Мазмұнға өту

Әл-Мұқаддаси

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шамс әд-Дин Әбу Абдаллах Мұхаммед әл-Мұқаддаси әл-Мұқаддаси (шамамен 946/47, Иерусалим — 1000) — араб географы, саяхатшы. Көптеген мұсылман елдеріне саяхат жасап, “Ахсан ат-Тақасим фи марифат әл-Ақалим” (“Ықылымдарды білудің тиімді жолдары”) атты шығарма жазған. Онда түрлі елдердің географиялық климат жағдайы, әкімшілік бөлінуі, пайдалы қазбалары, сауда қатынасы, шаруашылығы, халқының әдет-ғұрыпы, тілі, діні, тайпалық құрамы жөнінде мәліметтер бар. Оның еңбегінде Оңтүстік Қазақстан қалалары, олар арқылы өтетін керуен жолдары, оғыздар мен қимақтар туралы, әсіресе, Түркістан өңіріндегі Сауран қаласының қимақ-тайпаларымен шекаралас жатқаны жөніндегі мәлімет құнды дерек болып табылады. Бұл шығарманы 1877 ж. голланд ғалымы де Гуе бастырып шығарған.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010. ISBN 9965-26-322-1

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]