Қиял
Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатын сезімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
- әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
- қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;
- қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».
- қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;
- адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің олғандығында.
Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша суреттейді: «Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламы , оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі, самайы — әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты». Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял қажет. Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады. Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады. А. П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайлы өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,— өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір ғана кемшілігі — шылым тартады екен... Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоқыраулар да қалмаған...». Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: — Мен енді шылым тартпаймын...— деді» ... Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне тұңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.
Қиял түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - Түс (физиология). Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге үшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигаалдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады. Үйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан қүралған. Бұлардың негізі — адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. үйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады. Тіпті организмнің ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т. б.) жүмысына бір жайсыздық түссе, бүл да адамның түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, үйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған біреуден қашады, бүдан ол ентігіп, булығады да. Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. «Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бүрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді. «Барлық адамдардың түсі, -деп жазды И. П. Павлов, — бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы». Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|