Циклиофоралар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Циклофлора (грек. cyclіon — шеңбер, дөңгелек және phores — алып жүру) — омыртқасыздар типі. Циклофлора типін 1995 ж. дат ғалымдары Р. Кристенсен мен П. Функ ашты. Қазіргі кезде бұл типтің 2 түрі — симбион пандора (Symbion pandora) және Symbion americanus анықталған. Ол Норвегия омар шаянының ауыз маңындағы қосалқы мүшелерінде тіршілік етіп, ондағы қорек қалдықтарымен қоректенеді. Оның денесінің алдыңғы жағында айналасын ұсақ кірпікшелер қоршап тұратын түтікшесі (шұрығы) болады, ал денесінің артқы шеті табақша тәрізді болып бекиді. Денесінің мөлш. өте ұсақ (350 мкм-дей), дене қуысы болмайды. Ас қорыту жолының пішіні латынның U әрпіне ұқсас, аузы кірпікшелі түтіктің ішінде орналасқан, ал аналь тесігі табақша түбіне бекиді. Аузы мен аналь тесігінің аралығында жүйке клеткаларының шоғыры бар. Циклофлора жынысты да (бүршіктену арқылы), жыныссыз да көбейеді. Норвегия омар шаяны оқтын-оқтын түлеп отыратындықтан, түлеу басталар кезде жыныссыз даралардан аталық және аналық даралар пайда болады. Олардың дене мөлш. 80 мкм-дей, оларда екі тұқым қапшығы мен екі шағылысу мүшесі болады. Ұрықтанған жұмыртқаларынан дамыған дернәсілдер еркін жүзіп жүріп жаңа иесін іздеп табады. Циклофлораны тауып, сипаттама берген Р. Кристенсен оны жаңа тип деп есептегенмен, оның мшанкаларға (қ. Қармалауыштылар) жақын екенін атап көрсетті.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Funch P., Krіstensen R.M., Cyclіophora іs a New Phylum wіth Affіnіtіes to Entoprocta and Entoprocta // Nature, 1995, Vol. 378, 14. P. 711 — 714
  2. Қазақ Энциклопедиясы, 18 том