Жүк
Жүк – 1) көлікпен тасымалданатын заттардың (тауарлардың, еңбек құралдарының, т.б.) жалпылама атауы. Тасымалға Жүк өткізуші және Жүк құжатында жөнелтуші ретінде көрсетілген ұйымды, тұлғаны Жүк жөнелтуші, ал Жүк жөнелтушінің көрсетуімен Жүк берілуге тиіс ұйымды, тұлғаны Жүк алушы деп атайды; 2) акциялардың сатып алу мен сату бағасының арасындағы айырма. Ашық тұрпатты инвестициялық қорлары бар инвестициялық компания акцияларының болжалды бағасының негізгі құрал-жабдық бағасынан тыс бөлігі. Сатудан түскен комиссиялық алымды және бөлу тәртібімен есептелген басқа да барлық шығындарды қамтиды. Әдетте, бұл айырма акцияларды сату кезінде емес‚ сатып алу кезінде ғана есептеледі; 3) дәстүрлі қазақ қоғамында көші-қон кезінде көлікке артылатын үй мүліктерін де “Жүк” деп атаған.[1][2]
Ұзын жүк
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұзын жүк - ұзын жүктерді тасуға арналған арнайы автопоезбен тасымалданатын арнайы бірданалық жүк (мысалы кұбырлар,ағаштар).
Ірі көлемді жүк
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ірі көлемді жүк - аса ауыр жүктер тасымалдайтын, автопоезбен тасымалданатын ауырлығы 25-тен 600-1000 т-ға дейінгі арнайы бір дана жүк.
Тиелген жүк
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тиелген жүк - данасын бір-бірлеп санамай, ақтара тиеуді және лақтырып түсіретін жүк.
Құйылатын жүк
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құйылатын жүк- цистернада немесе басқа герметикалық сыйымдылықтарда тасымапданатын жүк.
Салалық жүк
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Салалық жүк - белгілі бір халық шаруашылығына тән тасымалданатын өнім.
Өнеркәсіптік жүк
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өнеркәсіптік жүк - салалық өнеркәсіптің бір даналы жүгі (мысалы, білдектер, оларға керекті бөлшектер).
Ауылшаруашылық жүк
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауылшаруашылық жүк - салалық тиелген, құйылатын немесе бір даналы ыдыстық жүк - ауыл-шаруашылығының өнімі (мысалы бидай, сүт, жемістер).
Тез бұзылатын жүк
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тез бұзылатын жүк - ұзақ мерзімді сақтауға келмейтін және цистерналарда немесе рефрижераторлармен тасымалданатын арнайы құйылатын немесе бір даналық жүк (мысалы, сүт, жемістер).
Арнайы жүк
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Арнайы жүк- арнайы жүк, оны тасымалдау үшін автопоездар немесе арнайы шанақ қажет.
Құрылыс жүгі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құрылыс жүгі - құрылыс салаларының (мысалы, құм, қиыршық тас, бетон, асфальт) тиелген немесе құйылатын салалық жүгі.
Жекеленген құрылыс жүгі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жекеленген құрылыс жүгі - ғимараттардың, құрылыстардың бөлшектерінен (мысалы, фермалар, балқалар, қабырға панельдер) тұратын арнайы жекеленген жүк.
Ыдыстағы жүк
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ыдыстағы жүк - бөшкелерде, қораптарда, қаптарда тасымалданатын жүк.
Жекеленген жүк
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жекеленген жүк - сан мен салмақ бойынша ыдыспен және ыдыссыз тасымалданатын жүк.
Теңгеруші жүк
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Теңгеруші жүк - шинамен доңғалақтың динамиқапық немесе статикалық дебалансын жою үшін доңғалақ шеңберіне қойылатын белгілі массадағы бөлшек.
Жүк айналым
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жүк айналым - көліктік өнім өлшемі көлікпен белігілі бір уақыт ішінде атқарылған немесе атқарылатын жұмыс мөлшері, өлшемі тонна-километр (ткм).
Жүк көтергіштік
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жүк көтергіштік - көліктік құралдың белгілі бір салмақтағы жүкті тасымалдауға қабілеттілігі.
Көлік құралының номиналды жүк көтергіштігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көлік құралының номиналды жүк көтергіштігі - көлік кұралының техниқалық сипаттамасында көрсетілген бір уақытта тасымалданатын жүктің массасы.
Көлік құралының меншікті жүк көтергіштігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көлік құралының меншікті жүк көтергіштігі - көлік құралының жүк көтергіш күшінің өзіндік массасына қатынасы.
Жүктасқыны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жүктасқыны – көліктік өнім өлшемі, көлікпен белгілі-бір уакытта, бір бағытта тасымалданған жүктің мөлшері, өлшемі тонна.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |