Шулығаштар тұқымдасы
Шулығаштар тұқымдастары | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
Тұқымдас тармақтары: | ||||||||||
|
Шулығаштар тұқымдасы (лат. Apodidae) – Ұзынқанаттылар отрядының 19[1] туысты біріктіретін құстар тұқымдасы.
Шулығаштар тұқымдастарының құстары көбіне шағын денелі (520 г), жабын қауырсындары тығыз, орақ тәрізді ұзын қанатты және қысқа, әлсіз аяқты құстар. Құйрығы қысқа, ұшы айыр немесе тегіс қиылған. Едәуір үлкен көзі бастың екі жағында орналасқан және алды-артынан, үстінен үлкен жылдамдықпен келе жатқанда бунақденелілермен қақтығысудан қорғайтын қатқыл қауырсындармен бүркелген. Тұмсығы қысқа, аузы үлкен. Температура төмендеген кезде биохимиялық үдерістер тежеледі де, естен танып қалуы мүмкін.
Шулығаштар тұқымдасында 55-ке жуық түрлері бар. Қазақстанда екі туыстан төрт түрі кездеседі, бірақ қалған түрлері сирек кездесуі мүмкін.[2]
Туыстары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шулығаштар тұқымдасы 2 тармаққа бөлінген 19[3] туысты біріктіреді:
- Apodinae тұқымдас тармағы
- Aeronautes
- Apus
- Chaetura
- Collocalia
- Cypsiurus
- Hirundapus
- Hydrochous
- Mearnsia
- Neafrapus
- Panyptila
- Rhaphidura
- Schoutedenapus
- Tachornis
- Tachymarptis
- Telacanthura
- Zoonavena
- Cypseloidinae тұқымдас тармағы
- Cypseloides
- Streptoprocne