Қуық
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Қуық (орыс. мочевой пузырь, ағылш. vesica urinaria, лат. vesica - көпіршік, лат. urina — зәр, несеп) — бүйректе түзілген зәр несепағар арқылы ағып келіп, уақытша жиналатын, пішіні алмұрт тәрізді қуысты мүше.
Қуық негізінен дененің жамбас қуысында орналасады. Зәрге толған кезде ғана құрсақ қуысына қарай шығады. Ол қуық төбесінен, қуық денесінен және жіңішкерген қуық мойынынан тұрады.
- Қуықтың қабырғасы үш қабықтан:
- ішкі — кілегейлі қабықтан
- ортаңғы — етті қабықтан және
- сыртқы — сірлі қабықтан (адвентициядан) құралған.
Қуықтың кілегейлі қабығы көпқабатты ауыспалы эпителиймен астарланған, бездер болмайды. Кілегейлі қабықтың жоғарғы қабырғасында несепағар білеуліктері мен несепағардың тесіктері көрінеді.
- Қуықтың етті қабығы үш қабаттан:
- Сыртқы сірлі қабық қуықтың денесі мен төбесін қаптап тұрады. Ал оның мойны адвентициямен (борпылдақ дәнекер ұлпасы) қапталған. Қуықтың мойны несепшығар өзегіне жалғасады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |