Эрос

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Эрос (көне грекше: Ἔρως, тағы да Эрот, Амур, римдіктерде Купидон) — ежелгі грек мифологиясында махаббат Құдайы, осы жерде ұрпақ қалдыру үшін жасалатын рәсімнің тірі бет-бердесі.

Басты мифтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Эрот – Құдайларды некелік жұпқа байланыстыратын, бүкіләлемдік Құдай. Хаос (қараңғы түнек) пен жарық күннің немесе Аспан мен Жердің баласы деп саналады. Ол адам мен Құдайлардың жүректері мен еркіндігімен басқарады, сыртқы табиғаты мен адмгершілік әлеміне қожалық етеді. Табиғат құбылысына келетін болсақ, ол жерді көктететін және жаңа өмірді болмысқа алып келетін, есіркеуші көктем Құдайы деп саналады. Оны қанаты бар, әдемі бала деп ойлаған, ерте кезде – лира мен гүлі бар, одан ертеректе махаббат жебелерімен немесе жанып тұрған алаумен.

Феспияларда, гимнастикалық және музыкалық жарыстармен жүргізілетін, әр төрт жылда Эросқа арналған мереке жасайды – Эротидии. Бұдан басқа да, Эрос бозбалалар мен бойжеткендерді қосатын, махаббат пен достықтың Құдайы ретінде гимназиялар мен мектептерде табынушылықты пайдаланған. Гимназияларда, Эростың ескерткіштерін, Гермес пен Гераклдың бейнесінің жанына қойған. Спартандықтар мен криттер, соғыс алдында Эросқа құрбан шалып әкелетін. Оның құрбан шалатын орны, гимназиялар мен мектептердің кіреберісінде орналасқан.

  • Эрот // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.