Этногеография
Этногеография (грек. ethnos – тайпа, geo – жер, grapho – жазамын, сызамын, сурет саламын) – этнология мен география ғылымдарының тоғысындағы ғылым. Этногеография этн. топтардың қалыптасуы мен қоныстану және қоныс аудару заңдылықтарын, олардың шаруашылығы мен тұрмысына, заттай мәдениетіне табиғи ортаның тигізетін әсерін, халықтардың киімдері мен тұрақ-жай ерекшеліктерін зерттейді. Сондай-ақ тарихи дәуірлер мен жыл мезгілдеріне қарай, тұрмыс және жол-қатынас мүмкіндіктерін ғыл. тұрғыдан анықтайды. Этногеография 20 ғ-дың 2-жартысында ғыл. пән ретінде қалыптаса бастады. Өз зерттеулерінде де тарихи пәндердің әдістемесімен қатар, жаратылыстану ғылымдарының әдістерін пайдалана береді. Ежелгі дәуірлердегі көрсетілген сауалдарды шешуде деректанулық талдау кеңінен жүргізіледі.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]<references>
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том