Хлорофитум

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Хлорофитум
Chlorophytum comosum
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Asparagales
Тұқымдасы: Asparagaceae
Кіші тұқымдасы: Agavoideae
Тегі: Chlorophytum
Ker Gawl.
түрлері

200 түрі белгілі

Хлорофитум (лат. Chlorophytum) – қасқыржемдер тұқымдасының агавалар тұқымдас тармағына жататын көпжылдық өсімдік.

Хлорофитум (гүл) – бөлмеде өсетін гүл. Грек тілінен аударғанда «chloros» - жасыл, «phyton» - өсімдік деген мағынаны білдіреді. Отаны – Оңтүстік Африка. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда – Оңтүстік Америка, Африка, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Азия, Австралияда тараған. Хлорофитум тұқымдасына жататын өсімдіктердің 215-ке жуық түрі бар. Жапырақтары қияқ тәріздес, гүлдері ұсақ, төрт күлтелі, ақ түсті болады. Ғалымдар хлорофитумның ауаны формальдегид пен улы тұншықтырғыш газдан жақсы тазартатынын анықтап, бұл гүлді әсіресе ас бөлмесінде өсіру керектігін айтқан. [1]

Өсімдік туралы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Хлорофитум гүлінің атауы грек тілінен аударғанда – жасыл және – өсімдік деген сөздерден шыққан. Отаны – Оңтүстік Африка. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда – Оңтүстік Америка, Африка, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Азия, Австралияда таралған. Хлорофитум тұқымдасына жататын өсімдіктердің 215-ке жуық түрі бар. Әдемілігі – мұртшасы мен нәзік қияқ жапырақтарында. Жапырақтарының түсі түріне байланысты: жай сұрыптары жасыл, қою жасыл болса, сұрыпталған түрлерінің жапырақтары ақала, сарыала болып келеді. Жасыл жапырақтарының ортасында ақ сызық болса, екінші түрінде керісінше ортасында жасыл сызық, ал шеттері ақ немесе сары түсті болып келеді. Ерте көктемде гүлдейді. Гүлдері ұсақ, пішіні лала гүлдікіне ұқсайды, төрт күлтелі, ақ түсті болады. Гүлдері гүлсидамында кезектесіп орналасады. Гүлдеп болған соң, гүлдеген жерлерінен балапандар шығарады. Балапандары біраз уақыттан кейін үлкейіп өсіп, тамырланады. Оны бірден аналығынан бөліп, бөлек түбекке отырғызу керек. Басты ерекшелігі, күтімді көп қажет етпейді, есесіне бөлменің ауасын жақсы тазартады. Ғалымдар хлорофитум өсімдігінің ауаны формальдегид пен улы тұншықтырғыш газдан жақсы тазартатынын анықтап, бұл өсімдікті әсіресе ас бөлмесінде өсіру керектігін айтқан.

Ала жапырақтыларына жарық қажет, көлеңкеде түссізденіп кетеді. Жасыл жапырақтылары көлеңкеде де өсе береді.

Жазда 15-200С, қыста 70С-дан төмен түспегені абзал.

Суғарылуы:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жазда жиірек, қыста сирек суғарылады.

Ылғалдылығы:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құрғақ, ыстық ауада жапырақтарының ұшы қоңырқай тартып, қурап кетеді. Сондықтан су бүркіп тұру қажет.

Қоректендірілуі:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әдемі жапырақтыларға арналған тыңайтқышпен көктемнен күзге дейін екі аптада бір рет қоректендіріп тұрған жөн.

Ауруға сирек шалдығады. Алайда щитовка, өсімдік биті, ақ ұнтақ құртының әсерінен ауруы мүмкін.

Көбейтілуі:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Балапандары және түбін бөлу арқылы көбейтеді.

Хлорофитум туралы тақпақ

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тазартады бөлмені

Шаң-тозаң мен газдардан.

Оны өсірген адамдар

Жаны сергіп, мәз болған.

Күтімі де жеңілдеу,

Өсіруге ыңғайлы.

Ол бар жерде өзіңді

Сезінесің тым жайлы.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Гүлстан» журналы