Югославия Ұлттық футбол құрамасы
Югославия Ұлттық футбол құрамасы | |||
Логотип | |||
Лақап аты |
Көктер | ||
---|---|---|---|
Конфедерация | |||
Федерация | |||
Ең көп ойын саны |
Драган Джаич (85) | ||
Үздік бомбардир |
Степан Бобек (38) | ||
| |||
Чехословакия 7 : 0 КСХС | |||
Ең ірі жеңіс | |||
Югославия 10 : 1 Үндістан | |||
Чехословакия 7 : 0 КСХС | |||
Югославия Ұлттық футбол құрама командасы — 1920-2003 жылдары халықаралық футбол жарыстарында Югославияның намысын қорғаған құрама. Әлем чемпионаттарында екі рет жартылай финалға жеткен (1930, 1962). Еуропа чемпионаттарында екі рет күміс жүлдені иемденген (1960, 1968). Дәл қазір заңды мұрагері ретінде Сербия құрамасы есептеледі.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1930 жылы Уругвайда өткен әлем чемпионатына қатысқан 13 құраманың, Еуропадан барған төрт құраманың бірі. Алғашқы ойында-ақ Бразилияны ұтып, елді таңғалдырды. Бошко Симоновичтің шәкірттері келесі ойында Боливияны ірі есеппен ойсыратып, жартылай финалға шықты. Бірақ жартылай финалда алаң иелерінен 1:6 есебімен ұтылып қалды.
Мұнан соң құрама көпке дейін әлем чемпионаттарында жарқырай алмады, есесіне қатарынан үш бірдей жазғы Олимпиада ойындарында финалға шықты. Оған қоса 1960 жылғы тұңғыш Еуропа чемпионатында да финалда КСРО-дан 1:2 есебімен ұтылып қалды. 1962 жылы Чилиде өткен әлем чемпионатында жартылай финалға дейін жетті. Бірақ өз көршілері Чехословакиядан ұтылып қалды. Арада алты жыл өткен соң Еуропа чемпионатының финалында Италиямен кездесті. Әуелгі ойын 1:1 есеміне тең аяқталды да, екі күннен соңғы қайталау матчта Италия жеңіске жетті.
Әлем Чемпионатына Югославия деген атпен соңғы рет 1998 жылы қатысып, 1/8 финалға дейін жетті. 2000 жылы Еуропа чемпионатында топтық турнирде Словения, Норвегия, Испания құрамаларымен бір топқа түсіп, екінші орынмен 1/4 финалға шықты. 1/4 финалда алаң иелерінің бірі Нидерланд құрамасынан 1:6 есеімен ойсырай ұтылды. Бұл чемпионатта югослав футболшысы Саво Милошевич 5 гол соғып, Клюйвертпен бірге турнирдің басты мергендерінің бірі болды.
1991 жылы мемлекет тарап кетті. Бірақ 2003 жылға дейін Югославия деген атпен түрлі турнирге қатысып жүрді. Кейін 2003 жылы Сербия және Черногория боп ауысты, ал 2006 жылғы әлем чемпионатынан кейін Сербия мен Черногория өз алдарына бөлініп кетті.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Олимпиада чемпионы 1960 года
- Әлем Чемпионатының жартылай финалисі - 1930
- Әлем чепионатында-ші орын - 1962
- Еуропаның күміс жүлдегері: 1960, 1968
Атақты футболшылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Сафет Сушич
- Фарук Хаджибегич
- Анте Жанетич
- Йосип Скоблар
- Томислав Ивкович
- Звонимир Бобан
- Роберт Просинечки
- Златко Чайковский
- Иван Хорват
- Илия Пантелич
- Драган Джаич
- Дражан Еркович
Әлем чемпионаттарында гол соққандар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ойыншы | Гол | 1930 | 1950 | 1954 | 1958 | 1962 | 1974 | 1982 | 1990 | 1998 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Дражан Еркович | 4 | 4 | ||||||||
Иван Бек | 3 | 3 | ||||||||
Душан Баевич | 3 | 3 | ||||||||
Драган Стойкович | 3 | 2 | 1 | |||||||
Тодор Веселинович | 3 | 3 | ||||||||
Желько Чайковски | 2 | 2 | ||||||||
Милан Галич | 2 | 2 | ||||||||
Давор Йозич | 2 | 2 | ||||||||
Станислав Караси | 2 | 2 | ||||||||
Слободан Комленович | 2 | 2 | ||||||||
Дарко Панчев | 2 | 2 | ||||||||
Александар Петакович | 2 | 2 | ||||||||
Ивица Шуряк | 2 | 2 | ||||||||
Коста Томашевич | 2 | 2 | ||||||||
Джордже Вуядинович | 2 | 2 | ||||||||
Степан Бобек | 1 | 1 | ||||||||
Владислав Богичевич | 1 | 1 | ||||||||
Драган Джаич | 1 | 1 | ||||||||
Иван Гудель | 1 | 1 | ||||||||
Йосип Каталинский | 1 | 1 | ||||||||
Благое Марьянович | 1 | 1 | ||||||||
Синиша Михайлович | 1 | 1 | ||||||||
Предраг Миятович | 1 | 1 | ||||||||
Милош Милутинович | 1 | 1 | ||||||||
Войслав Мелич | 1 | 1 | ||||||||
Райко Митич | 1 | 1 | ||||||||
Бранко Облак | 1 | 1 | ||||||||
Тихомир Огнянов | 1 | 1 | ||||||||
Радивое Огнятович | 1 | 1 | ||||||||
Илия Петкович | 1 | 1 | ||||||||
Владимир Петрович | 1 | 1 | ||||||||
Роберт Просинечки | 1 | 1 | ||||||||
Петар Радакович | 1 | 1 | ||||||||
Здравко Райков | 1 | 1 | ||||||||
Йосип Скоблар | 1 | 1 | ||||||||
Сафет Сушич | 1 | 1 | ||||||||
Александар Тирнанич | 1 | 1 | ||||||||
Бранко Зебец | 1 | 1 | ||||||||
Барлығы | 60 | 7 | 7 | 2 | 7 | 10 | 12 | 2 | 8 | 5 |
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Сербия және Черногория Ұлттық футбол құрамасы
- Сербия Ұлттық футбол құрамасы
- Хорватия Ұлттық футбол құрамасы
- Словения Ұлттық футбол құрамасы
- Солитүстік Македония Ұлттық футбол құрамасы
- Черногория Ұлттық футбол құрамасы
- Босния және Герцеговина Ұлттық футбол құрамасы
- Косово Ұлттық футбол құрамасы
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ұлы құрамалар: Шығыс Еуропа құрамалары. «Футбол». (орыс тілінде) — 2009. — № 11 (47). — С. 13-20.
|