Үштік кезең

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кайнозой оқиғалары
Осы үлгіні: көру · талқылау · өңдеу
-65 —
-60 —
-55 —
-50 —
-45 —
-40 —
-35 —
-30 —
-25 —
-20 —
-15 —
-10 —
-5 —
0 —
С. Америка: қыр кеңеюі[1]
Антарктика: алғашқы мұздықтар[2]
11,5 мың ж.б.: һолосен басы
Кайнозой басты оқиғалары шамаланған шәкілі.
Тік білік: бірнеше миллион жыл бұрын.

Үштік кезең — бұдан шамамен 65 миллион жыл бұрын басталып, шамамен 1,8 миллион жыл бұрын аяқталған, яғни динозаврлардың жаппай қырылу оқиғасынан басталып, ең соңғы мұз дәуірінің басында аяқталған геологиялық кезең.

Осы кезеңнің басында жер бетін билеуші омыртқалылар ретінде сүт қоректілер бауырымен жорғалаушылардың орнын басты. Бұл кезеңде сүт қоректілердің дамуында аса ірі өзгерістер орын алды. Адамдардың ең алғашқы гоминид туыстары Proconsul және австралопитек осы кезеңде пайда болды. Құстардың, бауырымен жорғалаушылардың, қосмекенділердің, балықтардың және омыртқасыздардың қазіргі түрлері осы кезеңнің басында бар болатын немесе оның бас кезінде пайда болды. Жабық тұқымды (гүлді) өсімдіктердің қазіргі заманғы тұқымдастықтары өрбіді. Теңіз омыртқасыздарының және сүт қоректілерге жатпайтын теңіз омыртқалыларының эволюциялық өзгерістері онша көп болмады.

Тектоникалық үрдістер жалғаса беріп, Гондвана түбегейлі екіге бөлініп, Үндістан Еуразия плитасымен соқтығысты. Үштік кезеңнің соңына қарай Оңтүстік Америка Солтүстік Америкамен түйісті. Бұрынырақ бөлініп кеткен Антарктида өзінің оңтүстік полюстағы қазіргі орнына келді. Вулкандардың белсенділігі жоғары деңгейде болды. Үштік кезеңнің барысында ауа райы біртіндеп суып отырды. Палеоценнің басында дүниежүзілік ауа райы тропикалық-қоңыржай болып келсе, кезеңнің соңында ауқымды мұз басу басталды.

Ұғымның пайда болу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үштік («Tertiary») деген ұғымды алғаш рет 1759 жылы Джованни Ардуино қолданған. Ол солтүстік Италияда жасаған бақылауларына негізделіп геологиялық кезеңдерді: бастапқы (бірінші), екінші және үшінші деп үш кезеңге бөлген.[4] Кейінірек төртінші кезең, төрттік кезең қосылды. 1828 жылы Чарлз Лайель үштік кезеңді өзінің әлдеқайда егжей-тегжейлі таптастыру жүйесіне кіріктірді. Ол үштік кезеңді шөгінді қабаттарда кездесетін, қазіргі түрлерге ұқсас қазба моллюскілердің процентіне қарай төрт дәуірге бөлді. Сол төрт дәуірді ол грекше эоцен, миоцен, алдыңғы плиоцен және кейінгі плиоцен деп атады. Бірақ бұл жүйе бақылаулар алғаш рет жүргізілген Альпы таулары мен Италия жазықтықтарына сай келсе де, оны басқа жерлерге қатысты қолданудың мүмкін еместігі анықталды. Сол себепті моллюскілерді қолдану тоқтатылып, дәуірлердің аттары өзгертіліп, басқаша уақытқа жатқызыла бастады. Қазіргі ұғым бойынша үштік кезең деп палеоценнің басында басталып, плиоценнің соңында аяқталған кезеңді айтады.

Қараңыз: Zachos 2001

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Retallack, G.J. (1997). "Neogene Expansion of the North American Prairie". PALAIOS 12 (4): 380-390. http://links.jstor.org/sici?sici=0883-1351(199708)12%3A4%3C380%3ANEOTNA%3E2.0.CO%3B2-Q. Retrieved 2008-02-11. 
  2. Zachos, J.C.; Kump, L.R. (2005). "Carbon cycle feedbacks and the initiation of Antarctic glaciation in the earliest Oligocene". Global and Planetary Change 47 (1): 51-66. 
  3. Krijgsman, W.; Garcés, M.; Langereis, C.G.; Daams, R.; Van Dam, J.; Van Der Meulen, A.J.; Agustí, J.; Cabrera, L. (1996). "A new chronology for the middle to late Miocene continental record in Spain". Earth and Planetary Science Letters 142 (3-4): 367-380. http://linkinghub.elsevier.com/retrieve/pii/0012821X96001094. Retrieved 2008-03-01. 
  4. Carl O. Dunbar, Historical Geology, 2nd ed. (1964), John Wiley & Sons, New York, p. 352


Палеоген кезеңі
Палеосен дәуірі Эосен дәуірі Олигосен дәуірі
Дания | Зеландия
Занет
Ипр | Лютеция
Бартон | Приабон
Рупел | Чатт
Неоген кезеңі
Миосен Плиосен
Акуитания | Бурдигал | Ланги
Серравалл | Тортон | Мессина
Занкле | Пьяченца