Шаңкөбелектер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Шаңкөбелектер

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Буынаяқтылар
Табы: Жәндіктер
Сабы: Тор қанаттылар
Кіші сабы: Hemerobiiformia
Ұлы тұқымдасы: Chrysopoidea
Тұқымдасы: Chrysopidae
Subfamilies

Apochrysinae
Chrysopinae
Nothochrysinae

Шаңкөбелектер немесе Алтынкөзділер (лат. Chrysopidae) — жәндіктердің тор қанаттылар тұқымдастары.

Олардың дене тұрқы аса үлкен емес. Қанат құлашы 40 мм, көзі шығынқы, алтын түсті. 800 - дей түрі белгілі, олардың 40-тайы ТМД да кездеседі. Ересектері мен дернәсілдері жыртқыштар, бітелермен және сымырлармен қоректенеді. Жұмыртқаларын жапыраққа бітелерге жақын салады.[1]

Көздері үлкен әрі сыртқа қарай дөңестеліп айқын байқалады және көздері алтын түстес болып жарқырап тұруына байланысты Алтынкөзділер деп аталған. Алтынкөзділердің ересектері де, дернәсілдері де жыртқыш. Ересектері көбіне ашық жасыл түсті. Екі жұп қанаттарын жайған кездегі ұзындығы 40 мм-ге жетеді. Қанаттары жұқа, мөлдір, ондағы жіп тәрізді жүйкелер торланып жатады. Екі жұп қанаттары да жақсы жетілген. Бір жұп мұртшалары ұзынша жіп пішінді. Ауыз аппараты сорғыш. Жұмыртқаларын жапырақтарға топ-тобымен бекітіп қояды. Алтынкөзділерді көбіне ормандар мен бақтардағы ағаш жапырақтарынан жиі кездестіруге болады. Дүние жүзінде Алтынкөзділердің 800-дей түрі белгілі және олар Антарктидадан басқа барлық құрлықта кездеседі. Қазақстанда көбірек кездесетін түрі – кәдімгі алтынкөз. Оның дене тұрқы 1 см, қанаттары жылтыр әрі нәзік, үлбіреген өте жұқа. Ол күндіз көп ұшпайды, тиіп кетсең жағымсыз иіс шығарады. Жұмыртқалардан дамыған дернәсілдерінің жақтары ұзын әрі орақ тәрізді иілген үшкір келеді. Дернәсілдері ақ пілләға оранып, қуыршаққа айналады. Алтынкөзділердің көп түрлері толық зерттелмеген.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  2. Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;