Қоға

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қоға
Майқоға
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Дара жарнақтылар
(unranked) Commelinids
Сабы: Poales
Тұқымдасы: Typhaceae
Тегі: Typha
Карл Линней
түрлері

30 түрі белгілі

Синонимдері
  • Massula Dulac
  • Rohrbachia (Kronf. ex Riedl) Mavrodiev
A.
қоға.
A.
Ақтобе қоғасы.

Қоға (лат. Typha) – қоғалар тұқымдасына жататын өсімдік. Биіктігі 3 – 4 м, сабағы ұзын және жуан төселмелі, батпақты-сулы жерлерде өседі.

Жапырағы жалпақ, таспа пішінді, сабағынан ұзын болып келеді. Бір үйлі, гүлі ұсақ дара жынысты, желмен тозаңданады. Гүл шоғы – собық. Маусым-тамыз айларында жемістенеді. Жемісі жаңғақша, ұшуға бейімделген қанатшасы болады. Қоғаны арқан, жіп, ыдыстар жасау және құрылыс материалы ретінде пайдаланады. Тамырында крахмалы көп болғандықтан ондатра, құндыз, жұпар тышқан, т.б. үшін құнды азық.[1]

Табиғатта таралуы.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қоға республикамыздың көл, өзен жағалауларында, батпақты жерлерде жиі өседі. Қазақстанның солтүстік облыстарының көлдері мен өзен жағалауларында жиі кездеседі. Дәрілік шикізат ретінде қоғаның тамырын күзде қазып алып, жел қақтырып, кептіреді. Жиалған тамыр құрғақ орындарда сақталады

Қазақстанның Тобыл, Есіл, Ертіс, Зайсан, Балқаш, Алакөл, т.б. өзен-көлдердің жағалауларында және Қызылорда, Ақтөбе облыстарында кездесетін 7 түрі бар. Соның ішінде Қызылорда облысының Сырдария өзенімен Шиелі ауданынан басталып Қызылорда қаласының батысына қарай қоға және жіңішке жапырақты қоға көп кездеседі.

Химиялық құрамы.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қоға тамырының құрамында 35 – 40% шамасында крахмал болады. Сондай – ақ аздаған нәруіз, май, қант, аскорбин қышқылы, қоймалжың және илік заттар бар.

Қолданылуы.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мал дәрігерлігі практикасында қоға тамырынан кисель дайындап, оны іші өткен малға ішкізеді. Кисель 1:5 қатынаста дайындалады. Ол бұзауға – 100 – 130 мл, қозыға - 15 – 30 мл мөлшерінде күніне үш рет ішкізіледі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау