CKD

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

CKD (ағылш. Сomplete Knock Down, «тұтастай бөлшектеу») — автомобиль құрастыру өнеркәсібінде көлік құралдарын шығарудың арнайы технологиясы. Автомобиль құрастырушы жоғары кедендік баж салығын айналып өту мақсатында дайын машинаны емес, оның бөлшектерін импорттап, жергілікті зауытта құрастырады да, сол елде сатылымға енгізеді.

Дара бөлшектерге қоса, алдын-ала құрастырылған жартылай автомобильдер Semi-Knocked-Down (SKD) немесе Medium-Knocked-Down (MKD) ретінде импортталады.[1]

CKD әдісі дамып жатқан елдерде жергілікті өндірісті бастау және ноу-хауға ие болу мақсатында да оңтайлы.[2] Мысалы, Қазақстанда AllurAuto компаниясы Қостанайдағы зауытында алғашқы қазақстандық жолталғамас SsangYong Nomad-ты дәнекерлеу мен шанақты бояуды қамтитын CKD әдісін 2010 жылдан бастап істетіп келеді.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. vgl. R. Schulz, F. Hesse: Das Produktionsnetzwerk des VW-Konzerns ... Gabler Verlag, Wiesbaden 1999, ISBN 3-8349-1085-6, S. 224 ff.
  2. Miller Russell R. Doing business in newly privatized markets: global opportunities and challenges — Greenwood Publishing Group, 2000. — P. 281. — ISBN 978-1-56720-260-1.
  3. «Кочевник» получил казахстанские права.