Шындық (философия)
Шындық (reality) — бақылаушы адам үшін нақты бар екендігі күмәнсіз заттар мен істер, оқиғалар мен құбылыстарды білдіретін философиялық категория; факт; объективті әлемнің түрлі шынайы көрінісі. Шындықты дұрыс тану ақиқат делінеді.
Шындық объективті (зат) және субъективті (сана-сезім) болып екіге бөлінеді.
Философияда "Шындық" термині екі мағынада қолданылады:
- әлемдегі барлық бар нақты заттар; материялды әлем; "барлығы", бәрі;
- объективті шындық; материяның өзі мен оның түр өзгерістері. Шындық бұл жерде субъективті шындыққа, яғни сана мен сезімге қарама-қарсы қойылған.
Болмыс шындық ретінде философияның онтология бөлімінде, және метафизика тармағында қарастырылады.
Қатысты ұғымдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақиқат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Негізгі мақала: Ақиқат
Таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды.
Факт — әр уақытта әлдебір айтылымның растығына кепіл болатын шындық. Пролог тілінде қарастырылады.
Шынымен болған, ойдан шығарылмаған оқиға, жағдай, құбылыс; берік тағайындалған білім; қандай да бір болжамды тексеру болып табылатын қандай да бір қорытынды, түйін үшін қызмет ететін тәжірибедегі мәліметтер.
Объективті тіршілік ететін шындық, нақтылық.
Дүниетаным
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Негізгі мақала: Дүниетаным
Дүниетаным - адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем.
Болмыс пен Шындық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шындық болмыс түсінігімен тығыз байланысты:
Шындық кең мағынада бірнеше шындықты білдірген кезде, болмыс шынайылық түрлерінің жиынтығы болады. Мысалға: субъективті, объективті, виртуалды шынайылықтардың жиынтығын біз болмыс деп айта аламыз.
Шындық ирреалдылық пен сюрреалдылық бірге болмыстың үзіндісіне айналады.
Болмыс керісінше шындықтың бір бөлшегі бола алады. Экзистенциализмде болмыс тек адамда ғана болады, адам шынайылықтың ішінде, яғни болмыс пен адам шынайылықтың бөлігі.
Шындық түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Негізгі мақала: Табиғат
Материалды әлем. Табиғат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар.
Әлеуметтік шындық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әлеуметтік әлем шындығы. Әлеуметтік шындық биологиялық, когнитивті және жеке тұлғалық шынайылықтан бөлек, қоғамда тұрақталған үрдістерге (тенденция) негізделеді.
Виртуалды шындық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі мақала: Виртуалды шындық
Виртуалды шындық — компьютерлік техниканың негізінде кеңістіктік-уақыттық континиумды адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты — қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру нәтижесі. Виртуалды шындық сөздің тар мағынасында «электронды көзәйнек» киіп алғаннан кейін пайда болатын ойындық немесе техникалық қажетті жасанды шындыққа жатады. Сөздің кең мағынасында виртуалды шындық — бұл сананың кез келген өзгертілген түрлері: жүйкелік шатасу, наркотиктік немесе шараптық мас болу, гипноздық қалып, наркоз, ұзақ уақыт тар кеңістікте қалған адамдардағы психикалық өзгерістер.
Қосалқы шындық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |