Экуменизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Экуменизм (гр. οἰκουμένη, oikumene - әлем, дүние) — 1) христиан шіркеулерінің бірлесуін қолдайтын қозғалыс; 2) христиандық және бірқатар христиандық емес бірлестіктер мен ұйымдар арасында қазіргі заманның ғаламдық мәселелерінің шешімін табуда ортақ көзқарасқа келу, ортақ діни-саяси және әлеуметтік діни акциялар (бейбітшілік үшін дұға оқу, адамзаттың құтқарылуы үшін сыйыну және т.б.) ұйымдастыру мақсатында дінаралық диалогтың дамуын қолдайтын қозғалыс; 3) христиандық емес діни ұйымдардың ортақ дінаралық акциялары.

Экуменизм идеолоғиясының негізінде адамзаттың бірлігі және оның жаһандану жағдайындағы ортақ тағдыры, шіркеулер мен діндердің арасында өзара түсіністік орнату қажеттігі, адамзат басына төнген қауіп-қатерлердің алдын алуда ортақ әрекеттерге бару туралы көзқарастар жатыр.
II дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін БҰҰ-ның қүрылуымен алдымен христиандық экуменистік қозғалыстың идеялық және ұйымдастырушылық алғышарттары пайда болды. Оның құралы – 1948 ж. Амстердамда үш христиан қозғалысының («Сенім және тәртіп», «Өмір және қызмет», Халықаралық миссионерлік кеңес) жұмылуы нәтижесінде пайда болған Бүкіләлемдік шіркеулер кеңесі (БШК).
Бастапқыда БШК қызметі барлық жалпыадамзатқа және жалпыхристиандарға қатысты мәселелер толғандыратын христиандық шіркеулер мен ұйымдарға ашық ұйым ретінде қүрыл¬ды. Алайда, қырғи-қабақ соғыс жылдарында Орыс православиелік Шіркеуі және бірқатар Шығыс Еуропа шіркеулері бұл қозғалысқа қатысудан бас тартты және 1961 ж. хрущевтік «жынымық» кезінде қайта қабысты. Осы кездері коммунистік елдердегі православиелік шіркеулердің БПӀК-ке қатысуы өз шіркеулерін жабылудан сақтап қалудан, тоталитарлық жүйенің қыспағына төтеп беруге көп жәрдемін тигізді, өйткені бұл ұйым көбіне әлемдік санаға ықпал етерлік шараларды ұйымдастыратын еді.

Өз кезегінде Рим-католиктік шіркеуі – орталықтандырылған христиандық ұйымдардың ең тармақталған, ірісі - басым бөлігінде протестанттық шіркеулер мен қозғалыстар үстемдік еткен БШК-ке қатысты ойын ашық айтуға асықпады. Нәтижесінде Ватикан БШК форумдарының жұмысына бақылаушы ретінде қатысты.

БШК құжаттары адамзаттың ғалам¬дық мәселелерін діни-этикалық түрғыдан қарастырады: бейбітшілік және қарусыздану, экология, әлеуметтік және ғылыми-техникалық тәртіптің өзара әрекет үрдісі, жаңа экономикалық және ақпараттық тәртіптің орнығу салдары, діни «ғаламшарлық» сананы қалыптастыру шарттары, замандастардың келешек үрпақ алдындағы жауапкершілігін сезіндіру, ядролық қарусыз және жаппай қырып-жою құралдарынсыз, зорлық-зомбылықсыз әлем орнату және т.б.

2001 ж. сәуірінде Еуропа шіркеулері Конференциясы мен Еуропалық епископтық конфереңиялар Кеңесі Еуропалық экуменистік Хартия қабылдады. Оның ережелерінің арасында Еуропадағы ықпалдастық процестеріне, өмірдің барлық салаларында әйелдерге ер¬лермен тең қүқық беруге жәрдемдесу, экономикалық қозғалыстарға қатысу, антисемитизмге қарсы тұру, басқа діндермен, оның ішінде исламмен диа¬лог орнату қарастырылған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3