Ұзынқұйрық оңаза
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Ұзынқұйрық оңаза | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Strix uralensis Pallas, 1771 |
Ұзынқұйрық оңаза (лат. Strix uralensis) — реңі жапалаққа ұқсас, кәдімгідей ірі денелі (бір килограмм шамасында, қанатының алымы 125 шамасында) құс. Дене мөлшерінің үлкендігінен басқа, кәдімгі оңазаның дөңгелеген құйрығындай емес, едәуір ұзын сына тәрізді құйрығымен ерекшеленеді.
Еуразияның қылқанды және ішінары аралас ормандарында мекен етеді. Қазақстанды оңтүстік Алтайда ұялайды, ал жылыстау кезінде Жайық маңында қыста да байқалады. Ағаш құстарына және басқа құстардың ескі ұяларына ұялайды. Салындыда екіден алтыға дейін (көбінесе 3-4) жұмыртқа болады. Жұмыртқалардың аналығы бес аптаға дейін басады. Негізінде тышқан тәріздес кемірушілерді жейді.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ BirdLife International Strix uralensis. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2013). Тексерілді, 26 қараша 2013.
- ↑ Құстар.Мектеп энциклопедиясы,2010,Ковшарь Анатолий Федорович,ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамура