Форрест Гамп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Форрест Гамп
Forrest Gump
Фильмнің постері
Жанры

трагикомедия

Режиссёрі

Роберт Земекис

Продюсері

Уенди Файнерман
Стив Тиш
Стив Старки

Сценарийдің авторы

Эрик Рот

Басты рөлдерде

Том Хэнкс
Робин Райт
Гэри Синиз
Майкелти Уильямсон
Салли Филд

Операторы

Дон Берджесс

Композиторы

Алан Сильвестри

Кинокомпания

The Tisch Company

Дистрибьютор

Paramount Pictures

Ұзақтығы

142 минут

Бюджеті

55 миллион $[1]

Кассалық түсімі

683.1 миллион $

Мемлекет

 АҚШ

Тілі

ағылшын

Шыққан жылы

1994

IMDb

ID 0109830

http://www.paramount.com/movies/forrest-gump/

«Форрест Гамп» (ағылш. Forrest Gump) — режиссер Роберт Земекистің тоғызыншы толық метражды фильмі. Уинстон Грумның романы бойынша түсірілген, экрандарға 1994 жылы шықты. Сыншылардың ойынша, режиссердің ең табысты фильмі (38 марапатқа ие, соның ішінде 6 "Оскар сыйлығы" бар.

Фильмнің басты оқиғасы етіп "Форрест Гамп" есімді (ағылшын тілінде "орман ақымағы" деп естіледі) кейіпкер алынған. Ол ойдан шығарылған Гринбоу қаласында, Алабама штатында тұрады. Жарым есті Форрест XX ғасырдың екінші жартысында болған АҚШ-тың ең басты оқиғаларына қатысқан.

Сыншылардың ойы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыншылардың көбісі фильмді дұрыс қабылдады. Оның "Rotten Tomatoes" сайтындағы рейтингі 72%, ал оданда беделді сыншылар арасында 82%. Ықпалды сыншы Роджер Эберт те фильмге жақсы пікір айтты және төрт жұлдыздан төртеуін қойды. Оның айтуынша, "Форрест Гамп" секілді фильмді бұрын-сонды көрмепті. Фильмнің барлығына ұнауы сыншылардың ойынша тікелей оның эмоциялық толықтығына байланысты: фильм көрерменді күйзелуге, қуануға және жылауға мәжбүр етеді. Продюсер Венди Финерман да осымен толықтай келіседі: "Форрест Гамптың балалық пәктігі- бұл бәріміз шыққан мерзім. Бұл эмоциалдық саяхат. Сіз күлесіз және жылайсыз. Фильмнің басты мақсаты- өзіңіздің тірі екендігінізді сезіндіру болса, ол оны толықтай орындады".

Тақырыптары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

АҚШ-тың 60-80 жылдардағы проблемалары, соның ішінде, мысалы, нашақорлық және Вьетнам соғысы, ақкөңіл Форресттің көздерімен көрсетілген. Rolling Stone журналының өкілі Питер Треверстің ойынша, Форрест американдықтардың ең жақсы ұлттық қасиеттерін (адалдық, батырлық және берілгендік) бойына сіңірген кейіпкер. Ал "Washington Post" газетінен Рита Кемпли "Форрест Гампта" осы мінездің бұзылғаны түсірілді деп ойлайды.

2001 жылы Эрик Рот фильмнің сиквелінің сценарийін жазды, бірақ лаңкестік шабуылдардан кейін Рот, Земескис және Том Хэнкс барлығын сол қалпында қалдыру керек деп шешті, себебі дүние өзгерді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]