Қазақстандағы допты хоккей
Қазақстандағы допты хоккей, XX ғасырдың 50-ші жылдарында Оралда, Сібірде, Қиыр Шығыста және Қазақстанда хоккей клубтары пайда болды. Көптеген қалалардың командалары КСРО чемпионатында өнер корсету құқығына ие болып, солардың арасында Алматының "Динамосы" бірнеше рет КСРО-ның чемпионы атанды. Допты хоккейдің дамуына байланысты ойынның әдістері мен тәсілі өзгерді, дами түсті. Мұз айдынында Л. Алешин, П. Марков, X. Абузаров, Г. Петров, Г. Батырбаев, Н. Васин, қаласы Байболов, В. Болотов, М. Кузнецов, 111. Хасанов сияқты және т. б. талантты жастар көрінді. 1956 ж. Апматының "Буревестник" хоккей к-дан КСРО чемпионатының жоғарғы тобында ойнайтын болды. Кейін "Б" Алматының "Динамо" командасына айналды. Олар 20 жыл бойы КСРО-дағы күшті ұйымдардың біріне айналды. Э. Айрих пен қаласы Байболов сынды білікті мамандар 1977 ж. оларды КСРО чемпионы атағына дейін көтерді. Бұған қоса олар КСРО чемпионаттарының 6 рет күміс, 5 рет қола медальдарына ие болды. 1977-78 жылдары "Д" Еуропа чемпиондарының кубогін иеленді. Эр кезде "Д"- ның сапында В. Бочков, Я. Апельганец, А. Ионкин, Ю. Барзин, A. Алешин, В. Илбин, Е. Агуреев, М. Жексенбеков сияқты белгілі хоккейшілер өнер көрсетті. "Д"-ның В. Бочков, Л. Лобачев, B.Панев сынды ойыншылары КСРО құрамасының сапында Әлем чемпионы атанды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның допты хоккейшілері халықаралық жарыстарда өнер көрсете бастады. 2004 ж. республиканың құрама командасы Норвегияда өткен Әлем чемпионатында 4-ші орынға ие болды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |