйелді емес, суретті саламын» - деген.