BOINC

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Үлгі:Кроссплатформалы бағдарлама

BOINC (ағылш. Berkeley Open Infrastructure for Network Computing) — бөлісілген есептеуді ұйымдастыруға арналған коммерциялық емес кросс-платформалы бағдарламалық жабдықтама. Өз еркі бойынша есептеулерді ұйымдастыру мақсатында қолданылады.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

BOINC — бөлісілген есептеуді жылдам ұйымдастыруға арналған программалық жабдықтама. Клиенттік және серверлік бөліктерден тұрады. Бастапқыда SETI@home атты жобаға арнап жасалынғанымен, кейін келе Беркли Калифорниялық университетіндегі бағдарламаны әзірлеушілер платформаны басқа да жобаларға қол жетерлік жағдайға дейін алып келді. Қазіргі таңда BOINC математика, молекулярлы биология, медицина, астрофизика климотология және т.б. жобаларға арналған әмбебап платформа болып табылады. BOINC зерттеушілерге дүние жүзі бойынша орналасқан дербес компьютерлердің үлкен есептеуіш қуатын пайдалануға мүмкіндік береді.

BOINC бағдарламасы Дэвид Андерсон (ағылш. David Pope Anderson) бастаған комадасы жасап шығарды (сонымен қатар Дэвид Андерсон SETI@Home жобасының басшысы болып табылады). 2012 жылдың 7 желтоқсаны байынша бар деректерге сүйенсек, BOINC жобасы орташа есеппен 7 200 TeraFLOPS[1] есептеуіш қуатты беретін 380 000 белсенді компьютерлерден (хосттардан) тұратын жүйені құрайды.

АҚШ ұлттық ғылыми қоры BOINC жобасын үш рет марапаттады (2002 және 2005 жылдары): SCI/0221529[2], SCI/0438443[3] и SCI/0721124[4].

BOINC платформасы әртүрлі операциялық жүйелерде де жұмыс жасай береді: Microsoft Windows (x86/x64), GNU/Linux, FreeBSD, NetBSD, OpenBSD, Solaris және Mac OS X. BOINC платформасы GNU Lesser General Public License бойынша, ашық кодты, тегін бағдарлама ретінде таратылады.

Бір айта кетерлігі, BOINC жобасына қатысқаны үшін ешқандай сыйақы берілмейді, пайдаланушылар өз еркімен ат салысады. Сондықтан да жарыс элементі енгізілген, пайдаланушы өз компьютері ресурсын пайдалануға келсімі бергені үшін, әр тапсырмадан кейін, ұпай беріліп отырады. Осы ұпай арқыл команда ішінде, команда арасында, немесе мемлекет арасында (командалар тобы) орын беріледі. Бағдарлама орнатылғаннан кейін ресурстар бөлігін қажет етеді (процессор, желі трафигі, жедел жад және қатқыл жадтан орын).

BOINC бағдарламасының серверлік бөлімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Серверлік бөлімі жоба веб-сайты орналасқан HTTP-сервер, MySQL деректер қоры, және де демондар жинағынан (тапсырмалар генераторы, валидатор (клиент жіберген ақпаратты тексеруші), қорытынды ассимиляторы) тұрады. Көбіне серверде Linux операциялық жүйесі орнатылған.

HTTP-серверде PHP-скрипттер жинағы орналасады, басты мақсаты - жаңа пайдаланушыларды тіркеу, тапсырмаларды есептеушілер арасында бөлу, қорытындыны қабылдау, деректер қорын басқару болып табылады.

Деректер қорында пайдаланушылар тізімі, тапсырмалар мен қорытынды жайлы жазбалар, хосттар жайлы ақпарат, ұпайлар саны, және т.б. ақпараттар сақталады.

Демондар — C++ тілінде жазылған бағдарламалар.

Көбіне пайдаланушылар үшін BOINC және BOINC-клиент ұғымдары бір болып табылады. Негізінен, BOINC-клиент - пайдаланушы компьютеріне орнатылатын BOINC бағдарламасы бөлігі. BOINC-клиент көмегімен пайдаланушыға бір немесе бірнеше жобаға қатысуға мүмкіндік беретін бағдарлама (boinc (Linux операциялық жүйесі үшін) немесе boinc.exe (Windows операциялық жүйесі үшін)).

Клиент ескі нұсқаларында бағдарламаны баптау енгізілмеген болатын. Барлық қажет баптаманы (жұмыс уақыты, жүйеге қосылу уақыты, қатқыл дискіден алатын орны және т.б.) жоба сайтында (әр жоба үшін өз сайтында) жасап, клиент қажет уақытында конфигурацияны кошіріп алып отырды, Бағдарламаның соңғы нұсқаларында кейбір баптауларды клиенттің өзінен жасау мүмкіндігі пайда болды.

Жобалардың ұйымдастырылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

BOINC платформасында жоба жасауды кез келген қалаушы жасау алады. Негізінен жоба құруды өте көп есептеу қорын қажет ететін, бірақ суперкомпьютерлерді сатып алуға немесе арендаға алуға материалдық жағынан тапшылық көретін университеттер, ғылыми орталықтар т.б. айналысады.

Ең ірі 10 жоба тізімі BOINC project popularity Мұрағатталған 2 қаңтардың 2010 жылы.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үлгі:Өз еркі бойынша есептеулер

  1. BOINCstats | BOINC combined — Credit overview — Объединённая статистика
  2. «The National Science Foundation | Research and Infrastructure Development for Public-Resource Scientific Computing
  3. »The National Science Foundation | SCI: NMI Development for Public-Resource Computing and Storage
  4. "The National Science Foundation | SDCI NMI Improvement: Middleware for Volunteer Computing