Үй құстары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Әлемнің үй құстары

Үй құстарының еті мал етіне қарағанда жұмсақ, адам ағзасына жеңіл сіңеді, онда дәнекер тіні аз, қоректі ақуыз көп. Құс етінде дәрумен де көп. Құстың ішек-қарны қоректік заттарға бай, әрі жеңіл қорытылады. Піскен құс етін дастарханға бірнеше бөлікке бөліп қояды.

Үй үйрегінің етінде 49,8 пайызға дейін май, 15 пайызға дейін ақуыз болады. Әдетте үйректі тұтастай қуырады. Кәрі үйректі бұқтырып пісіреді. Үйректі қаз сияқты қуырады да, гарнирмен бірге береді.

Қазды 6 айлығында етке сояды. Қаз етінде 35 пайыз май, 16 пайыз ақуыз бар. Қаз майы – үсікті емдеуде шипалы зат. Қаздың мамығы, қауырсыны өте пайдалы.

Күркетауық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үй құстары ішіндегі ең ірісі болып саналады. Қоразының салмағы 9–35 кг. Жаңа шыққан балапанының салмағы 50–55 грамм. Әр күркетауықтан жылына 90–100 жұмыртқа алынады, балапанын 28 күнде шығарады. Ауыл шаруашылығында оны ет алу мақсатында асырайды. Оның еті дәмді, құрамында жеңіл қорытылатын протеин көп, ол 28 пайыз. Күркетауықтың еті өте дәмді.