Эммануил Валлерстайн
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Эммануил Морис Валлерстайн (ағылш. Immanuel Maurice Wallerstein; 28 қыркүйек 1930 жыл - 31 тамыз 2019 жыл) — өзінің жүйелік сараптау әлемі теориясында әлемдік капиталистік экономиканың негізгі сипаттарын жасады:
- Капиталдың үздіксіз жинақталуы - оның қозғаушы күші.
- Капиталдың жинақталуы орталық-перифирия сызығы бойынша бөлінуге сәйкес кеңістікте сараланған.
- Ақысы төленбеген еңбек елемдік капиталистік экономика өмірінде үлкен рөл атқарады.
- Капиталистік әлем-жүйе халықаралық жүйемен қарым-қатынаста болады.
- Қазіргі әлемдік экономиканың қайнар көзі XVI ғасырда жатыр
- Географиялық жағынан ол Еуропада басталып, кейін бүкіл әлемге тарады.
- Дербес мемлекеттер гегемондар болады.
- Мемлекеттер, этникалық топтар мен шаруашылықтар ұдайы пайда болып, қайта жаңғырып отырады.
- Жүйені бір мезгілде күйзелтетін және қолдап отыратын жүйеге қарсы қозғалыстар болады.
- Нәсілшілдік пен сексизм іргелі, ұйымдастырушы және тәртіпке келтіруші принциптер болып табылады.
- Әлем-жүйе өмірі орта мерзімді тізбекті ырғақпен, сондай-ақ ұзақ ғасырлық үрдістермен белгіленген.
Жаһандану сараптамасының ең маңызды қағидалары ретінде Валлерстайн мыналарды бөліп көрсетеді:
- Жаһандану процесі модернизациямен қатар жүреді. Оған мемлекеттер арасындағы интернационалдық байланыстардың "экономикалық жүйелеу процесі" мен сананың жаһандық мәдениетінің пайда болуы кіреді.
- Жаһандануға планетада бар барлық жеке-дара байланыстардың жүйелі өзара іс-әрекеті кіреді.
- Кеңістік тарылып, уақыттық айырмашылықтар азайды. Жаһандық өзгерістерге кеңістіктің феноменологиялық қашықтауы мен уақыттың жинақталуы кіреді.
- Планетаны мекендеушілер әлемге біртұтас нәрсе ретінде қарады.
- Әмбебаптылық пен саяси бейтараптық ендігі жерде ескірді.
- Тәуекел мен сенім жаһандық деңгейде кеңейді.
- Жаһандану — әлеуметтік өмірдің, әлеуметтік жүйенің прогрессивті мәдениеттендірілуінің бір қыры.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |