Хачико: Ең адал дос

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ең адал дос
Hachi: A Dog's Tale
Фильмнің постері
Жанры

драма

Режиссёрі

Лассе Халльстрём

Продюсері

Ричард Гир
Билл Джонсон
Викки Шигекуни Вонг

Сценарийдің авторы

Стивен Линдси

Басты рөлдерде

Ричард Гир
Джоан Аллен
Сара Ремер
Кэри-Хироюки Тагава
Джейсон Александер

Композиторы

Ян Качмарек

Кинокомпания

Stage 6 Films
Inferno Distribution
Hachiko

Ұзақтығы

93 мин.

Бюджеті

16 млн $

Мемлекет

 АҚШ

Тілі

ағылшын

Шыққан жылы

2009

IMDb

ID 1028532

http://www.hatchi.fr/

«Хачико: Ең адал дос» (ағылш. Hachiko: A Dog's Story) — тоғыз жыл бойы қайтыс болған қожайынын күнделікті бір уақытта келіп, станция маңында күтіп жүрген жапондық акита-ину тұқымының иті Хачиконың нақты өміріне негіздеп түсірілген Лассе Халлстрөм көркем фильмі. Бұл фильм 1987 жылы түсірілген жапон фильмінің ремейкі болып саналады.[1] Фильмнің сценарийін жазған Стивен Уэйн Линдси. Басты рольдерде: Ричард Гир, Джоан Аллен және Сара Ремер. Фильмнің тұсаукесері 2009 жылдың сегізінші тамызында Жапонияда өтті.

Фильм желісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Күндердің бір күні университет профессоры Паркер Уилсон вокзалдан Жапониядан Америкаға аттандырылған күшікті тауып алады. Күшіктің артынан ешкім іздеп келмегендіктен, ол оны өзімен қалдыруға мәжбүр болады. Уақыт өте келе күшік пен профессордың арасында берік достық пайда болады. Паркер өзінің жаңа адал досына қатты бауыр басады. Әр күн сайын Хачико қожайыны жұмысқа шыққанда, вокзалға дейін шығарып салып, кешкісін сағат бесте күтіп алатын. Бір күні Паркер жұмысқа аттанарда Хачико оны үйден шығармағысы келгендей, оған үріп бірге вокзалға бармай қояды. Паркер жұмысқа асыққандықтан Хачикосыз вокзалға кетіп қалады. Біраз уақыт өткенен кейін Хачико ауызына допты салып алып профессордың артынан жүгіріп кетеді. Вокзалда ол профессорға жаңағы допты бергенде, Паркер өте қатты қуанады, себебі ол Хачикоға бұл затты көптен бері үйрете алмай жүрген-ді. Вокзалда да Хачико қожайынын жібергісі келмегендей оған үріп қарап тұрады, бірақ Паркер поездге отырып жұмысына кетіп қалады. Сол күні ол өз лекциясында ұстамалы жүрек ауруынан көз жұмады. Қожайынының келуін күткен Хачи, күнделікті станцияға келіп жүреді.[2].

Итті профессордың туысқандары үйлеріне алып кеткендеріне қарамастан, ол әрдайым станцияға қашып кететін. Жергілікті сатушылар және теміржол қызметшілері Хачиді тамақтандырып жүретін. Олар оның табандылығы мен адалдығына таңғала қарайтын. Көп ұзамай ол туралы журналисттер біліп, Хачико баспасөз жұлдызына айналады. Хачико өмірінің соңғы күндеріне дейін күнделікті поездің келісімен станцияға келіп, кеше дейін қожайынының келуін күтетін. Ол сонда да келмейді, бірақ адал дос — Хачико — өз орнын қалдармайды. Ол ит сол станцияда қожайынының келуін күтумен көз жұмады.

Фильмді жарыққа шығаруы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Түсірілім АҚШ штаты Род-Айлендтегі Вунсокет, Бристоль және Кингстаун қалаларында, сондай-ақ Род-Айленд университетінде және Японияда жүргізілді. Әр жастағы Хачиконы үш Акита-ину тұқымының иттері (Чико, Лайла және Форест) және Сиба-ину тұқымының үш күшігі ойнайды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Hachikō Monogatari
  2. Variety — Joan Allen fetches a 'Dog’s' tale