Қара алқа
Қара алқа | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||
Solanum nigrum L. | ||||||||||||||||||||
Кіші түрлері | ||||||||||||||||||||
S. nigrum subsp. nigrum |
Қара алқа (лат. Solanum nigrum) – алқалар тұқымдасына жатады.
Ботаникалық сипаттамасы.
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Биіктігі 4 метрге дейін жететін бір жылдық, жартылай бұталы өсімдік.
- Жапырақтарының сағақтары ұзын, сопақша үшбұрыштылау болып келген, ұштары сүйір.
- Көкшіл және ақ түсті, ұсақ әдемі гүлдері шатыр тәрізді шоқталып өсіп, жерге қарай иіліп, салбырап тұрады.
- Гүл тостағаншаларының қалақшасы да, жапырақшасы да бес – бестен болады.
- Жемісі – қызыл қоңыр түсті. Ішінде бірнеше тұқымы бар.
- Өсімдік маусым – қыркүйек айларында гүлдейді.
Табиғатта таралуы.
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қара алқа Қазақстанның барлық аймақтарында өседі. Әсіресе олар ылғалды ормандарда, жабайы өсетін бұталардың, баубақшалардың арасында, өзен мен көл жағалауларында жиі кездеседі. Дәрілік шикізат ретінде оның жоғары бөлігі, жапырағы, гүлі күз кезінде жиналып алынып, көлеңкеде кептіріледі.
Химиялық құрамы.
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қара алқаның дәрілік шикізатының құрамында салоецин, саланенин, танин, ащы заттар, С дәреумені, дулкамарин, кейбір органикалық қышқылдар, каротин және басқа да заттар болады.
Қолданылуы.
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мал дәрігерлігі практикасында қара алқа шөбімен малдың түрлі тері ауруларын, есек жемді, демікпені емдейді. Қара алқаның көктемінде және күзде жинаған жас сабақтарынан тұнба жасайды. Ол үшін бір литр суға 50 грамм майдаланған қара алқа шөбі салынып, орталанғанша қайнатылады. Содан кейін сүзіп алып, тұнбасын тері қышымасына, есекжемге жағып емдейді. Арнайы ыдысқа - спринцовка - тұнбаны сорғызып алып, ептеп жууға да болады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шәріпбаев Н. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Қара алқа — "Қайнар", 1988. — Б. 188. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
http://kopilkaurokov.ru/biologiya/uroki/166277
http://bilimsite.kz/biologia/3247-alka-tukymdastary.html
http://ustaz.kz/sait-bolimderi/file/19001 Мұрағатталған 30 мамырдың 2015 жылы.
http://mapyourinfo.com/wiki/kk.wikipedia.org/Алқалар%20тұқымдасы/ Мұрағатталған 30 мамырдың 2015 жылы.
https://halykemi.wordpress.com/about/