Chevrolet Camaro

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Chevrolet Camaro
Жалпы мәліметтер
Өндіруші: Chevrolet
Өндіріс жылдары: 1966-2002,
2009 - қазіргі уақытқа дейін
Автокөліктердің жіктелуі: Pony car, Muscle car
Шанақ тип(тері) : 2 есікті купе,
2-есікті кабриолет
Платформа: алдыңғы қозғалтқышты,
артқы жетекті

Chevrolet Camaro (қаз. Шевроле Камаро) — американдық GM корпорациясының Chevrolet бөлімшесі өндіріетін спорттық автокөлік. Көліктің өндірісі 1966 жылдан 2002 жылға дейін жүргізілді және 2009 жылдан бастап жаңа техникалық базада қайтадан басталды. Camaro атауы француз тілідегі camarade - дос деген сөзден туынды болып табылады.

Chevrolet Camaro GM корпорациясының пони кар классындағы Ford Mustang-қа жауабы ретінде пайда болған моделі. Жоба бойынша жұмыстар 1964 жылы тамызда басталды. Жаңа автомобильдің жалпы сұлбасы 1964 жылдың соңында дайын болды, ал 1965 жылы қарашада алғашқы көлік шанағы құрастырылды. 1965 жылы 16 желтоқсанда алғашкі көлік жиналды. 1966 жылы мамырда соңғы прототип құрастырылды.

Жаңа модельдің атауы француздың «camarade» - дос сөзінен туынды болып табылады. Бұл атауды Chevrolet-тің сатылым бойынша менеджері Боб Ланд және GM-тің жұк көліктері бойынша вице-президенті Эд Роллет ұсынды. 1966 жылы 7 тамызда Camaro-ның сериялық өндірісі басталды.

Camaro алғаш рет 1966 жылы 12 қыркүйекте GM-тың сынақ полигонында таңдаулы журналистердің назарына ұсынылды. 1966 жылы 26 қыркүйекте Camaro АҚШ бойынша Chevrolet салондарында 1967 жылғы модель ретінде сатылымға түсті. Бірінші буын сатылымы 1969 жылға дейін жалғасты және осы аралықта шамамен 700 000 дана өндірілді.

1970 жылы ақпанда екінші буынды Camaro жарыққа шықты және оның өндірісі 1981 жылға дейін жалғасты.

1981 жылы Camaro-ның үшінші буынының сатылымы басталды. Алдыңғы екі буын сияқты, үшінші буынды Camaro F-body платформасында өндірілды. Үшінші буын өндірісі 1992 жылға дейін жалғасты.

1992-2002 жылдар аралығында төртіші буынды Camaro шығарылды.

1967 Camaro Convertible SS

Бірінші буын (1967–1969)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Chevrolet Camaro (бірінші буын)
Бірінші буынды Camaro

Бірінші буынды Camaro 1966 жылы қыркүйекте 1967 жылғы модель ретінде таныстырылды және оның өндірісі 1969 жылға дейін жалғасты. GM корпорациясының F-body артқы жетекті платформасы негізнде жасалынған автокөліктің екі шанақ нұсқасы болды: купе және кабриолет. Барлық көлік нұсқалары екі есікті және төрт орынды болды: алдында екі жеке орындық және артын ортақ екі орынды диван болды. Бірінші буынды Camaro-ның 3,8 л, 4,1 л қатарлы 6-цилиндрлі немесе 4,9 л, 5.0 л, 5.4 л, 5.7 л, 6.5 л V-тәрізді 8 цилиндрлі қозғалтқыштармен жабдықталды.

Ford Mustang-қа тікелей бәсекелес ретінде жасалынған Camaro-ның стандартты нұсқасынан бөлек SS (Super Sport) және RS (Rally Sport) спорттық нұсқалары болды. Олардан бөлек, 1967 жылы өндіріске Z/28 нұсқасы қосылды, оның капоты мен багаж бөлімінің қақпағында жолақтар болды, ралли жолдарына арналған дөігелектермен және 4,9 л көлемді V8 қозғалтқышымен жабдықталды. Барлығы 1966-1969 жылдары аралығында шамамен 700 000 бірінші буынды Camaro өндірілді.

Бірінші буынды Camaro дизайны бесінші буынды жобалау кезінде негізге алынды.

Екінші буын (1970 - 1981)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Chevrolet Camaro (екінші буын)
Екінші буынды Camaro Z/28

Екінші буынды Camaro 1970 жылы ақпанда таныстырылды. 1981 жылға дейін өндірісте болған модель 1974 және 1978 жылдары косметикалық өзгерістерге ұшырады. Автомобильдің сыртқы келбеті қатты өзгеріске ұшырады, ол алдыңғы модельмен салыстырғанда үлкен әрі кең болды. Алдыңғы модель сияқты F-body платформасында жасалынған Camaro конструкциясы жағынан өзінің ізашарына ұқсас болды: бүтін құрылымды, алдыңғы қосалқы-рамамен, A-arm типті алдыңғы және рессорлы артқы аспаларымен жабдықталған. Жолға және жарыс трассасына арналған 1971 жылғы SS350 нұсқасы 1971 жылы тамызда Әлемнің ең үздік 10 автомобилінің қатарында болды. RR және SS нұсқаларының өндірісі 1972 жылы тоқтатылды және тек 1996 жылы ғана қайта жанданды.

1980 және 1981 жылдары шығарылған Z28 модельдерінің капоты ауа жинағыштармен жабдықталды. Бұл ауа жинағыштардың люгі толық газ берілгенде ашылатын.

Үшінші буын (1982–1992)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Chevrolet Camaro (үшінші буын)
Үшінші буынды Camaro Z/28-E

Үшінші буынды Camaro 1981 жылдан бастап (1982 жылғы модель ретінде) 1992 жылға дейін өндірілді. Бұл модель заманауи жанармай бүрку жүйесімен, Turbo-Hydramatic 700R4 төрт-жылдамдықты аутоматты трансмиссиямен, бес-жылдамдықты механикалық трансмиссиясмен, 15- және 16-дюймдік дөңгелектермен, стандартты OHV 4-цилиндрлі қозғалтқыштарымен жабдықталған және хэтчбек шанағымен жабдықталған алғашқы Camaro болды. Автомобиль алдыңғы екінші буыннан 227 кг-ға жеңіл болды.

1985 жылы Чемпиондардың Халықаралық жарысына (ағылш. International Race of Champions, IRON) арналған IRON-Z нұсқасы пайда болды, оның өндірісі 1990 жалға дейін жалғасты. 1986 жылы АҚШ Ұлттық автомобиль жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы ( ағылш. National Highway Traffic Safety Administration, NHTSA) көліктердің артында орталық тежеуіш жарықшамының болуы қажет деген ережесін шығарды, осыдан кейін 1986 жылдан бастап өндірілген көліктердің арқы есігінің жоғарғы орталық аймағында сыртында жаңа тежеуіш жарықшамдары орнатыла бастады. Сонымен қатар, 2,5 л Iron Duke 4-цилиндрлі қозғалтқыштары өндірістен шығарылып, барлық жаңа базалық модельдерге 2,8 л V6 (OHV) қозғалтқыштары орнатыла бастады. 1987 жылдан бастап орталық тежегіш жарықшамы артқы есіктің ішіне орнатыла бастады, ал артқы спойлері бар модельдерде спойлердің ішіне енгізілді. 1985 жылы "бапталған портты бүрку" (ағылш. tuned port injection, TPI) аталынған жанармай бүрку жүйесі орнатылған 5,0 л V8 қозғалтқышын орнату мүмкіндігі пайда болды. 1987 жылдан бастап аутоматты трасмиссиямен қоса жүретін 5,7 л V8 қозғалтқышы IRON-Z нұсқасы үшін тұрақты опция болып табылды. 1969 жылдан бері өндірісі тоқтаған айырбасталынатын шанақ нұсқасы қайтадан өндіріске оралды және олардың барлығы "20-жылдық мерейтойлық ескерткіш шығарылым" (ағылш. 20th Anniversary Commemorative Edition) арнайы былғары карта қалташасымен жабдықталды. 1992 жылы жолақтар мен спойлерге орнатылған ерекше эмблемасы быр "25-жылдық мерейтойлық мұра пакеті" (ағылш. 25th Anniversary Heritage Package) жарық көрді. 1988 жылдан бастап АҚШ пен Канадада 1LE өнімділік пакеті қарапайым көше модльедері мен көрме жарыстарына арналған нұсқаларына опция ретінде шығарыла бастады. 1991 жылдан бастап B4C немесе "полиция" пакеттері қол жетімді болды. Нәтижесінде Z28 нұсқасы RS стиліне ұқсас болып жасалынды.

Төртінші буын (1993–2002)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Төртінші буынды Camaro-ның полицияға арналған нұсқасы

Төртінші буынды Camaro жаңартылған F-body платформасында 1993 жылы жарық көрді. Ол 1967 жылдан келе жатқан негізгі сипаттамаларды сақтап қалды: 2 + 2 (қосымша опция ретіндегі T-top шатырымен) немесе айырбасталынатын (1994 жылы қайтадан енгізілген) орындарымен , артқы жетекті, 6-цилиндрлі және V8 қозғалтқышты купе. 1993-1995 жж. 3,4 л V6 стандартты қозғалтқыш болды, ал 1995 жылы 3,8 л V6 қозғалтқышы ұсынылды. 1992 жылы Corvette орнатыла бастаған 350MPFI (LT1) Small Block V8 қозғалтқышы Z28 нұсқасы үшін стандартты болды. Қосымша опция ретінде толық-жылдамдықты тартуды басқару қондырғысы мен 6-жылдамдықты T-56 механикалық трансмиссия ұсынылды, 4-жылдамдықты аутоматты 4L60E трансмиссиясы Z28 үшін стандартты болды, ал V6 қозғалтқышты модельдер үшін стандартты ретінде 5-жылдамдықты механика орнатылды. Барлық Camaro тежеудің бұғатталуға қарсы жүйесімен (ағылш. Anti-lock brakes) жабдықталды. Шектелген SS нұсқалары (1996-1997 жж.) Corvette-тен орнатылатын 330 а.к. бар LT4 қозғалтқышымен жабдықталды, ал қалғандары 275 а.к. бар LT1 қозғалтқышымен жабдықталды. 1997 жылғы модельдің ішкі дизайны өзгертілді, ал 1998 жылғы модель сыртқы стилі өзгертілді және GM жасап шығарған және Corvette C5-те орнатылған LS1 алюминді блокті қозғалтқышы орнатылды. 1998 жылы орнатыла бастаған 5,7 л LS1 Camaro үшін 1969 жылғы ZL-1-ден кейінгі алғашқы толығымен алюминиден жасалынған қозғалтқыш болды және ол 305 а.к. беретін [1]. SS нұсқаларында (1998-2002 жж.) газдардың кіру және шығу жүйелері жақсартылды, үлкен дөңгелектер және шиналармен жабдықталды, айдау ыңғайлылығын сақтай отырып басқаруды жақсарту мақсатында аспаның конструкциясы қайта қаралды, басу күшін арттыру үшін артқы қанаттар доға-типті болып жасалынды және үдеуді жақсарту үшін қораптың беріліс коэффициенттері Z28 моделіндегідей өзгертілді. 2002 жылы Chevrolet 35-жылдық мерейтойлық шығарылым ұсынды. F-body платформасының өндірісі сұраныстың азайуынан, спорттық купе нарығының құлдырауынан және зауыттардағы өндірістің өсуіне байланысты тоқтатылды, алайда жаңа платформаның сатылымы 2009 жылы бастылды. Үшінші буыннан бастау алған полиция органдарына арналған B4C арнайы қызметтік пакеттері 1993-2002 жж. аралығында шығарылды.

Бесінші буын (2010–2015)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Chevrolet Camaro (бесінші буын)
45-жылдық мерейтойға арнайы шығарылған бесінші буынды Chevrolet Camaro

GM жасап шығарған Zeta платформасының негізінде 2006 жылы Chevrolet Camaro Concept және 2007 жылы Camaro Convertible Concept ел назарына ұсынылды. 2006 жылы 10 тамызда Chevrolet басшысы Рик Вагнер жаңа, бесінші буынды Camaro бойынша жұмыстың бастауын алғанын хабарлады. Camaro-ның соңғы дизайны, инжинирингі және өндірістік қолдауы бойынша жұмыстарды GM құрамына кіретін Holden (Аустралия) компаниясы атқарды.

2009 жылы 16 наурызда 2010 жылғы модельдік қатардағы бесінші буынды купе шанағындағы Camaro сатылымы басталды. Автомобиль LS. LT және SS нұсқаларында ұсынылды. LS және LT модельдері 2010-2011 модельдік жылдары 3,6 л V6 қозғалтқышымен (312 а.к., 233 кВт) және 6-жылдамдықты механикалық және 6-жылдамдықты механикалық ауысымы бар аутоматты трансмиссиямен жабдықталды. SS нұсқасы 6,2 л LS3 V8 қозғалтқышымен (426 а.к., 318 кВт) және 6-жылдамдықты механикалық трансмиссиямен немесе L99 V8 қозғалтқышымен (400 а.к., 300 кВт) және аутоматты трансмиссиямен жабдықталды. Сонымен қатар LT және SS нұсқалары үшін RS сыртқы көрініс топтамасы ұсынылды, оған 20-дюймдік қара сұр түсті дөңгелек, ксенон жарықшамдарын қоршаған галогенді сақина, ерекше спойлер және қызыл RS немесе SS таңбалары кірді.

2010 жылы 1 сәуірде Camaro Әлемнің жыл автомобилі марапаттауының (ағылш. World Car of the Year Awards) Әлемнің үздік дизайнді автомобилі болып танылды.

2011 жылы қаңтарда Camaro-ның айырбасталынатын шанақ нұсқасы - Convertibles сатылымы басталды. Бұл модельдің жабдықталуы купеге ұқсас болды. 2011 жылы қарашада, екі жылдық кешігуден кейін Camaro-ның экспорттық нарыққа арналған нұсқасы (Жапонияны қоспағанда) пайда болды. Экспорттық нұсқа өзгеше біріккен артқы жүріс пен сарғыш бұрылыс жарықшамдарымен, бұрлыс жарықшамдары орнатылған үлкенірек артқы көрініс айналарымен, артқы жүріс жарықшамының орны жоқ артқы бампермен жабдықталды және басқа да БҰҰ-ның Еуропалық Экономикалық коммиссиясының талаптарына сәйкестендірілді.

Алтыншы буын (2016–present)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Chevrolet Camaro (алтыншы буын)
Алтыншы буынды Camaro-ның ZL1 нұсқасы

2015 жылы 16 мамырда Chevrolet Детройттағы Белл-Айленд паркінде (Мичиган штаты) алтыншы буынды Camaro-ны таныстырды. Жаңа көліктің таныстыруы модельдің 50-жылдық мерейтойымен сәйкес келді.[2]

Алтыншы буынды Camaro GM корпорациясы жасап шығарған Alpha платформасында жасалынды. Бұл платформада сонымен қатар Cadillac ATS және Cadillac CTS модельдері өндірілді. Жаңа Camaro өндірісі Мичиган штатында орналасқан Лансинг Гранд Ривер автомобиль жинау кәсіпорынында шоғырланды. Модельдің сатылымы 2015 жылдың соңында (2016 жылдың моделі ретінде) басталды, сатып алушыларға көліктің екі нұсқасы ұсынылды — LT және SS[3][4]. Алтыншы буын көлігі ізашарынан 91 кг-ға жеңіл болды. Жаңа буын моделінің 70%-дан астам бөлшегі осы модель үшін арнайы жасалынды және GM-тың басқа көліктерінде қолданылмады[5].

Алғашқы өндірілген модельдің үш қозғалтқыш нұсқасы болды: қуаты 275 а.к. (205 кВт) турбинамен жабдықталған 2,0 л қатарлы төрт-цилиндрлі, 335 а.к. (250 кВт) беретін жаңадан жасалынған 3,6 л V6 және SS нұсқасына орнатылатын 455 а.к. (339 кВт) беретін 6,2 л LT1 V8.

Өндірісі 2017 жылы басталған ZL1 нұсқасына қуаты 650 а.к. (480 кВт), ауа айдатқышпен (ағылш. Supercharger, орыс. Нагнетатель) жабдықталған, Corvette Z06 моделінде орантылған LT4 V8 қозғалтқышы және алты жылдамдықты механикалық немесе он жылдамдықты аутоматты трансмиссия орнатылды[6].

2016 жылғы Camaro Apple CarPlay және Android Auto Capability бағдарламалыр қолдайтын мүмкіндікке ие болды[7]. Алайда бір уақытта екі брендтің тек біреуін ғана қосуға болады[8][9].

2017 жылғы ZL1 Нюрбургринг (нем. Nürburgring) жарыс жолының «Солтүстік күрме» (нем. Nordschleife) бөлігінде максималды 318,65 км/сағ (198 миль/сағ) жылдамдықпен 7:29,6 айналым уақытын көрсетті[10].

2017 жылдың модельдік қатары үшін Chevrolet 1LE өнімділік пакетін қайтарды. Пакет алдыңғы буынды 1LE пакеті негізінде жасалынды және ол көлік басқаруы мен жүрісін жақсартуға мүмкіндік береді. Жүргізушілердің талаптарына сай Chevrolet V6 және V8 қозғалтқыштарының әрқайсысына арналған екі пакет жасап шығарды, олардың құрамына қара сәтен түсті капот, арнайы дөңгелектер және т.б. кірді[11].

2018 жылғы модельдік қатар үшін Chevrolet 1LE пакетін ZL1 нұсқасына ұсынды. GM тиесілі Милфорд Роад жарыс жолында (ағылш. Milford Road Course) өткізілген тестің нәтижесінде 1LE пакетімен жабдықталған Camaro ZL1 үш секундқа жылдам нәтиже көрсетті. ZL1 1LE пакетінің құрамына жақсартылған аэродинамика, жаңа реттелетін спорттық аспа, жеңіл қақталған алюминді дискілер және ZL1 LE1 үшін арнайы жасалынған Goodyear Eagle F1 Supercar 3R шиналары кірді. Осы пакеттің арқасында ZL1-дің салмағы 27 кг-ға жеңілдеді.[12]

Camaro галереясы
1968 жылғы Chevrolet Camaro SS 396 1969 жылғы Camaro Z28 нұсқасының қозғалтқышы 1967 жылғы арнайы Indianapolis 500 жарыс көлігінің салоны 4-ші буынды Camaro SS нұсқасы 5-ші буынды Camaro Париж автошоуында, 2012 жыл

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Chevy Camaro 1993 to 2002. Chevrolet History. Classicchevrolets.com (May 26, 2012). Тексерілді, 11 қыркүйек 2014.
  2. Gardner, Greg GM unleashes new, smaller Chevrolet Camaro. Detroit Free Press and USA TODAY (May 19, 2015). Тексерілді, 15 наурыз 2016.
  3. Technical specifications Chevrolet Camaro VI 6.2 V8.
  4. Ecclestone, Chris This Is The All-New 2016 Chevy Camaro. gmauthority.com (16 May 2015). Тексерілді, 16 мамыр 2015.
  5. Bruce, Chris Chevy keeps teasing next Camaro, 70 percent of parts unique to it [w/video]. Autoblog.com (19 April 2015). Тексерілді, 16 мамыр 2015.
  6. Stewart, Megan Spied! 2017 Chevrolet Camaro ZL1 Muscles its Way Around the 'Ring' (September 18, 2015). Тексерілді, 15 наурыз 2016.
  7. Chevrolet Camaro VI 6.2 V8 (453 Hp) Automatic.
  8. Riofrio, Melissa Apple CarPlay's coming to these 14 Chevrolet cars in the 2016 model year. PC World (May 27, 2015). Тексерілді, 15 наурыз 2016.
  9. Riofrio, Melissa These are the 14 Chevrolet cars from the 2016 model year that will have Android Auto. PC World (May 27, 2015). Тексерілді, 15 наурыз 2016.
  10. Stewart, Megan New Chevrolet Camaro ZL1 Crushes Previous Car’s Nürburgring Lap Record [VIDEO] (October 24, 2016). Тексерілді, 24 қазан 2016.
  11. New 1LE Packages Elevate Camaro Track Capabilities.
  12. 2018 Camaro ZL1 1LE: Hang on, This Thing is Fast. Automoblog.net (February 27, 2017). Тексерілді, 1 наурыз 2017.

Пайдаланылған әдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Anthony Young Camaro;
  2. Darwin Holmstrom Camaro: Five Generations of Performance;
  3. David Newhardt The Complete Book of Camaro;
  4. John Gunnel, Jerry Heasley The Story of Camaro(қолжетпейтін сілтеме);
  5. Steve Statham Camaro.