I Әбділмәжит
I Әбділмәжит осман. عبد المجيد اول — Abd ül-Mecîd-i evvel Мүміндер әмірі Екі киелі қаланың қызметкері | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
1 шілде 1839 — 25 маусым 1861 | |||
(Лақап аты Танзиматшы I Әбділмәжит) | |||
Ізашары | II Махмұт | ||
Ізбасары | Әбділғазиз | ||
Өмірбаяны | |||
Діні | Ислам | ||
Дүниеге келуі | 23 сәуір 1823 Константинополь, Османлы мемлекеті | ||
Қайтыс болуы | 25 маусым 1861 (38 жас) Константинополь, Османлы мемлекеті | ||
Жерленді | I Әбділмәжит мазары, Ыстамбұл | ||
Династия | Османлы әулеті | ||
Әкесі | II Махмұт | ||
Анасы | Безмиалем сұлтан | ||
Жұбайы | Серуетседа қатынәпенді Севкефза қатынәпенді Хошияр қатынәпенді Тірімүжгян қатынәпенді Вердижанан қатынәпенді Гүлжамал қатынәпенді Рахима Пересту қатынәпенді Гүлістан қатынәпенді Дүздіділ қатынәпенді Безмара қатынәпенді Махитап қатынәпенді | ||
Балалары | Ұлдары: V Мұрат II Әбділхамит V Мехмет Ахмет Кемеледдин әпенді Мехмет Бұрханеддин әпенді Ахмет Нұреддин әпенді Сүлеймен Сәлім әпенді VI Мехмет Қыздары: Фатима сұлтан Рафия сұлтан Жәмиля сұлтан Мүнира сұлтан Бехиже сұлтан Нәдиля сұлтан Медихе сұлтан Маржан сұлтан | ||
Қолтаңбасы | |||
I Әбділмәжит Ортаққорда | |||
өңдеу |
I Әбділмәжит (осман. عبد المجيد اول — Abd ül-Mecîd-i evvel; 23 сәуір 1823 — 25 маусым 1861) — Османлы мемлекетінің 31-ші сұлтаны, Ислам халифатының 96-шы халифі.
I Әбділмәжит тұсында Османлы мемлекетінің мемлекеттік туы мен әнұраны қабылданды, мұсылман болмаған азаматтар әскерде қызмет ету құқығын алды, Османлы заңнамасы Наполеон кодексі үлгісімен өзгертілді, темір жол мен телеграф пайда болды.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]I Әбділмәжит 1823 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны II Махмұт шаңырағында дүниеге келді.
Қожа Мұстафа Рәшіт паша кеңесімен "Шәріп Хат" (осман. خط شريف — Hatt-ı Şerîf) атты құжат шығарып, сол құжат бойынша османлы азаматтарына теңдікті және олардың мүліктері мен өмірлеріне қожайындық ету секілді бұрынғы сұлтандық құқықтан бас тартуын жариялады. Сұлтан ұстанымды мінез иесі болмады және қоршаған адамдардың ықпалында болды, сондықтан жүргізген жаңартпалары жүйесіз болды.
Сыртқы саясат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Британ үкіметінің қарсылығына қарамастан, 1840 жылдары сұлтан Ирландиядағы ашаршылық кезінде ирландықтарға ақшамен және нанмен көмектесті.
1850 жылы сұлтан, Ұлыбритания қолдауымен, 1848 жылғы төңкерістегі поляк төңкерісшілерін Аустрия мен Ресейге тапсыруға бас тартты. Жауап ретінде аустриялықтар 1852 жылы османлыларды Черногориядан қуып жіберді.
Қырым соғысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1850 жылдарының басында православиеліктер мен католиктерде Құдыстағы киелі жерлер үшін жанжал басталды. Осы шіркеулердің жанжалына І Николай мен III Наполеон кірісті. Бұл тайталас мәмілегерлік патқа әкеп соқты, османлылар Ұлыбритания мен Францияның қолдауымен Ресейге соғыс ашты. Осылайша Қырым соғысы басталды. Бұл соғыс басында ресейліктерді әлсіздендірген, бірақ 1860 жылдан бастап Ресей флоты жаңартылды, Қара теңіздегі бекіністер қайта салынды, ал 1870 жылдан кейін тіпті 1856 жылғы Париж бітім шартына сәйкес шектеулерге бағынбай бастады.
Соңғы жылдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1856 жылдың 30 наурызында жасалған Париж бітім шартына христиандар да, мұсылмандар да қанағаттанбады. Босния, Болгария және Албания секілді елдерде көтерілістер болды, Дамаск пен Ливанда христиандардың қырғыны болды.
Ажалы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1858 жылы I Әбділмәжит сұлтандық қазынаның дағдарысын жариялады. Сұлтан халық алдында масқараға ұшырады. Бұл сәтсіздіктер оның еңсесін түсірді, сұлтан мемлекеттік істерге енді араласпады, өз уақытын көбінесе сарайда өткізді. Араққұмарлық пен құмарпаздық оның нашар денсаулығын одан әрі нашарлатты. 1861 жылдың 25 маусымында I Әбділмәжит туберкулезден қайтыс болды. Мәйіті өзіне арнап салынған I Әбділмәжит мазарында жерленді.
Суреттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
I Әбділмәжит. Рупен Манас
-
I Әбділмәжит
Садрағзамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Есімі | Қызмет атқарған мерзімі | Уақыты |
---|---|---|---|
213 | Мехмет Әмин Рауып паша | 1 шілде 1839 — 8 шілде 1839 | 7 күн |
214 | Қожа Қысырау Мехмет паша | 8 шілде 1839 — 29 мамыр 1841 | 1 жыл 10 ай |
215 | Мехмет Әмин Рауып паша | 29 мамыр 1841 — 7 қазан 1841 | 5 ай |
216 | Топал Ізетті Мехмет паша | 7 қазан 1841 — 3 қыркүйек 1842 | 11 ай |
217 | Мехмет Әмин Рауып паша | 3 қыркүйек 1842 — 30 маусым 1846 | 3 жыл 9 ай |
218 | Қожа Мұстафа Рәшіт паша | 30 маусым 1846 — 28 сәуір 1848 | 1 жыл 10 ай |
219 | Ибраһим Сәрім паша | 28 сәуір 1848 — 13 тамыз 1848 | 4 ай |
220 | Қожа Мұстафа Рәшіт паша | 13 тамыз 1848 — 27 қаңтар 1852 | 3 жыл 5 ай |
221 | Мехмет Әмин Рауып паша | 27 қаңтар 1852 — 7 наурыз 1852 | 2 ай |
222 | Қожа Мұстафа Рәшіт паша | 7 наурыз 1852 — 7 тамыз 1852 | 5 ай |
223 | Мехмет Әмин Әли паша | 7 тамыз 1852 — 4 қазан 1852 | 2 ай |
224 | Дамат Мехмет Әли паша | 4 қазан 1852 — 14 мамыр 1853 | 7 ай |
225 | Мұстафа Наили паша | 14 мамыр 1853 — 30 мамыр 1854 | 1 жыл 16 күн |
226 | Кипрлі Мехмет Әмин паша | 30 мамыр 1854 — 24 қараша 1854 | 6 ай |
227 | Қожа Мұстафа Рәшіт паша | 24 қараша 1854 — 4 мамыр 1855 | 6 ай |
228 | Мехмет Әмин Әли паша | 4 мамыр 1855 — 1 желтоқсан 1856 | 1 жыл 7 ай |
229 | Қожа Мұстафа Рәшіт паша | 1 желтоқсан 1856 — 2 тамыз 1857 | 9 ай |
230 | Мұстафа Наили паша | 2 тамыз 1857 — 23 қазан 1857 | 2 ай |
231 | Қожа Мұстафа Рәшіт паша | 23 қазан 1857 — 7 қаңтар 1858 | 3 ай |
232 | Мехмет Әмин Әли паша | 7 қаңтар 1858 — 8 қазан 1859 | 1 жыл 9 ай |
233 | Кипрлі Мехмет Әмин паша | 8 қазан 1859 — 24 желтоқсан 1859 | 2 ай |
234 | Мүтержім Мехмет Рүшді паша | 24 желтоқсан 1859 — 27 мамыр 1860 | 6 ай |
235 | Кипрлі Мехмет Әмин паша | 27 мамыр 1860 — 25 маусым 1861 | 1 жыл 1 ай |
Ұлы Османлы Мемлекетінің сұлтандары | ||
---|---|---|
Ізашары II Махмұт |
I Әбділмәжит 1 шілде 1839 — 25 маусым 1861 |
Ізбасары Әбділғазиз |
I Осман · Орхан · I Мұрат · I Баязит · Сұлтанаралық · I Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Баязит · I Сәлім · I Сүлеймен · II Сәлім · III Мұрат · III Мехмет · I Ахмет · I Мұстафа · II Осман · I Мұстафа · IV Мұрат · Ибраһим · IV Мехмет · II Сүлеймен · II Ахмет · II Мұстафа · III Ахмет · I Махмұт · III Осман · III Мұстафа · I Әбділхамит · III Сәлім · IV Мұстафа · II Махмұт · I Әбділмәжит · Әбділғазиз · V Мұрат · II Әбділхамит · V Мехмет · VI Мехмет · II Әбділмәжит (соңғы халиф) | ||
Әулет · Шежіре · Санат |