I Мехмет
I Мехмет осман. محمد اول — Mehmed-i evvel | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
5 шілде 1413 — 26 мамыр 1421 | |||
(Лақап аты Мәртебелі I Мехмет) | |||
Ізашары | I Баязит | ||
Ізбасары | II Мұрат | ||
| |||
1406 — 5 шілде 1413 | |||
Ізашары | Лауазым пайда болды | ||
Ізбасары | Лауазым ыдыратылды | ||
| |||
1403 — 1406 | |||
Ізашары | Лауазым пайда болды | ||
Ізбасары | Лауазым ыдыратылды | ||
Өмірбаяны | |||
Мамандығы | Қолбасшы | ||
Діні | Ислам | ||
Дүниеге келуі | 1389 Эдирне, Осман империясы | ||
Қайтыс болуы | 26 мамыр 1421 Эдирне, Осман империясы | ||
Жерленді | Бурсада | ||
Династия | Османлы әулеті | ||
Әкесі | I Баязит | ||
Анасы | Дәулет қатын | ||
Жұбайы | Шаһзада Кумру ханым Әмина қатын | ||
Балалары | Ұлдары: Мехмет шаһзада Ахмет шаһзада II Мұрат Қасым шаһзада Мұстафа шаһзада Махмұт шаһзада Жүсіп шаһзада Ахмет шаһзада Орхан шаһзада Қыздары: Хафиза сұлтан Інжі сұлтан Селжұқ сұлтан Ханым сұлтан Қадиша сұлтан Фатима сұлтан Хафса сұлтан Илальди сұлтан Шаһзади сұлтан Айша сұлтан | ||
Қолтаңбасы | |||
I Мехмет Ортаққорда | |||
өңдеу |
I Мехмет (осман. محمد اول — Mehmed-i evvel; 1389 – 26 мамыр 1421) — Осман империясының 5-ші сұлтаны, қолбасшы.
I Мехметтің замандастары оны әділ, момын, бейбітшіл мінезді билеуші екенін мінездеді. Сұлтан діни еріктілікті ұстанды, яғни мұсылман емес османлыларға сабырмен қарады, сауданы дамытуға тырысты, ғимараттар салды (мысалы, Адрианополь мешіті), әдебиетті сүйді, әсіресе поэзияны.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]I Мехмет 1387 жылы османлы елордасы Бурса қаласында османлы сұлтаны I Баязиттің шаңырағында дүниеге келді. Әкесі өте қуатты билеуші болатын. Алайда Анадолыға басып кірген Тұран әмірі I Темір Анкара шайқасында I Баязитті жеңіп, Османлы мемлекетін едәуір әлсіретті.
1402 жылы тұтқынға алынған I Баязит анықталмаған себеппен қаза тапты. Осыдан кейін Османлы мемлекетінде сұлтанаралық заман болды (1402-1413). Тақ үшін күреске I Баязиттің төрт ұлы қатысты: Иса, Мұса, Сүлеймен және Мехмет. 1402 жылы Сүлеймен шаһзада Румелияда, Иса шаһзада Батыс Анадолыда, ал Мехмет шаһзада Шығыс Анадолыда өздерін сұлтан деп жариялады. Басында Мұса шаһзада Мехмет шаһзадамен бірге болған, алайда соңғысы Мұса шаһзаданы Сүлеймен шаһзадамен соғыстырғанда, Мұса шаһзада жеңіске жетіп, Сүлеймен шаһзаданың орнына өзін сұлтан етіп жариялады. Мехмет шаһзада өз ағасын жазалау мақсатымен Румелия үшін күреске түседі. Сондықтан ол византиялық император II Мануил көмегімен Анадолыдан Фракияға кемелермен өтеді. Бірақ сол кездегі шайқастар екі жаққа да пайда әкелмеді, оның үстіне Мехмет шаһзада Айдын бейінен қорғану үшін Анадолыға қайтып келуге мәжбүр болды. Соңғы шаруаны тындырып алғаннан кейін, ақыры, 1413 жылы Мұса шаһзаданың әскерін талқандап, османлылардың барлық жерлерін өзіне бағындырды.
Билеген жылдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сұлтан болғаннан кейін I Мехмет бар күш-жігерін Османлы сұлтандығын бұрынғы қалпына келтіруге жұмсады. Сондықтан сұлтан барлық көрші елдермен жақсы қарым-қатынаста болып, бар қуатын тек он жыл бұрын тәуелсіздігін алған бейліктерге шоғырлайды. 1415 жылы I Мехмет Қараман Бейлігінен басқа жуырда тәуелсіз алған бейліктердің барлығын бағындырды. 1416 жылы османлы форты Венеция фортына қарсы соғыс жүргізді, алайда венециялықтар Гелиболу түбегіне жақын жерде жеңіске жетіп, османлылардың 25 кемесін алды. Сол жылы Анадолыда Бадреддин Махмұт Симауи бастаған кең ауқымды төңкеріс басталды. Бұл төңкерісті сұлтан Смирна шайқасында басты. Өмірінің соңғы жылдарында да I Мехмет тағы бір төңкерісті басты. Бұл төңкерісті жетекшісі өзіне сұлтанның ағасы Мұстафа шаһзада деген жалған есім алды.
Садрағзамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Есімі | Қызмет атқарған мерзімі | Уақыты |
---|---|---|---|
8 | Амасьялы Баязит паша | 5 шілде 1413 — 26 мамыр 1421 | 7 жыл 10 ай |
Ұлы Османлы Мемлекетінің сұлтандары | ||
---|---|---|
Ізашары I Баязит |
I Мехмет 5 шілде 1413 — 26 мамыр 1421 |
Ізбасары II Мұрат |
I Осман · Орхан · I Мұрат · I Баязит · Сұлтанаралық · I Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Баязит · I Сәлім · I Сүлеймен · II Сәлім · III Мұрат · III Мехмет · I Ахмет · I Мұстафа · II Осман · I Мұстафа · IV Мұрат · Ибраһим · IV Мехмет · II Сүлеймен · II Ахмет · II Мұстафа · III Ахмет · I Махмұт · III Осман · III Мұстафа · I Әбділхамит · III Сәлім · IV Мұстафа · II Махмұт · I Әбділмәжит · Әбділғазиз · V Мұрат · II Әбділхамит · V Мехмет · VI Мехмет · II Әбділмәжит (соңғы халиф) | ||
Әулет · Шежіре · Санат |