9K38 Ине (зымыран)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
9K38 Ине

9К38 310 «Ине-1»жұйесі мен оның 9М313 зымыраны 1981-ші жылдың 11-ші наурызында Кеңес Одағы әскери қаруының санаты енгізілді. 9К38 «Ине» - кеңестік тасымалды зенитті зымыран кешені. Ол жалған жылу кедергілерін тудыратын, төменде ұшатын әуе нысандарын жоюға арналған. 9К38 «Ине» кешенінің оқтұмсығы шағын, ұшу ауқымы шектеулі әрі іздеу қабілеті басқа нысандардан әлдеқайда төмен. Дегенмен ол қарсы шабуыл кезінде басымдық танытады. Алғашқы құрлымы өзгертіліп, толықтырылған 9К38 «Ине» кешені мен 9М39 зымыраны 1983-ші жылы Кеңес Одағының әскери қару-жарағы қатарына біржола енгілзілді. «Ине-1» зымырандыкешенінің негізгі артықшылығы: жасанды жарық пен дыбыс кедергілерін тудыратын нысандарға қарсы тиімді шабуылдайды, іздеу қабілеті жақсартылған және қолайлы жағдай туғанда нысанасын тікелей көздеу үшін алдыңғы жарты шары кеңейтілген. Финляндияда жасалған сынақтардың нәтижесі бойынша 9К38 «Ине» кешенінің француздық «Мистарль» кешенімен салыстырғанда шабуылдау аумағы аз, іздеу қабілеті төмен және оқтұмсығы кішкентай болып жасалған. 9К38 «Ине» зенитті зымыраны – (Ресей) Кеңес Одағы әскери қаруының тасымалды, зенитті зымыран кешені. Сондай –ақ ол 1994-ші жылдан бері 30 мемлекетке экспортқа шығарылады. 9К310 «Ине-1» кешені 1980-ші жылдың 15-ші қаңтары мен 9-шы шілде арасында сынақтан өтті. Солайша 1981-ші жылдың наурызында әскери қару қатарына енді. «Тамил-Ислам азаматтық жолбарыстары» ұйымының мүшелері 2006-шы жылдын тамыз айында «Ине» кешенін сатпақ болған еді, алайда ФББ құпия агенттері олардығ жолын бөгеді.


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"1100 қызықты мәлімет"кітабы

Сыртқы Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: 9K38 Igla