(16) Психея

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
(16) Психея  

2019 жылы Very Large Telescope түсірген фото
Ашылу деректері
Кім ашқан: А. де Гаспарис
Ашылған күні: 17.03.1852
Санаты: Негізгі белдеу
Орбиталық сипаттамасы[1]
Дәуірі 13.09.2023
Афелиі: 3,316 а. б.
Перигелиі: 2,531 а. б.
Үлкен жарты осі: 2,9236 а. б.
Эксцентриситет: 0,13419
Орбитамен айналу: 4,99 жыл
Орташа орбит. жылд-ғы: 17,34 ш
Мағыналы ауытқысы: 243,16°
Орбитаның қиғаштығы: 3,096°
Үдемелі түйін бойлығы: 150,03°
Перигелий аргументі: 229,41°
Физикалық сипаттамалары
Диаметрі: 226 шақырым
Массасы: 2,27·1019 кг
Тығыздығы: 3,97 г/см³
Экватордағы еркін түсу үдеуі: 0,144 м/с²
жыту жылдамдығы: 0,180 ш/с
Альбедо: 0,15
Спектр түрі: M
Абс. жұлд. шама: 6,21

(16) ПсихеяНегізгі белдеудегі металды астероидтардың (спектрдің M түрі) ішіндегі ең үлкені. Массасы бойынша барлық астероидтардың ішінде 10-орында тұр.

Оны 1852 жылы 17 наурызда Аннибале де Гаспарис Италиядағы Каподимонте обсерваториясында ашты.

Астероид ежелгі грек мифтерінен белгілі болған Жан құдайы есімімен аталды. Ал астероид таңбасы ретінде көбелек қанаты үстінен жанған жұлдызша сұлбасы таңдалған, себебі гректер жанды көбелек бейнесімен жиі салған.

Бастапқы теорияларға сәйкес (16) Психея планетезимальдың ядросы болып келеді. Аспан денесінің басқа қабаттары бірнеше дәуір бұрын болған соқтығысу нәтижесінде ғайып болды-мыс.

2023 жылдың 13 қазанында НАСА астероидқа өз миссиясын ұшырды. Жоспар бойынша, Psyche ғарыш кемесі астероидқа 2029 жылы жақындайды және оны орбитадан зерттей бастайды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]