Әнеу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Әнеу
түрікм. Änew
Әкімшілігі
Ел

 Түрікменстан

Уәлаят

Ахал

Тарихы мен географиясы
Координаттары

37°54′00″ с. е. 58°30′00″ ш. б. / 37.90000° с. е. 58.50000° ш. б. / 37.90000; 58.50000 (G) (O) (Я)Координаттар: 37°54′00″ с. е. 58°30′00″ ш. б. / 37.90000° с. е. 58.50000° ш. б. / 37.90000; 58.50000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1973 жылы

Қала статусы

2008 жылы

Климаты

күрт құбылмалы

Тұрғындары
Тұрғыны

29 606 адам (2009)

Ұлттық құрамы

түрікмендер, орыстар

Ресми тілі

түрікмен

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+993 137

Пошта индексі

745205

Автомобиль коды

AH

Әнеу картада
Әнеу
Әнеу

Әнеу (түрікм. Änew) — қала, Түрікменстандағы Ақбидай атырабы мен Ахал уәлаятының әкімшілік орталығы, Ашхабад қаласының маңы.

Ашхабадтан 8 км қашықтықта, онымен М37 тасжолы арқылы байланысады.

Әнеу атауының парсы түбірлері бар («жаңа су» дегенді білдіретін «аб-и нау» (آب نو) сөзінен шыққан)[1].

Қала орнында адамның алғашқы іздері б.з.б. V мыңжылдыққа жатады. Кеңес дәуірінде 9332 тұрғыны бар кент (1989)[2], Түрікмен КСР-і Ашхабад ауданының әкімшілік орталығы болған. Қаланың атыраптағы мәртебесі 2008 жылы 3 ақпанда берілді[3].

Инфрақұрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2003 жылы Әнеуде жаңа стадион[4], 2005 жылы «Ақбидай» ұлттық бидай мұражайы бой көтерді[5][6][7].

Археология

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Ақбидай» бидай мұражайында көптеген көне жәдігерлер сақталған. Атап айтқанда, 1904 жылы табылған 5000 жылдық бидай дәндері, сонымен қатар:

  • құнарлылық құдайшалардың мүсіндері (Намазғатепе, б.з.б. IV мыңжылдық),
  • қол диірмен тастары, жебе ұшы және қола пышақ (б.з.б. III-II мыңжылдық),
  • қола кетпен және тас дақылүккіштер (б.з.б. II мыңжылдық),
  • монохромды және полихромды суреттері бар керамикалық ыдыстардың фрагменттері,
  • күнжіт тұқымынан май сығуға арналған май піскіш.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]