Bayraktar TB2

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Bayraktar TB2
Түрік әуе күштері Байрактар TB2
Түрік әуе күштері Байрактар TB2
Түрі

Ұшқышсыз әуе соғыс аппараты

Өндірушісі

Baykar

Мемлекеті

 Түркия

Алғашқы ұшуы

2014

Негізгі эксплуатанттары

Түрік әуе күштері

Басқа эксплуатанттары
Өндіріс жылдары

2014–2015, қазір жасалмайы, бірақ қолданылады

Жобалау бағдарламасы құны

5 миллион доллар (2019)[1]

Базалық моделі

Bayraktar TB1

Нұсқалары

Bayraktar Akıncı

Bayraktar TB2 (түр. Bayraktar TB2) — Түркияның орташа биіктікте ұзаққа шыдайтын (MALE) ұшқышсыз әуе соғыс аппараты (UCAV), қашықтан басқарылатын, немесе автономды ұшу операцияларын орындай алатын бұл ұшу аппаратын Түркиялық Baykar компаниясы негізінен Түрік әскери-әуе күштері (TAF) үшін өндірген болатын.[2] Бұл ұшақты жердегі басқару станциясындағы экипаж бақылайды, басқарады, оның қару-жарағы болады. Байрактар сөзін түрік тілінен аударғанда "Байрақ көтеруші", "Ту ұстаушы" дегенді білдіреді. Бұл түрдегі ұшқышсыз ұшу аппаратының дамуы негізінен бұрынғы MIT студенті Селчук Байрактардың арқасы.[3][4]

Байрақтар ТВ жердегі радар жүйесіне түспей, шабуыл жасай алатынын талай мәрте (Әзербайжанда, Украинада) дәлелдеді, мұның себебі, Байрақтардың денесі Көміртегі-кевлардан жасалған, ал бұл радарда айқын ажырата алмастай кішкене болып ғана көрінеді. Оны тек сезгірлігі өте жоғары соңғы үлгідегі радарлар ғана ұстай алады, мысалы AESA.[5] Ал, көп елдердің қосындарында (Армения, Ресей) ондай соңғы үлгілер кемшіл. Тіпті Байрақтарды ұстап, оны AA оқтұмсығымен құртқан күнде де оғыңның құны байрақтардан әлдеқайда қымбат болады екен.

Радар жүйесі әдетте құстарды ұстамайтындай етіп теңшеледі. Егер Дрон құс секілді ғана көрініп, ал ол құстың жылдамдығымен ғана қозғалса, онда көп радарлар оған үнсіз қалды. Тек дрон мен құсты ажырата алатын соңғы үлгідегі, мысалы Израильдікі секілді радар нұсқалары ғана құстың үлкендігіндей ғана көрінетін Байрақтар ТВ2 дрондарын аттап бастырмайды.

АҚШ дронның программасын алыстан шатастыратын аспап ойлап тапқаны белгілі, ол егер Ресейде болғанда, орыстар Украина соғысында Байрақтар ТВ2-ні аттап бастырмас еді.

Жердегі басқару станциясы жүйесі

Bayraktar TB2-нің дамуына АҚШ-тың Түркияға қарулы ұшақсыз ұшақтарды экспорттауға тыйым салуы түрткі болды, өйткені олар Түркияның іші-сыртындағы Курд жұмысшы партиясының (PKK) содырлары топтарына қарсы қолданыла ма деп қауіптенді.[3]

Bayraktar TB2 алғаш рет 2014 жылдың тамызында ұшты.[6] 2015 жылы 18 желтоқсанда Байрактар ТБ2 зымыран сынағына арналған видео жарияланды.[7][8] [9][10]

Байкар Катармен 2018 жылдың наурызында келісім жасап, Катар қарулы күштеріне алты дрон жасап беретін болды. 2018 жылдың қаңтарында, Байкар Украин армиясына құны 69 миллион доллар тұратын 12 түрік Bayraktar TB2 және 3 жерден басқару бекетін сатып беру туралы Укрспецпроектпен (Ukrspetsproject) келісімге қол қойды.[11][12][13] Украина UAV-дың алғашқы тобын 2019 жылдың наурызында алды.[14]

Қолданылу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
UMTAS зымырандары, "Қару және қауіпсіздік" көрмесінде. Киев, 2017

Түркия қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, 2019 жылдың қараша айының басында Ирак шекарасы ішіндегі Курд жұмысшылар партиясы (PKK) содырларын жою үшін Байрактар ​​ТБ2 қолданылған.

2019 жылдың маусым айында халықаралық жаңалықтар медиасы Ливияның Ұлттық Келісім Үкіметі (GNA) Байрактарды қолданып генерал Хафтардың Ливия Ұлттық Армиясы (LNA) иелеп тұрған авиабазаға соққы берді деп хабарлады. Ливияда жалғасып жатқан азаматтық соғысқа БҰҰ-ның эмбаргосына қарамастан, БҰҰ мойындаған үкімет Триполиде кем дегенде 3 Bayraktar TB2 UCAV пайдаланған деген күдік бар. LNA генералы Хафтардың әскерлері, керісінше, Митига әуежайында бір UAV-ны жойдық деп мәлімдеді. Бейнежазба фактіне сай, Триполи[15] үстінен кем дегенде бір Bayraktar TB2 ұшып өтіп, GNA-одақтас күштер бақылауындағы Митига әскери бөліміне қонғалы жатады. Ливия батысында түрік TB2-нің кең қолданылуы жалғасуда, олар LNA жауынгерлеріне шабуыл жасайды. LNA үнемі түрік дрондарының құлағаны туралы хабарлайды, олар бір аптаның ішінде алтауын атып түсірдік деп мәлімдеді.[16]

2019 жылы желтоқсанында, LNA Триполи маңындағы Айн-Зарахта Түркияның екі TB2 UAV ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді.[17]

2020 жылы 31 наурызда, Ливия ұлттық армиясы (LNA) Ливияның Триполи қаласы маңында тағы бір түрік Bayraktar TB2 жауынгер дронын атып түсірді.[18]

2020 жылдың 5 сәуірінде, Антонов Ан-26 тасымал ұшағы Ливияның Тархуна маңындағы бір ұшужолағында (airstrip) жойылды. Ұлттық Келісім Үкіметінің (GNA) қарулы күштері Ливия Ұлттық армиясы (LNA) жасақтары үшін оқ-дәрі тиеген Антонов жүк ұшағын атып тастағандарын хабарлады. LNA шабуылды растады, бірақ ол ұшақ медициналық дәрі-дәрмектер мен жабдықтар тасымалдаған деп мәлімдеді. Ұшақты Bayraktar TB2 дроны отқа ораған делінгенімен, бұл расталмады.[19]

2020 жылы 17 сәуірде, Бени-Валид маңында Түркиялық Байрактар ​​TB2 дроны атып түсірілді.[20]

2020 ж мамыр айының үшінші аптасында, Ливия Ұлттық Армиясының Панцир зымыран жүйесі Ұлттық Келісім Үкіметіне тән екі Түркияда шығарылған Bayraktar TB2 жауынгер дронын атып түсіргенін мәлімдеді. Біреуі Тархуна қаласы маңында, екіншісі Джебел Шерифтің қасында.[21]

Фотографиялық дәлелдемелер негізінде ұшақтар мен броньдардың жоғалуын бақылайтын веб-сайт - Lostarmour бойынша, 2020 жылғы 8 маусымына дейін кем дегенде 19 TB2 жойылғаны расталған.[22]

Түркия күштері 2020 жылы ақпанда Сирияның солтүстік-баысында Ресей күштері жағынан ірі шығынға ұшыраған соң, Түркия бастаған "Көктем қалқаны" операциясы кезінде Байрактар TB2 және Anka-S UAV, сондай-ақ электронды мазалауыштар (electronic jammers) тізбегін орналастырды, әрі жер бетіндегі нысандарға соққы беруде өзара үйлестіру әрекетін кең қолданды.[23][24][25] Мамандар бұл орналастыруды сәтті және тактикалық ойын ауыстыру деп бағалады.[26][27][28] Ресейлік ақпарат көздерінің мәліметінше, 2020 жылдың 5 наурызына дейін Ресейге арқаланған Сирияның әуе қорғанысы жеті Bayraktar TB2 UAV-ын құлатты деп мәлімдеді.[29] Хабарға қарағанда, дрондар 8,6 мильге дейінгі қашықтықтағы MAM-C және MAM-L қатарлы микро-оқтұмсықтармен қаруланған екен.[30][31]

2020 жылғы 18 наурызда, ANNA News агенттігі тобы Саракибте (Saraqib) атып түсірілген түрік Bayraktar TB2 сынықтары табылғаны туралы хабарлады.[32][33]

2018 жылдың 2 шілдесінде Хатай провинциясында түрік әуе күштерінің Байрактар TB-2S дроны қозғалтқыштың істен шығуына байланысты апатқа ұшырады.[34]

Әзербайжанда

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2020 жылы маусымда Әзербайжан қорғаныс министрі Закір Хасанов Әзербайжан Байрактар дрондарын Түркиядан сатып алу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.[35] "2020 Таулы Қарабақ қақтығысы" кезінде Байрактар ТБ2 Армения Қарулы Күштеріне және армиян сепаратистерінің әскери базаларына қарсы қолданылуда.[36]

Соңғы Қарабақ соғысында

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2020 ж болған Қарабақ соғысында “Bayraktar TB2” пилотсыздары соғыстың алғашқы 24 күнінде Арменияның 114 танкісін жойып жіберген. Қарабақ соғысында Арменияның жалпы саны 44 бронды транспорты, 141 артиллерия қаруы, 249 әркери көліктері мен 44 әскери қоймалары “Bayraktar TB2” тарапынан жойылған. Ал, 44 күнгі соғыста жалпы саны 9 “Bayraktar TB2” беспилотнигі атып түсірілген. Айырмашылық көрініп тұр.

Операторлар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Bayraktar TB2 қолданушылар (көк)

Техникалық сипаттамалары (Bayraktar TB2)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Байкар қорғаныс веб-сайтындағы деректер бойынша.[37]

Негізгі ерекшеліктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Байрактар ТБ техникалық сипаттамалары туралы түрік тіліндегі ақпараттық тақта.
  • Ұзындығы: 6.5м
  • Қанат жаймасы: 12м
  • Максималды ұшу салмағын: 650кг
  • Моторы: 1 x Rotax 912 Іштен жанатын бүріккіш двигателі, 100 Hp
  • Жанармай шамасы: 300гал
  • Жанармай түрі: Бензин
  • Максималды жылдамдығы: 120 km/h
  • Шарлау жылдамдығы: 70 km/h
  • Коммуникация аумағы: Көру сызығымен таралу (Line-of-sight propagation
  • Ұшу биіктігі: 8200м
  • Операциялық биіктік: 5500м
  • Шыдамдылығы: 27 сағат

Қару-жарақ

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
MAM, яғни "Смарт Мини оқ-дәрі" жүктелген Bayraktar TB2

Аспасы (бірге алып жүрілетін комбинациясы): лазермен басқарылатын ақылды оқ-дәрілерге арналған 4 зат, көтерімділігі 150 кг-ға дейін алып жүруге болады:

    • L-UMTAS (Алыс қашықтыққа арналған анти-танк оқ-дәрі жүйесі) [38]
    • MAM (Мини ақылды оқ)[39]
    • Roketsan Cirit (70 mm оқ-дәрі жүйесі)[40]
    • Tubitak-Sage Bozok лазерлі жетектеуіш зымырандар[41]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қатысты дамытулар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұшақтардың салыстырмалы рөлі, конфигурациясы және дәуірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қатысты тізімдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ukraine Buys Advanced Turkish Strike Drones.
  2. Bayraktar TB2.
  3. a b Revealed: how UK technology fuelled Turkey's rise to global drone power.
  4. BAYKAR İnsansız Hava Aracı Sistemleri | SELÇUK BAYRAKTAR.
  5. Defexpo 2016: Larsen & Toubro highlights new Air Defence Fire Control Radar system 22803162 https://www.armyrecognition.com/defexpo_2016_show_daily_news_coverage_report/defexpo_2016_larsen_toubro_highlights_new_air_defence_fire_control_radar_system_22803162.html
  6. Haber7 Мұрағатталған 18 маусымның 2018 жылы. 18 December 2015
  7. Youtube Мұрағатталған 5 қаңтардың 2016 жылы. May I present to you eventually, 100% Turkish manufactured armed UAV: BAYRAKTAR TB2
  8. Official video footage of Turkish UCAV tests.
  9. Yerli IHA ilk harekatinda 5 teroristi vurdu (8 қыркүйек 2016).
  10. Bayraktar ilk silahlı operasyonunu PKK'ya yaptı, Kokpit.Aero (12 қыркүйек 2016).
  11. Ukraine confirms procurement of Turkish unmanned combat aerial vehicles (en-US) (6 қараша 2018).
  12. Ukraine signs agreement to procure Turkish Bayraktar TB2 drones (en-US) (12 қаңтар 2019).
  13. Ukraine, Turkey have signed deal for 12 Bayraktar TB2 UAVs, Poroshenko says (12 January 2019).
  14. Ukraine receives Bayraktar armed UAVs from Turkey (11 March 2019). Басты дереккөзінен мұрағатталған 11 наурыз 2019. Тексерілді, 11 наурыз 2019.
  15. Libya: Turkish-made Bayraktar TB2 UAV seen at the GNA-held airbase. Military Africa (11 June 2019). Тексерілді, 11 маусым 2019.
  16. LNA Downs Six Turkish Drones.
  17. Libya: LNA Downs Two Turkish Drones in Tripoli (27 February 2020).
  18. New drone shot down south of Tripoli (March 31, 2020).
  19. https://aviation-safety.net/database/record.php?id=20200405-0 Sunday 5 April 2020
  20. Drone Losses Impact Turkey’s Fighting in Libya | Small Wars Journal.
  21. Haftar’s Pantsir System Shoots Down Libyan Army’s Bayraktar TB2 Drone.
  22. Lostarmour ID: 23673.
  23. Damage caused to Assad regime assets demonstrates Turkey's high UAV capabilities (1 March 2020).
  24. Turkey's Killer Drone Swarm Poses Syria Air Challenge to Putin (1 March 2020).
  25. Karnozov, Vladimir Fighter-bombers and Anka UAVs Downed as Turkey and Syria Exchange Blows (2 наурыз 2020).
  26. Ten Hezbollah, Syrian Army Commanders Killed in Turkish Drone Strikes (3 March 2020).
  27. Gatopoulos, Alex Battle for Idlib: Turkey's drones and a new way of war (3 наурыз 2020).
  28. Petkova, Mariya Turkish drones – a 'game changer' in Idlib (2 наурыз 2020).
  29. Турецкая армия потеряла десять дронов над Идлибом за 3 дня (5 March 2020).
  30. Roblin, Sebastien Turkish Drones and Artillery Are Devastating Assad's Forces In Idlib Province-Here's Why (2 наурыз 2020).
  31. Frantzman, Seth J. Turkish drones revolutionize Idlib conflict – analysis (2 наурыз 2020).
  32. Wreckage Of Turkish Combat Drone Uncovered In Southeast Idlib (Photos).
  33. ANNA-NEWS|Новости|Сирия|Донбасс.
  34. Turkish Air Force Bayraktar TB-2S armed drone crashed in Hatay province (2 July 2018).
  35. Anadolu Ajansı Azerbaijan to purchase combat drones from Turkey.
  36. Turkish armed drones used against Armenia, Azerbaijan confirms. Middle East Eye (5 October 2020). Тексерілді, 11 қазан 2020.
  37. Bayraktar TB2. Тексерілді, 17 қазан 2020.
  38. Eshel, Tamir Turkish UMTAS Missile Dropped From a Bayraktar Tactical Drone | Defense Update:.
  39. Review, Asian Military Roketsan’s Smart Micro Guided Munitions Boost Effectiveness of UAVs (en-US) (25 наурыз 2019).
  40. CİRİT 2.75”LASER GUIDED MISSILE. Тексерілді, 17 қазан 2020.
  41. http://www.defensenews.com/story/defense/policy-budget/industry/2015/05/17/turkey-to-outfit-drones-with-local-mini-rocket/27490289/