Құлдық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Құлдық

Құлдық (ағылш. Slavery) – адамзат тарихындағы қанаудың дөрекі түрі болып, құлдар еңбегіне негізделген қоғамды меңзейді.

Ежелгі Римдегі құл базары

Құлдық алғашқы қауымдық қоғам ыдырай бастаған кезеңде пайда болған. Алғашқыда соғыс тұтқындары, қарыздарын өтей алмаған кедейлер құлға айналдырылды. Соған сәйкес құл саудасы да кең өріс алды.

Рим империясының шынжырлы құлдары, Смирна, бзд. 200 ж.
құл (Жак Этьен Араго сызған), 1839 ж.

Ежелгі құлдық қоғамда:

  1. Құлдардың жекеменшік жері, тұрақты мүлкі болмайды;
  2. Құл керектіні құл иесінің рұқсатымен ғана пайдаланады;
  3. Құлда саяси құқық жоқ, басқару істеріне араласа алмайды;
  4. Құл құл иесін мойындауы керек, оған көнбесе жазаланады.
  5. Құл өз ойын қалағанынша айта беруіне болмайды.

Құлдықтың қысқаша тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құлдықтың классикалық үлгісі ежелгі Вавилонда, Египетте, Грекияда, Римде болды. V ғ-дан бастап құл еңбегі маңызын жоя бастады.

Солтүстік Африкадан құл сатып алу(1637)
Құл базары
Құлдарға таңба басу

XVI ғ-да Батыс Еуропада капиталистік қатынастар дамып, жаңадан ашылған жерлерді жаппай отарлау нәтижесінде құлдық қайта өріс алды. Мылтық пен зеңбіректің күшімен еуропалықтар Америка, Азия, Африка құрлықтарының көптеген халықтарын еріксіз құлға айналдырды.

Құлдық, әсіресе, Америкада кең етек жайды. Үндістерден тартып алынған жерлерді игеруге адам күші жетпегендіктен, отаршылар Африкадан әкелінген негрлердің еңбегін кеңінен пайдаланды. Сөйтіп Америка және Африка материктері арасында құл саудасы басталды. Құлдыққа және құл саудасына қарсы көтерілістер жиі болып, зиялы қауым арасында наразылық қозғалысы пайда болды.

XVIII ғ-дың аяғында Францияда революция жеңіске жеткеннен кейін француз отарларында құлдыққа және құл саудасына тыйым салынғанымен, жергілікті жерлерде бұл шешім көп уақытқа дейін орындалмады. 1807 жылы ағылшын өкіметі де осындай шешім қабылдап, 1826 жылдан кейін ғана толық жүзеге асыруға қол жеткізді.

ХІХ ғ-дың ортасына қарай АҚШ-та құлдыққа қарсы қоғамдық пікір күрт күшейді. Нәтижесінде 1861 – 65 жылдары елде құлдық жойылған солтүстік штаттар мен құл еңбегін пайдаланатын оңтүстік штаттар арасында азамат соғысы басталды. Соғыста солтүстік штаттар жеңіске жетіп, АҚШ-та құлдық толық жойылды. Осыдан кейін Америка құрлығының басқа да елдерінде құлдық пен құл саудасына тыйым салына бастады.

Шығыс елдеріндегі құлдық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ортағасырда шығыс елдерінде (Египет, Сирия, т.б.) көшпелі тайпалардан (түркілер, кавказдықтар, арабтар, т.б.) әкелінген құлдар әскери қызметке кеңінен тартылды. Бұл елдерде әскери құлдардың көптеп жиналуы нәтижесінде олар бірте-бірте алдымен әскери, кейіннен саяси билікті өз қолдарына алды.

Қазақ қоғамындағы құлдық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Кен қазған құлдар, бзд. 7 ғ

Дәстүрлі қазақ қоғамында да құлдықтың кейбір белгілері сақталды. Мысалы, соғыс тұтқындары құлға айналдырылды, бірақ мұнда ежелгі Грекия, Египет, Рим елдеріндегі сияқты құлдықтың классикалық үлгісі болған жоқ. Көшпелі тұрмыста құл еңбегі тиімсіз болды. Сондықтан қазақ қоғамы құлдарды ерікті қауым мүшелері ретінде ұстауға тырысты. Нәтижесінде олар қазақ қоғамына сіңісіп кетті.[1]

Америка Құрама Штатындағы құлдық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жерге жатқызып байланған құлды сабау, 1853 жылғы құлдыққа қарсы кітапшадағы сурет

Құлдық өмір отаршылдық алаңына айналған Америка құрлығының негізгі ерекшелігі болды. Нарықтың төтенше тарлығы американдық плантаторы жалақы еңбекке қарағанда құл еңбегін пайдалану тиімді болды. Үндістерден тартып алынған жерлерді игеруге адам күші жетпегендіктен, отаршылар Африкадан әкелінген негрлердің еңбегін кеңінен пайдаланды. Сөйтіп Америка және Африка материктері арасында құл саудасы басталды.

Құлдыққа және құл саудасына қарсы көтерілістер жиі болып, зиялы қауым арасында наразылық қозғалысы пайда болды. Алғашқы құлдар Америкаға Африкадан 1619 жылдан бастап әкеліне бастады.1860 жылға дейін Америкаға 19 миллионан астам құлдар әкелінген екен. Осылардың ұрпақтары қазіргі кезде Америкада өмір сүріп келеді. Америка Құрама Штаттарының 15 штатында 1.5 млннан астам жанұя тұрса, осылардың 350 мыңнан астамы отбасыда құлдары болған екен.

Джорджиядағы негір құл аукционына арналған плакат, АҚШ, 1860 ж

Құлдардың еңбегі көбінесе ауыл шаруашылығы бар отбасыларға керек болған. Олар құлдарды сатып алып қиын жұмыстарға жегіп қойды. ХІХ ғ жартысында Американың көптеген байлығы осы құлдардың арқасында жоғары дәрежеге жеткені көрсетіп тұр.

Жаңа Орлеандағы құлиесі әйелдің күң қызымен бірге портреті, ХІХ ғ ортасы

1850 жылы 18 қыркүйекте АҚШ конгрессі қашып жүрген құлдықтар тұралы заң қабылдады. Олар АҚШ тұрғындарын құлдарды іздеуге шақырды және де осы қашқын құлдарды жасырғандары үшін қатаң жазаға ұшыратып отырды. Бүкіл штаттарда арнайы құлдарды іздеу үшін топтар құрылған болатын. Одан соң оларды іздеп тауып, жазасын беріп отырды. Ұсталынған құлдарды бірнеше аптаға зымданға қамап, кейіннен иесіне қайтарып беріп тұрды. Құлдарды сол кезде адам құрлы көрмеген болатын. Егер кез-келген ақ нәсілді мына адам менен қашып кетті, ол қашқын десе оны тез арада ұстап жазаға тартатын болған.

Осы жағдайға ден қойған тұлға - Авраам Линкольн болды. Линкольн 1861 - 1865 жж-дағы Азамат соғысында Конфедерацияны жеңіліске ұшыратты. Оның президенттік қызметі атқарушы үкіметтің күш салуы мен АҚШ аймағында құлдықтың жойылуына алып келді. Линкольн үкіметке өзінің де қарсыластарын араластыра отырып, ортақ мақсатта жұмыс істеуге шақыра білді. Ол қара нәсілдердің американдық қоғамда ықпалының болуына жақтасты.

Йемендегі құл саудасы, ХІІІ ғ

Қара нәсілділер құлдық кезінде зардап шекті және білім алу жүйесінде теңсіздік орнады. Аристотельдің көзқарасы бойынша жанұя “тәуелсіз адамдар мен оған бағынушылардан” тұрады. Кейбір адамдар “егер бір адам – құл, ал екіншісі – тәуелсіз болса, онда заң бойынша табиғатынан олардың арасында еш айырмашылық жоқ және құлдық әділетсіздік емес, мәжбірлеу болып табылады” деп айтады. Бірақ Аристотель ол көзқараспен келіспейді. Ол кейбір адамдар байқаусызда құлдыққа айналды деп мойындады.

1861-1865 жылдар арасындағы азамат соғысы аяқталып, 1865 жылы желтоқсан айында Америка Құрама Штаттарының конституциясының он үшінші түзетуінен кейін құлдық деген ұғымды жойған болатын. Бұл ұғым қазіргі кезде заң бұзушылық болып саналады. Ал 2013 жылы соңғы болып Миссисипи штаты ғана бұл түзетуді іс жүзінде қабылдады.

Құлдыққа қарсы күрес

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

ХІХ ғ-да Еуропа мен Америкада құлдыққа қарсы басталған күрес ХХ ғ-да жалғасын тауып, халықаралық мәселеге айналды. 1926 жылы 40 мемлекет құлдыққа тыйым салу жөніндегі Женева конвенциясына қол қойды. 1948 жылы БҰҰ қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы құлдық пен құл саудасының барлық түріне тыйым салды. 1956 жылы 59 мемлекет өкілдері қатысқан Женева конференциясы құлдықты, құл саудасын, құлдыққа жақын әдет-ғұрыптар мен институттарды жою жөнінде қосымша конвенция қабылдады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақ Энциклопедиясы”, VI-том