BALA (Ninety One)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
BALA
Данияр Ақылбайұлы Құлымша
Толық аты

Данияр Ақылбайұлы Құлымша

Туған күні

19 ақпан 1998 (1998-02-19) (26 жас)

Туған жері

Ақтөбе, Қазақстан

Белсенділік жылдары

2014 — осы уақытқа дейін

Мемлекет

 Қазақстан

Мамандықтары

әнші, музыкант

Дауыс түрі

Баритон[1]

Жанрлары

Q-pop

Лақап аты

BALA

Ұжымдары

Ninety One

Лейблдері

JUZ Entertainment

juzent.com

Данияр Ақылбайұлы Құлымша, BALA (19 ақпан 1998 жылы туған, Ақтөбе, Қазақстан Республикасы) — қазақстандық әнші, Ninety One тобының мүшесі ретінде танымалдылыққа ие болды.

Данияр 1998 жылдың 19 ақпанында Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасында дүниеге келген. Топтың кенжесі болғанымен отбасында үлкені; інісі және қарындасы бар. Отбасы қазіргі таңда Астана қаласында тұрады.

11 жылдық жалпы орта білім алғаннан кейін Алматы қаласындағы Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжіне түседі. Қазіргі кезде осы коледждің 2-курс студенті.

Вокалист боламын деген нақты мақсат 1-курсқа дейін толықтай болмады. Армандарының ішінде архитектор болу да болған, өйткені Bala сурет салуды жақсы көретін. IT саласына баруды да армандаған. Компьютермен айналысқанды, ішкі құрылғыларын қопарып техникаға қызығатын. Үйінде Данияр болмаса, компьютер бұзылып қалатын да сәттер болған. Алайда әкесі бұл екі салада маман болу үшін математиканың қажет екендігін түсіндіреді. Сөйтіп Bala үшінші арманы музыкамен айналысуды жанына жақын көреді. Мүлдем үш түрлі әлемді көздеген Даниярға әкесінің ақыл-кеңестері өмірінде маңызды рөл атқарады. Ninety One тобын дебюттен кейін жаппай негатив қоршағанда, ата-аналары баласы үшін қамығумен болады.

"Ананың жүрегінде уайым болды. Басқа жерде қауіпте жүргенше, оның қасында тыныштықта болғанымды қалады"

Дегенмен, алға жетелеген бір арман, әріптестеріне берген жігіттік сөздің арқасында Данияр қорқынышты басып, мақсатынан қол үзбеді. Қазіргі кезде ата-анасы толықтай Bala-ның ісін қолдайды. Ал ол өз кезегінде, жиналған тәжірибесімен кішкентай інісімен бөлісіп, дұрыс жол көрсетіп отыруға тырысады. "Сенімділіктің бәрі бимен айналысу және үлкен практиканың арқасында келді",- деп мойындайды Данияр.

"Бәрі адамның өз қолында. Бастысы ұнайтын ісіңмен айналысу"[2]

Балалық шағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әріптестерінен жасымен қалысса да, вокалдан қалыспайтын топтың кенжесі Данияр 1998 жылы 19 ақпанда Ақтөбе қаласында дүниеге келді. Әнге деген сүйіспеншілік жас әртістің бойында балалық шағынан бастап байқала бастайды. Мектеп ұйымдастыратын іс-шараларда және үй ішінде Bala әншілігімен жиі өнер көрсетіп жүретін. Алайда балалар арасындағы жарыстарда күшін сынауға асықпады.

"Байқаулардан алыс болдым. Ондағы орындалатын әндер, балалардың өзін көрсетуі - барлығы мен үшін жат болды"

Әкесінің жұмыс себептеріне орай 11 жасында Астанаға көшуіне тура келеді. 9-сыныпты аяқтап, музыкалық колледжде оқуын жалғастырады. 2-ші курс басталарда оқу мәселесін шешіп береміз деген сеніммен Алматы қаласына келеді. Алайда сабаққа жеткілікті уақыт бөлу болашақ жұлдызға қиын соғады. Жұмыс пен колледж арасында біреуін таңдауға тура келгендіктен, біріншісіне басымдылық қойып, оқуын тастауға бел буады.

"Сабағымды оқымасам да, күнде ән жаттап, әрдайым практикада болдым"

Вокалмен Данияр тек өзі үшін айналысатын. Шығармашылық жолында мұғалімдердің қатысуы аз болды деп бөліседі. Олардың ресейлік әдіс-тәсілдерге жүгінуі Bala-ға аса қатты ұнамайтын.[2]

Шығармашылық жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Колледждің 1-курсында пианист әрі жақын досы Жақанмен кабинет кілтін алып, студенттік кештерін дайындықтармен өткізетін. Видеолары интернет желісіне таралып, дарынды балаларға басқалар да назар аудара бастайды. Бірер уақыт өтіп, топтың өнерін желіде Ешуабек есімді гитарист жігіт байқап, оларға жабдықталған студияда жаттығып, бірге жұмыс жасауға ұсыныс тастайды. Кейін ол Brotherhood деп аталатын бойзбендтің үшінші мүшесіне айналады. Жігіттер істеріне шынайы қарап, әлеуметтік желілер ашып, каверлер түсірумен айналысады. 7-8 ай бойы аталмыш топпен сахналарды бағындырып жүргенінде Даниярға Алматыдан "резюмеңіз қабылданды" деген күтпеген хабар келеді.

"Қасыңыздағы 2 бала өтпеді. Ал сіз Алматыға келіңіз деді. Мен түсінбедім"

Сөйтсе, топтағы гитарист үшеуінің де резюмесін K-Top Idols реалити шоуына қатысуға жіберіпті. Bala-ның ғана айы оңынан туғанмен, ол жолдастарын тастамай, ұсыныстан бас тартады. Араға 3-4 ай салып, Данияр 2-курсқа қадам басқанда, K-Top Idols реалити-шоуы аяғына жетіп, финалисттері анықталып қойылған. Соған қарамастан, қайтадан Алматыдан қоңырау мазалайды - "Астанаға Ерболат Беделхан өз істерімен келмекші, сондықтан сізбен көріскісі келеді" деген хабар келеді. Жеке кездесу болғандықтан Bala келісіп, келесі күні әкесімен продюсердің алдында болашақ жоспарларын талқылайды.

"K-pop-қа көзқарасым басқа болған. Сондықтан шешім қабылдай алмай жүрдім"

Үй ішімен ойланып, Данияр ұсыныстан қайтадан бас тартады. Өйткені оның берерінен зардабы көбірек болып көрінеді. Басқа қала, таныстардың жоқтығы және оқу жағынан көптеген мәселелер туындауы мүмкін еді. Сонда да көп уақыт өтпей, Bala-ға үшінші рет менеджер хабарласады. 2 апта өзін сынап көріп, егер ұнамаса қайтуыңа болады деген ұсынысын айтады. Ата-анасы ақырғы шешімді оның өзі қабылдауын қалайды. Тағдырын өз қолына алып, Bala келесі күні Алматыға ұшып кетеді. Дайындықтар, жаңа ортамен танысу болашақ жұлдыздың көңілінен шығып, 2 аптадан кейін Данияр топта қалуды шешеді. Brotherhood тобындағы жігіттермен әлі күнге дейін жақсы қарым-қатынас ұстайды - музыка жайлы ақылдасып, бір-бірлеріне қол ұшын созып тұрады.[2]

Астана қаласында танымал әншілердің әндеріне кавер-нұсқа (cover version) жасайтын «Brotherhood» вокалды-аспапты топтың экс-мүшесі. Ең алғаш топ құрамы: Данияр Құлымша, Сұлтан Нурманов, Жақан Жақсылықов, Ешуабек Жақсымбет.

Толық мақаласы: Ninety One

Қазіргі таңда 2014 жылы құрылған, Қазақстандағы алғаш рет Q-pop музыкалық жанрының негізін салушы Ninety One тобының жетекші вокалисті. Сондай-ақ топ арасында «макнэ», яғни топтың кенжесі. Топқа ALEM-мен бірге JUZ Entertainment агенттігі жүргізген кастинг арқылы қосылды. Басқапқыда топ атауы KTI-boys болатын, алайда 2015 жылдың 1 қыркүйегінде алғашқы «Айыптама» синглын жариялаған кезде, топ атауын Ninety One деп өзгертті.

Қызықты мәліметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Фильмография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жыл Атауы Кейіпкер
2017 Қағаз кеме Жансері
2017 Ninety one Данияр
2018 91 TV Данияр

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ninety One тобының DiTV студиясында сұхбат беруінде. BALA: «Негізі, біз, Батырхан екеуміз дауыс диапазонына бөлу бойынша баритонбыз, ал бізде ACE тенор болып шықты» NINETY ONE DiTV студиясында қонақта YouTube сайтында
  2. a b c http://juzent.com/#/artists/1526822812192/1526846828775 Мұрағатталған 5 желтоқсанның 2022 жылы.
N I N E T Y    O N E
A.Z. · ALEM · ACE · ZaQ · BALA
Альбомдар: Айыптама (мини-альбом), Qarangy Zharyq, DOPAMINE
Синглдер: «Айыптама», «Қайтадан», «Қалай қарайсың?», «Қайырлы түн», «Ұмытпа», «Lady», «Бүгінгі күннен», «У (o_O)», «Айыптама мені», «Ля», «M.B.B.A.B.B.D», «Su Asty», «Yeski Taspa Bii'», «Bayau», «Mooz», «Sau», «Ah!Yah!Mah!», «E.YEAH», «ALL I NEED», «BOYMAN»,