Қазанақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазанақ
Rhododendron neoglandulosum (Ledum glandulosum)
Rhododendron neoglandulosum (Ledum glandulosum)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Ericales
Тұқымдасы: Ericaceae
Тегі: Rhododendron
Кіші тегі: Rhododendron
Тарауы: Rhododendron

8 түрі белгілі

Қазанақ (лат. Rhododendron subsect. Ledum) – көкбұта тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, ащы иісі бар бұта. Сол түстік жарты шардың салқын және қоңыржай белдемдерінде кездесетін 10 түрі белгілі. Жалпы, ол жылдың төрт мезгілінде де көкпеңбек болып тұратын, биіктігі бір метрге жететін, күшті иісті, көп жылдық, версен тұқымдас өсімдік. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, сопақша, ұш жағы сүйір, беті жылтыр, күндіз күнге шағылысып тұрады. Гүлдері – ақ, кейбіреулері қызғылт түсті, олар ірілеу болады.

Табиғатта таралуы.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұлар шымтезекті батпақтарда, ылғалы мол орманды жерлерде өседі.Негізінен Қазақстанның солтүстік облыстарының батпақты ормандарында, далалы аймақтарында, тау етектерінде, өзен жағалауларында, батпақты саздарда өседі. Дәрілік шикізат ретінде тамыз – қыркүйек айларында өсімдіктің жапырақтары мен жас, майда бұтақшалары жиналып, көлеңкеде аса құрғатылмай кептіріледі. Дайындалған шикізат қағаздан, фанерден жасалған ыдыстарға салынады да, беті жақсылап жабылып, құрғақ орындарды сақталады Ал, Қазақстанда тек Алтай тауларының мүкті-батпақты жерлерінде, ылғалы мол қылқанды ормандарда өсетін – саз Қазанақы ([Ledum palustre) бар. Оның биіктігі 40 – 100 см (кейде 125), қоңыр көк қабықты. Жас бұтақшаларын қалың безді түк басқан. Ұзынша келген жапырақтары сабаққа кезектесе орналасады. Ұсақ гүлдері ақ, кейде қызғылт түсті болады, олар бұтақтарының ұшына шоқталып, шоғырланып өседі. Мамыршілде айларында гүлдеп, шілдетамызда жемісі піседі. Жемісі – сопақша келген қауашақ, оның сыртын безді түк басқан. Тұқымы ұсақ келеді.

Химиялық құрамы.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өсімдіктің дәрілік шикізатының құрамында 0,3 – 1,5 пайыз шамасында эфир майлары бар, ал осы эфир майларының өзі ледол терпенінен, көмірсудан құралады. Өсімдіктің құрамында арбутин глюкозиді, илік заттар бар. Өткір иісі, дәмінің ащылығы осы эфир майларының болуына байланысты.

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазанақтың шөбінен жасалған препаратты басқа да дәрілік өсімдіктермен қосып, бронх (қолқа) демікпесін, көкжөтелді, шеменді және ревматизм ауруларын емдеуге қолданады. Қазанақ жапырақтарының ұнтағын немесе бұтақтарын киім арасына салып қойса, күйе түспейді.
Мал дәрігерлігі пратикасында бұл өсімдік өкпе туберкулезін емдеуге, өңештің қабынған кезінде қақырық түсір үшін, демікпені ( астама ) емдеу үшін, тыныс алуды жақсарту үшін қолданылады.

Дәрілік шикізаттың 40 грамы қайнап тұрған бір литр суға салынып, 15 – 20 минут тұндыралыда. Онан кейін салқындатылып, дәкемен сүзіледі.Ірі қараға – 100 – 150 мл, бұзау мен құлынға – 50 -100 мл, қойға – 30 – 70 мл, қозыға – 5 -15 мл мөлшерінде күніне 2 – 3 рет ішкізіледі. Малды емдеу барысында оның жалпы күйін, жүріс – тұрысын, азық жеуін қадағалау керек. Себебі өсімдік улы болып саналады. Сондықтан дәріні беру мөлшерін анықтаған кезде малдың жасын, тірілей салмағын, қоңдылығын, жалпы күйін ескеру қажет. [1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Энциклопедиясы


Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Дәрілік жалбыз тікен — "Қайнар", 1988. — Б. 149-150. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.