Қаржыландыру
Қаржыландыру - кәсіпорындарды, салаларды, жалпы экономиканы, әлеуметтік аяны, аймақтарды дамытуға, елдің ұлттық қорғанысын қамтамасыз етуге және қоғамдық өмірдің басқа аяларын дамытуға жұмсалатын шығынды қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету. Кәсіпорындардың, түрлі деңгейдегі бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың, жекеше инвесторлардың қаражаты, басқа қаржы көздерінің есебінен қаржыландырылады. Қаржыландыру көлемі жоспарланған шығыс пен онын қамтамасыз етілу көздері негізінде айқындалады. Коммерциялық кәсіпорындарда қаржы ресурстары мен қаржылық өзара қатынастар кәсіпорынның бизнес-жоспарында көрсетіледі (бизнес-жоспардың "Коммерциялық кәсіпорынның бизнес-жоспары" бөлімі)- Сметалық қаржыландыруда тұрған кәсіпорындар мен мекемелерді ұстауға және олардың қызметін кеңейтуге жұмсалатын ағымдағы шығыс негізінен республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердін есебінен қаржыландырылады. Ұйымдардың ақшалай қаражаты тақырыптық-нысаналы мақсаттарына қарай қаржыландыру түрлері: жалақы ұзақ мерзімге пайдаланылатын заттарды сатып алу; жалгерлік (жалдау), көлік шығыны, күрделі жөндеу, күрделі құрылыс, ағымдағы басқадай шығын. Қаржыландыру қағидаты: жоспарлылык, каражаттың нысаналы мақсатқа жұмсалуы, барлық деңгейдегі бюджеттерден ,бөлінетін каражаттың қайтарылмайтындығы, қаражаттың кәсіпонның бизнес-жоспарына немесе ұйымның сметасына сәйкес жұмсалуы, үнемдеу режимін сақтау.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — экономика бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |