Қазақстанның ордендері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қазақстан Республикасының ордендері, құрмет атақтары мен медальдар жүйесі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 заңынан бастау алады. Марапаттар уақыт өте келе өзгертіліп, толықтырылды.

Ең жоғарғы дәрежелi ерекшелiк белгiлерi

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Марапат Аты Бекітілген күні Үшін беріледі

Алтын Қыран ордені 12 желтоқсан 1995 жыл Қазақстан Республикасына ерекше мемлекеттік қызметі үшін марапатталады.[1]
"Hero of Labour of the Russian Federation"
"Hero of Labour of the Russian Federation"

Халық қаһарманы 12 желтоқсан 1995 жыл Қазақстан Республикасына сiңiрген аса үздiк еңбегi, оның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы жауынгерлiк ерлiктерi үшiн берiледi.[1]

Қазақстанның Еңбек Ері 8 желтоқсан 1995 жыл Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін беріледі.[1]
Марапат Аты Бекітілген күні Үшін беріледі

Отан ордені 1993 Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі, әлеуметтік саланы, ғылым және мәдениетті дамытудағы, мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметтегі, демократия және әлеуметтік алға басуды дамытудағы ерекше қызметтері үшін азаматтар марапатталады.[1]

Назарбаев ордені 1 қаңтар 2001 ҚР қалыптасу, гүлдену және даңқты болуына жағдай жасайтын мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі ерекше еңбегі үшін марапатталады. ҚР ерекше еңбегі үшін шетелдік мемлекеттердің үкіметтерінің басшылары және жетекшілері марапатталуы мүмкін.[1]

I дәрежелі Барыс ордені 1999 Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен егемендігін нығайтқаны; бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз еткені; мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте; халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға; ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға; мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытқаны үшін беріледі.

II дәрежелі Барыс ордені 1999 Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен егемендігін нығайтқаны; бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз еткені; мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте; халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға; ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға; мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытқаны үшін беріледі.

III дәрежелі Барыс ордені 1999 Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен егемендігін нығайтқаны; бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз еткені; мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте; халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға; ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға; мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытқаны үшін беріледі.

I дәрежелі Даңқ ордені 1996 ҚК жоғары офицерлік құрамына, басқа әскерлерге және әскери құрылымдарға, сондай-ақ арнайы мемлекеттік органдарға, прокуратура , ұлттық қауіпсіздік, ҚР ішкі істер органдарындағы адамдарға:

басшылық ісіндегі жетістіктер және әскерді басқару, әскерлердің жоғары дайындығы және елдің қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету;

әскери, шекаралық және ішкі қызметті жақсы ұйымдастырғаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті қорғау және заңдылықты нығайту үшін қосқан еңбегіне беріледі.[1]


II дәрежелі Даңқ ордені 1996 ҚК жоғары офицерлік құрамына, басқа әскерлерге және әскери құрылымдарға, сондай-ақ арнайы мемлекеттік органдарға, прокуратура , ұлттық қауіпсіздік, ҚР ішкі істер органдарындағы адамдарға:

басшылық ісіндегі жетістіктер және әскерді басқару, әскерлердің жоғары дайындығы және елдің қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету; әскери, шекаралық және ішкі қызметті жақсы ұйымдастырғаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті қорғау және заңдылықты нығайту үшін қосқан еңбегіне беріледі.[1]


I дәрежелі Айбын ордені 1995 І және ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен кіші және аға офицерлік құрамдардың тұлғалары марапатталады.

заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі, жаңа әскери техниканы игерудегі және әскерлердің жоғары әскери дайындығын қолдаудағы, әскери дайындықта қол жеткізген жетістіктері үшін;

әскери және қызметтік парызды орындауда көрінген жанкештілік және қаһармандық, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қорғаудағы жасалған ерліктері үшін ӘҚ әскери қызметкерлері, басқа әскерлер және арнайы мемлекеттік органдардың, прокуратура органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдары, ҚР ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталады.


II дәрежелі Айбын ордені 1995 І және ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен кіші және аға офицерлік құрамдардың тұлғалары марапатталады.

заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі, жаңа әскери техниканы игерудегі және әскерлердің жоғары әскери дайындығын қолдаудағы, әскери дайындықта қол жеткізген жетістіктері үшін;

әскери және қызметтік парызды орындауда көрінген жанкештілік және қаһармандық, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қорғаудағы жасалған ерліктері үшін ӘҚ әскери қызметкерлері, басқа әскерлер және арнайы мемлекеттік органдардың, прокуратура органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдары, ҚР ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталады.


III дәрежелі Айбын ордені 1995 ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен солдаттар, матростар, сержанттар, старшиналар марапатталады.

заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі, жаңа әскери техниканы игерудегі және әскерлердің жоғары әскери дайындығын қолдаудағы, әскери дайындықта қол жеткізген жетістіктері үшін;

әскери және қызметтік парызды орындауда көрінген жанкештілік және қаһармандық, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қорғаудағы жасалған ерліктері үшін ӘҚ әскери қызметкерлері, басқа әскерлер және арнайы мемлекеттік органдардың, прокуратура органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдары, ҚР ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталады.


Парасат ордені 1993 ғылым және мәдениет қызметкерлері, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, сондай-ақ адам құқықтарын және оның әлеуметтік мүдделерін қорғау бойынша белсенді қызмет үшін немесе Республиканың рухани және зияткерлік әлеуетін дамытуға үлкен жеке үлес қосқан азаматтар марапатталады. «Достық» орденімен қоғамдағы өзара келісімді сақтау бойынша жемісті жұмыс үшін, халықтар арасындағы достық және әріптестік, бейбітшілікті нығайтудағы еңбектері үшін марапатталады.

I дәрежелі Достық ордені 1995 қоғамда өзара татулықты сақтау жөнiндегi жемiстi жұмысы, халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн марапатталады.

II дәрежелі Достық ордені 1995 қоғамда өзара татулықты сақтау жөнiндегi жемiстi жұмысы, халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн марапатталады.

Құрмет ордені 1993 Мемлекеттік органдардағы үлгілі қызмет және белсенді қоғамдық қызметтегі үлгілі қызмет үшін экономика, әлеуметтік сала, ғылым және мәдениетті дамытудағы еңбектері үшін азаматтар марапатталады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c d e f g ҚР марапаттар және оларға ұсыну тәртібі. Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі.