Құмдауықтар туысы
Құмдауықтар туысы(Calidris) - аяғы біршама қысқа, тауқұдірет тұқымдастарға жататын ұсақ құстардың 24-25 туыстарының біреуі. Тұмсығы онша ұзын емес. Аяғындағы төртінші саусақ - кішкене, саусақтарының арасында жарғақ болмайды. Аталықтары және аналықтарының реңі бірдейвы. Құмдауықтар туысында 14 түр бар, Қазақстанда 8 түрі өмір сүреді.
Ұзынсаусақ құмдауық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұзынсаусақ құмдауық(Calidris subminuta) - құмғақшаға өте ұқсас, одан айырмашылығы, атауынан көрініп тұрғандай, ортаңғы саусағы ұзын болып келетін құс. Шығыс Сібірде орын тебеді. Оның негізгі ұялау биотобы - таулы тундра, сондай-ақ тау өзендерінің батпақты аңғарлары. Қазақстанда тек ақна шығыс аудандарда өте сирек көзге түседі.
Аққұйрық құмдауық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аққұйрық құмдауық(Calidris temmincrii) - дене мөлшері және реңі құмғақшаға өте ұқсас құс. Айырмашылығы - қауырсындарында қызылсары реңк болмайды, аяғы - ақшыл, құйрығының жиегі - ақ. Еуразияның тундрасы және орманды тундрасында орын тепкен, кей жерлерде саны құмдауықтан гөрі көбірек. Қазақстанда сәуір-мамырда және шілденің соңынан қазанның басына дейін әдеттегідей ұшып өтеді. Саны онша көп емес, ұшып жүрген дарақтарды жаз бойы кездестіруге болады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құстар. А.Ф.Ковшарь, В.А. Ковшарь