I Мұрат
I Мұрат осман. مراد اول — Murâd-ı evvel Gazi Hünkar | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
1383 — 28 маусым 1389 | |||
(Лақап аты Құдайшыл I Мұрат) | |||
Ізашары | Лауазым пайда болды | ||
Ізбасары | I Баязит | ||
| |||
мамыр 1362 — 1383 | |||
Ізашары | Орхан бей | ||
Ізбасары | Лауазым ыдыратылды | ||
Өмірбаяны | |||
Мамандығы | Қолбасшы | ||
Діні | Ислам | ||
Дүниеге келуі | 29 маусым 1326 Бурса, Осман бейлигі | ||
Қайтыс болуы | 28 маусым 1389 (62 жас) Косово жазығы, Осман бейлигі | ||
Жерленді | Хүдауендигар машһады, Бурса | ||
Династия | Османлы әулеті | ||
Әкесі | Орхан бей | ||
Анасы | Нилүфер қатын | ||
Жұбайы | Гүлшешек қатын Тамара қатын Фүлане қатын | ||
Балалары | Ұлдары: I Баязит Жақсы шаһзада Жақып шаһзада Саужы шаһзада Ибраһим шаһзада Қыздары: Нефисе қатын Сұлтан қатын | ||
Қолтаңбасы | |||
I Мұрат Ортаққорда | |||
өңдеу |
I Мұрат (осман. مراد اول — Murâd-ı evvel; 29 маусым 1326 – 28 маусым 1389) — Осман империясының 3-ші сұлтаны, қолбасшы.
Бұл сұлтан Османлы мемлекетінің жер ауданын 95 000 км²-ден 500 000 км²-ге дейін ұлғайтты, дәлірек айтсақ, Анадолы мен Балқан түбегіндегі жерлерді жаулап алды; мемлекеттік басқару жүйесінде кейбір өзгерістер енгізді; Еуропадан ұрланған жігіттерден жаңа шеріктер құрды; сондай-ақ I Мұрат османлы билеушілердің ішінде алғашқы рет "сұлтан" атағын қабылдады.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]I Мұрат 1326 жылы османлы елордасы Бурсада османлы ұлыбейі Орхан бей шаңырағында дүниеге келді.
Әкесі Орхан бей қайтыс болғаннан кейін оның орнына таққа отырған. Алғашқы кезеңде өзінің кіші інілері Ибраһим шаһзада мен Халил шаһзадаға қарсы тақ үшін күрес жүргізді. Ақырында I Мұрат өз інілерін өлім жазасына кесіп, соғысты аяқтады.
1362 жылы жаңа шеріктердің алғашқы ошағы ашылды. Жаңа шеріктер османлылардың Еуропадағы жорықтарында тонап алынған еуропалық жасөспірімдерден құралды.
I Балқан жорығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]I Мұрат таққа отырғаннан кейін кресшілерге қарсы бірнеше сәтті жорықтар жасады. 1363 жылы Батыс Фракияға кіріп, византиялық Адрианополь мен Филиппополь қалаларын жаулап, олардың маңайындағы бекіністерді басып алып, Анадолы мұсылмандарын қоныстандырды. Кресшілерді үрей билеп, үдере көшіп, Румелия жері мұсылмандар мекеніне айналды. 1364 жылы османлы қолбасшысы қажы Елбек Сербияны жаулап алды.1365 жылы I Мұрат Адрианополь қаласын Османлы бейлігінің елордасына айналдырды.
V Иоанн I Мұратпен византиялықтар үшін жағымсыз бітім шартқа отыруға мәжбүр болды. Бұл бітім шарт бойынша византиялықтар болгарлар мен сербтерге түрікмен соғыста көмек бермеуге тиіс, оның үстіне, V Иоанн түріктерге Еуропадағы кеңеюіне жәрдем болу керек. Он жылдан кейін V Иоанн I Мұраттың іс жүзіндегі вассалы болып кетті[1].
1371 жылы османлылар Марица шайқасында 60-мыңдық біріккен Оңтүстік Еуропалық әскерін ойсырата жеңді. Бұл жеңіс османлыларға Драма, Кавалла және Серре атты макендон қалаларын алуға септік болды. Сонымен қатар I Мұрат Болгария мен Солтүстік Сербия билеушілерін өзіне алым-салықты төлеттірді.
Азамат соғысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1370 жылдары османлыларда қысқаша азамат соғысы болды. 1373 жылы I Мұратқа қарсы өзінің туған баласы Саужы шаһзада шықты. Ол византиялық ханзада IV Андроникпен бірігіп, 1376 жылы Константинопольді жаулап алып, V Иоаннды тақтан бездіріп, зынданға қамады. I Мұрат бұл көтерілісті өзі басу үшін Саужы шаһзаданы Фракияда жеңіп, өлім жазасына кесті. Ал V Иоанн сұлтан әскерінің көмегімен зынданнан шығып, таққа оралды. Ол да өз бүлік шығарған баласын аямай жазалады.
II Балқан жорығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1380 жылдары I Мұрат батыстағы жорықтарын жаңартты. 1385 жылы ол София қаласын, ал 1386 жылы Ниш қаласын алды. Кіші Азияда Гермиян, Текке және Хамит бейліктерін жаулап алып, ел шекарасын Токатқа дейін ұлғайтты. 1386 жылы Қараман бейлігі басқарған бірнеше түрік бейліктері бірігіп, османлыларға қарсы шықты, алайда жеңіліс тапты. 1387 жылы I Мұрат Қараманұлы Алаеддин Әлиді тізе бүктірді. Содан соң Мажарстан, Хорватия, Полыня әскерлерінен құралған кресшілер әскеріне қарсы аттанды.
1389 жылы 10 тамызда Косово жазығында екі жақтың қолы кескілесе шайқасып, османлы жауынгерлері жеңіп шықты. Кресшілерді бастап келген серб патшасы Лазар мен оның ұлы тұтқынға алынды. Сұлтан осы Косово шайқасынан кейін ұрыс даласын аралап келе жатқан сәтінде серб Милош Обилич қастандықпен өлтірді. Басқа нұсқаға сәйкес, бұл шайқас кезінде Милош Обилич атты серб серісі сұлтан шатырына жалған кейіппен кіріп, сұлтанды өлтірді. Таққа отырған ұлы I Баязит сұлтан денесін Бурса қаласында жерледі. Аз ғана уақыт ішінде өзі билеген мемлекетінің аумағын 5 еседей ұлғайтып, құдіретті елге айналдырған I Мұрат хақында белгілі тарихшы Хаммер былай жазған:
Ол шариғат заңын аса жауапкершілікпен қолданды әрі өзінің өркендеп, дамыған елінде оны одан әрі жүйелеп, орнықтыру үшін барша күш-қуаты мен ақыл-парасатын жұмсап, мүлтіксіз қызмет ете білді |
Садрағзамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Есімі | Қызмет атқарған мерзімі | Уақыты |
---|---|---|---|
4 | Синануддин Факих Жүсіп паша | мамыр 1362 — 1364 | 2 жыл |
5 | Шандарлы Қара Халил Қайыреддин паша | 1364 — 22 қаңтар 1387 | 23 жыл |
6 | Шандарлы Әли паша | 22 қаңтар 1387 — 28 маусым 1389 | 2 жыл |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Encyclopædia Britannica. Murad I (ағыл.). Encyclopædia Britannica Online (2010). Басты дереккөзінен мұрағатталған 14 ақпан 2012. Тексерілді, 21 наурыз 2010.
Ұлы Османлы Мемлекетінің сұлтандары | ||
---|---|---|
Ізашары Орхан |
I Мұрат 1383 — 28 маусым 1389 |
Ізбасары I Баязит |
I Осман · Орхан · I Мұрат · I Баязит · Сұлтанаралық · I Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Баязит · I Сәлім · I Сүлеймен · II Сәлім · III Мұрат · III Мехмет · I Ахмет · I Мұстафа · II Осман · I Мұстафа · IV Мұрат · Ибраһим · IV Мехмет · II Сүлеймен · II Ахмет · II Мұстафа · III Ахмет · I Махмұт · III Осман · III Мұстафа · I Әбділхамит · III Сәлім · IV Мұстафа · II Махмұт · I Әбділмәжит · Әбділғазиз · V Мұрат · II Әбділхамит · V Мехмет · VI Мехмет · II Әбділмәжит (соңғы халиф) | ||
Әулет · Шежіре · Санат |