Челси (футбол клубы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Англия Челси
Толық атауы

«Челси» Футбол клубы (ағл. Chelsea Football Club)

Лақап аттары

The Pensioners (Зейнеткерлер)[1], The Blues (Көктер)[2]

Құрылған жылы

1905

Стадионы

Англия Стэмфорд Бридж, Лондон

Сыйымдылығы

41 841 [3]

Иесі

Америка Құрама Штаттары Тодд Боэли

Президенті

Америка Құрама Штаттары Брюс Бак

Бас жаттықтырушы

Англия Фрэнк Лэмпард

Капитаны

Испания Сезар Аспиликуета

Рейтингі

3-інші орынУЕФА рейтингісі бойынша [4]

Сайты

www.chelseafc.com

Жарыс

Премьер-лига

2019/20

4-ші

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Форма
Резервтік
2018/19

«Челси» (ағылш. Chelsea F.C.; ағылшынша айтылуы: ˈtʃɛlsiː) — Англия чемпионаттарында ойнайтын футбол клубы, Лондонның оңтүстік батысындағы Фулем аймағынан. 1905 жылы құрылған, өз алаңындағы ойындарын "Стэмфорд Бридж" стадионында өткізеді, сыйымдылығы 41 841 адам.

Алты рет Англия чемпионы, сегіз рет Англия кубогы иегері атанды. Англия лига кубогында бес рет топ жарды. 2011/12 жылғы маусымда тұңғыш рет Чемпиондар лигасы жеңімпазы атанды, бұл турнирде топ жарған жалғыз лондондық клуб.

Клуб 1905 жылы құрылды, бірақ 1950 жылдарға дейін бір де бір жүлде ұтып ала алған жоқ. 1954/55 жылғы маусымда бапкер Тед Дрейктің жетекшілігімен тұңғыш рет Англия чемпионы атанды. Осы табыстан соң Чемпиондар лигасының тұңғыш маусымына қатысуға мүмкіндік алды, алайда Англиядағы ішкі турнирдердегі күнтізбенің тым тығыздығынан аталмыш турнирге қатысқан жоқ.

1960 жылдары бапкер Том Дохертидің тұсында "Челси" түрлі турнирлерде фаворит саналды. 1964/65 жылғы маусымда Лига кубогының финалында сүрінді. Үш рет осы турнирдің жартылай финалына жетті.

1970 жылы тұңғыш рет Англия кубогында топ жарды, финалда "Лидс Юнайтедті" тізе бүктірді. Ал келесі жылы Кубок иелері кубогында "Реал Мадридті" ұтып, тұңғыш рет еурокубоктерде топ жарды.

1970-80 жылдардың тоғысында клубтың жағдайы мәз болмады, "Стэмфорд Бридж" аренасын қайта жөндеу қыруар ақшаны талап етті де, бірнеше белді футболшылары сатылды, нәтидесінде команда Англия екінші дивизионына түсіп қалды. 1982/83 жылғы маусымда тіпті үшінші дивизионға түсіп кете жаздады. Бір маусымнан соң екінші дивизионда жеңімпаз атанып, элитаға қайта оралды. 1988 жылы қайта түсіп кетті де, 1989 жылы жазда тағы көтерілді.

Тоқсаныншы жылдардың ортасына таман клуб ақырындап жоғарылай бастады. Бұл кезең әсіресе бапкерлікке Глен Ходдл келген соң басталды. 1993/94 жылы Англия кубогында жеңімпаз атанды. Бұл шарықтау 1998 жылы шыңына шықты: клуб екінші рет УЕФА Кубок иелері кубогында топ жарды.

2003 жылы жазда команданы ресейлік кәсіпкер Роман Абрамович сатып алған соң команда бірден Еуропаның үздік клубтарымен бәсекеле алатындай дәрежеге жетті, команда тізгінін Жозе Моуриньо ұстады. 2004/05 жылы Англия чемпионы атанды, Чемпиондар лигасында жартылай финалға шықты. 2005/06 жылы екінші рет Англия чемпионы атанды, алайда Чемпиондар лигасында болашақ жеңімпаз "Барселонаға" жол берді.

2006/07 жылғы маусымда Чемпиондар лигасында "Ливерпульден" ұтылды. Бір маусымнан соң Жозе Моуриньо қызметтен кетіп, орнына Аврам Грант келді. 2007/08 жылғы маусымда команда тұңғыш рет Чемпиондар лигасының финалына шығып, "Манчестер Юнайтедтен" пенальтилер сериясы арқылы ұтылып қалды.

Сол жылы жазда клубқа бапкер болып әйгілі Луис Фелипе Сколари келді. Алайда 2009 жылы ақпанда ол да қызметтен кетіп, орнына Гуус Хиддинк келді. Маусым қорытындысында "Челси" Англия кубогын ұтумен ғана шектелді. Чемпиондар лигасының жартылай финалында "Барселонаға жол берді.

2009 жылы жазда клубқа бапкер болып Карло Анчелотти келді де, екі маусым атқарды. Бұл аралықта клуб бір рет Англия чемпионы атанды. 2011 жылы португалиялық Андре Виллаш-Боаш келді, ол клубта ұзақ тұрақтамады, 2012 жылдың көктемінде нашар көрсеткіштері үшін қызметтен босады. Орнына клубтың байырғы ойыншысы Роберто ди Маттео бапкер міндетін орындаушы боп тағайындалды. Ди Маттео үш айдан соң клубты тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атандырды. Осы жеңістен соң Ди Маттео клубтың ресми жаттықтырушысы боп бекітілді. Бірақ 2012 жылы қарашада ол қызметтен кетіп, орнына Рафаэль Бенитес келді. Бенитестің тұсында клуб Еуропа лигасында топ жарды (2013).

2014/15 жылы Жозе Моуриньоның бапкерлігімен Англия чемпионы атанды.

2016/17 жылғы маусымда Антонио Контенің бапкерлігімен Англия чемпионы атанды.

2018/19 жылы Маурицио Сарридің бапкерлігімен араға алты жыл салып, УЕФА Еуропа лигасында топ жарды. 2019 жылы жазда бапкерлікке Фрэнк Лэмпард келді. 2021 жылы қаңтарда клуб көрсеткіштері нашарлап кетті де, Лэмпардтың орнына Томас Тухель тағайындалды.

Тамыз, 2021

Қақпашылар Туған күні Азаматтығы
1 Кепа 03.10.1994  Испания
36 Гайбриел Слоннина 15.05.2004  АҚШ
16 Эдуар Менди 01.03.1992  Сенегал
40 Карло Цигер 11.05.2001  Хорватия
Қорғаушылар Туған күні Азаматтығы
2 Марк Кукурелия 03.03.1993  Испания
3 Мало Гюсто 28.12.1990  Франция
26 Калиду Кулибали 20.06.1991  Сенегал
6 Тиаго Силва 22.09.1984  Бразилия
15 Бенуа Бадиашили 26.03.2001  Франция
21 Бен Чилуэлл 21.12.1996  Англия
24 Рис Джеймс 08.12.1999  Англия
28 Сесар Аспиликуэта 28.08.1989  Испания
33 Уэсли Фофона 17.12.2000  Франция
Жартылай қорғаушылар Туған күні Азаматтығы
5 Жоржиньо 20.12.1991  Италия
7 Нголо Канте 29.03.1991  Франция
10 Кристиан Пулишич 18.09.1998  АҚШ
17 Матео Ковачич 06.05.1994  Хорватия
19 Мейсон Маунт 10.01.1999  Англия
20 Рахим Стерлинг 08.12.1994  Англия
22 Хаким Зиеш 19.03.1993  Марокко
24 Энцо Фернандез 17.01.2001  Аргентина
29 Кай Хаверц 11.06.1999  Германия
15 Михаило Мудрик 05.01.2001  Украина
Шабуылшылар Туған күні Азаматтығы
9 Пьер-Эмерик Обамеянг 18.06.1989  Габон
31 Нони Мадуэке 10.03.2002  Англия
18 Давид Дарто Фофона 22.12.2002  Кот-д’Ивуар

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1 дивизион / Премьер-лига
    • Чемпион (6): 1954/55, 2004/05, 2005/06, 2009/10, 2014/15, 2016/17
  • 2 дивизион
    • Чемпион (2): 1983/84, 1988/89
  • Англия кубогы
    • Жеңімпаз (8): 1970, 1997, 2000, 2007, 2009, 2010, 2012, 2018
  • Лига кубогы
    • Жеңімпаз (5): 1965, 1998, 2005, 2007, 2015
  • Суперкубок
    • Жеңімпаз (4): 1955, 2000, 2005, 2009

Халықаралық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Рекордшылары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ардагерлер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ойыншы Кезең Матч Гол
1 Англия Харрис, РонРон Харрис 1961—1980 795 14
2 Англия Бонетти, ПитерПитер Бонетти 1959—1979 729 0
3 Англия Терри, ДжонДжон Терри 1998—2017 717 67
4 Англия Лэмпард, ФрэнкФрэнк Лэмпард 2001—2014 648 211
5 Англия Холлинс, ДжонДжон Холлинс 1963—1984 592 64
6 Англия Чех, ПетрПетр Чех 2004—2015 494 0
7 Англия Уайз, ДеннисДеннис Уайз 1990—2001 445 76
8 Шотландия Кларк, СтивСтив Кларк 1987—1998 421 10
9 Англия Диксон, КерриКерри Диксон 1983—1992 420 193
10 Шотландия Маккриди, ЭддиЭдди Маккриди 1962—1974 410 5

Сұрмергендер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ойыншы Кезең Гол Матч
1 Англия Лэмпард, ФрэнкФрэнк Лэмпард 2001—2014 211 648
2 Англия Тэмблинг, БоббиБобби Тэмблинг 1959—1970 202 370
3 Англия Диксон, КерриКерри Диксон 1983—1992 193 420
4 Англия Дрогба, ДидьеДидье Дрогба 2004—2015 164 381
5 Англия Бентли, РойРой Бентли 1948—1956 592 64
5 Англия Осгуд, ПитерПитер Осгуд 1964—1979 150 368
7 Англия Гривз, ДжиммиДжимми Гривз 1957—1961 132 169
8 Шотландия Миллс, ДжорджДжордж Миллс 1929—1943 125 239
9 Англия Азар, ЭденЭден Азар 1983—1992 110 352
10 Шотландия Хилсдон, ДжорджДжордж Хилсдон 1962—1974 109 164

Жыл ойыншылары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жыл Жеңімпаз
1967 Англия Питер Бонетти
1968 Шотландия Чарли Кук
1969 Англия Дэвид Уебб
1970 Англия Джон Холлинс
1971 Англия Джон Холлинс
1972 Англия Дэвид Уебб
1973 Англия Питер Осгуд
1974 Англия Дэвид Уебб
1975 Шотландия Чарли Кук
1976 Англия Рэй Уилкинс
 
Жыл Жеңімпаз
1977 Англия Рэй Уилкинс
1978 Англия Мики Дрой
1979 Англия Томми Лэнгли
1980 Англия Клайв Уолкер
1981 Югославия Социалистік Федеративтік Республикасы Петар Борота
1982 Англия Майк Филлери
1983 Уэльс Джоуи Джонс
1984 Шотландия Пэт Нэвин
1985 Шотландия Дэвид Спиди
1986 Уэльс Эдвард Недзвецки
 
Жыл Жеңімпаз
1987 Шотландия Пэт Нэвин
1988 Англия Тони Дориго
1989 Англия Грейам Робертс
1990 Нидерланд Кеннет Монку
1991 Ирландия Энди Таунсенд
1992 Англия Пол Эллиотт
1993 Ямайка Фрэнк Синклер
1994 Шотландия Стив Кларк
1995 Норвегия Эрланд Йонсен
1996 Нидерланд Рууд Гуллит
 
Жыл Жеңімпаз
1997 Уэльс Марк Хьюз
1998 Англия Деннис Уайз
1999 Италия Джанфранко Дзола
2000 Англия Деннис Уайз
2001 Англия Джон Терри
2002 Италия Карло Кудичини
2003 Италия Джанфранко Дзола
2004 Англия Фрэнк Лэмпард
2005 Англия Фрэнк Лэмпард
2006 Англия Джон Терри
 
Жыл Жеңімпаз
2007 Гана Майкл Эссьен
2008 Англия Джо Коул
2009 Англия Фрэнк Лэмпард
2010 Кот-д’Ивуар Дидье Дрогба
2011 Чехия Петр Чех
2012 Испания Хуан Мата
2013 Испания Хуан Мата
2014 Бельгия Эден Азар
2015 Бельгия Эден Азар
2016 Бразилия Виллиан

Бас жаттықтырушылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ұлты Аты Жылдары Көрсеткіштері Жеңіске жеткен турнирлер
М Ұ Т Ж СГ ЖГ %
Англия Тэд Дрейк 1952—1961 424 156 103 165 771 772 36,79 1 Бірінші Дивизион жеңімпазы, 1 Англия Суперкубогі
Шотландия Томми Дохерти 1962—1967 302 143 64 95 526 422 47,35 1 Футбол лигасыгының кубогі
Англия Дейв Секстон 1967—1974 373 165 108 100 570 438 44,23 1 Футбол ассоциациясының кубогі, 1 УЕФА кубогінің иегерлерінің кубогі
Англия Джон Нил 1981—1985 204 84 62 58 326 253 41,18 1 Екінші дивизион жеңімпазы
Англия Джон Холлинс 1985—1988 144 56 37 51 196 214 38,89 1 Толық мүшелер кубогі
Англия Бобби Кэмпбелл 1988—1991 161 74 47 40 280 230 45,96 1 Екінші дивизион жеңімпазы, 1 Толық мүшелер кубогі
Нидерланд Рууд Гуллит 1996—1998 82 41 17 24 157 109 50,00 1 Футбол лигасыгының кубогі
Италия Джанлука Виалли 1998—2000 142 75 38 29 222 123 52,82 1 Футбол ассоциациясының кубогі, 1 Футбол лигасыгының кубогі, 1 УЕФА кубогінің иегерлерінің кубогі, 1 Англияның суперкубогі, 1 УЕФА Суперкубогі
Италия Клаудио Раньери 2000—2004 199 107 46 46 358 197 53,77
Португалия Жозе Моуринью 2004—2007 & 2013—2015 321 204 69 48 575 240 63,55 3 Премьер-лиги жеңімпазы, 1 Футбол ассоциациясының кубогі, 3 Футбол лигасыгының кубогі, 1 Англияның суперкубогі
Нидерланд Гус Хиддинк 2009 & 2015—2016 48 26 15 7 92 52 54,16 1 Футбол ассоциациясының кубогі
Италия Карло Анчелотти 2009—2011 109 67 20 22 241 94 61,47 1 Премьер-лиги жеңімпазы, 1 Футбол ассоциациясының кубогі, 1 Англияның суперкубогі
Италия Роберто Ди Маттео 2012 42 24 9 9 91 55 57,14 1 Футбол ассоциациясының кубогі, 1 УЕФА Чемпиондар Лигасы
Испания Рафаэль Бенитес 2012—2013 47 27 11 9 97 49 57,45 1 УЕФА Еуропа Лигасы
Форма
1905-1912
Форма
1912-1959
Форма
1959-60 және 1962-64
Форма
1960-62 және 1964-67
Форма
1967-68 және 1985-93
Форма
1964 жылдан бері

Демеушілер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Басты демеушілер мен форманы дайындаушылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жылдар Форманы дайындаушылар Басты демеушілер
1968-1981 Ұлыбритания Umbro болған жоқ
1981-1983 Франция Le Coq Sportif
1983-1984 БахрейнGulf Air
1984-1986 болған жоқ
1986-1987 Италия Chelsea Collection* Ұлыбритания Grange Farm
Қытай Bai Lin Tea
1987-1993 Ұлыбритания Umbro Америка Құрама Штаттары Commodore
1993-1994 Америка Құрама ШтаттарыAmiga
1994-1997 Америка Құрама Штаттары Coors
1997-2001 Ұлыбритания Autoglass
2001-2005 Біріккен Араб Әмірліктері Fly Emirates
2005-2006 Оңтүстік Корея Samsung Mobile
2006-2008 Германия Adidas
2008-2015 Оңтүстік Корея Samsung
2015-2017 Жапония Yokohama
2017- Америка Құрама Штаттары Nike

Ғаламдық спонсорлар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ғаламдық спонсорлар
Германия Audi — ғаламдық автомобильдік серіктес.
Америка Құрама Штаттары Delta Air Lines — ғаламдық авиатасмалдаушы серіктес.
Ресей Газпром — ғаламдық энергетикалық серіктес.
Тайланд Singha — пиво дайындайтын компания.
Швейцария Sauber F1 Team — Формулы-1 тобы.

Аймақтық спонсорлар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Аймақтық спонсорлар
Ұлыбритания 188BET — букмекерлік контора.
Индонезия Bank Negara Indonesia — ұлттық Индонезия банкі.
Америка Құрама Штаттары EA SPORTS — видеойындарының ресми серіктесі.
Америка Құрама Штаттары Coca-Cola — американдық азықтық компаниясы.
Барбадос Barbados Tourism Authority — туристік компания.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ескірген лақап аты, 1952 жылдан бері қолданыстан шығып келеді; Бұл лақап ат клуб эмблемасындағы сол жылдары (1905-1954) бейнеленген қызыл камзол киген зейнеткер бейнесимен байланысты
  2. Челсидің ресми сайтындағы мақала  (ағыл.). Chelsea FC.
  3. АПЛ нұсқауы 2015/16 (PDF).
  4. УЕФА рейтингі.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]