Қуықалды без

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қуықалды без

Қуықалды без (glandula prostata, лат. glandulaбез, prostata — қуықалды) - аталық жыныс жүйесінің қосалқы безі.

Қуықалды без — несеп-жыныс өзегінің жамбастық бөлігінің қабырғасында орналасады. Ол екі бөліктен: қабырғадан тыс жатқан және қабырғалық бөліктерден тұрады. Қабырғадан тыс жатқан бөлігі қуықтың мойны мен несепжыныс өзегінің жоғарғы жағында көлденеңінен орналасады. Бездің аталмыш бөлігі оң және сол бүйір бөліктерден, без денесінен және без денесін бүйір бөліктермен жалғастыратын мойыншықтан тұрады. Қуықалды бездің қабырғалық немесе шашыранды бөлігі несеп- жыныс өзегінің қабырғасында орналасады. Қуықалды без құрылысы жағынан күрделі түтікше-көпіршікше бездерге жатады. Без өзектері несеп-жыныс өзегіне ашылады. Қуықалды без сөлі сперматозоидтарды қоректендіреді, олардың қозғалыс белсенділігін арттырып, қынап қуысындағы қышқыл ортаны бейтараптандырады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9