A.Z. (Ninety One)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.Z. (ЭйЗи)
Азамат Байболатұлы Зенкаев
Толық аты

Азамат Байболатұлы Зенкаев

Туған күні

28 қыркүйек 1993 (1993-09-28) (31 жас)

Туған жері

Атырау, Қазақстан

Белсенділік жылдары

2014 — осы уақытқа дейін

Мемлекет

 Қазақстан

Мамандықтары

рэпер, дыбыстық режиссер

Жанрлары

Q-pop

Лақап аты

A.Z.

Ұжымдары

Ninety One 2015-2020

Лейблдері

JUZ Entertainment

juzent.com

Азамат Байболатұлы Зенкаев, A.Z. (28 қыркүйек 1993 жылы туған, Атырау, Қазақстан Республикасы) — қазақстандық рэпер, Ninety One тобының бұрынғы мүшесі ретінде танымал.

Азамат 1993 жылдың 28 қыркүйегінде Атырау қаласы, Қазақстан Республикасында дүниеге келген. Әпкесі және інісі бар. Отбасы қазіргі таңда Атырау қаласында тұрады. 11 жыл жалпы орта білім алған. 7 жыл бокспен айналысқан. Атырауда кеме капитанына оқыған. Матрос ретінде практикасы бар. 2004 жылдан бастап рэпке қызығушылық танытып, фристайл баттлдарға қатысқан. 2006 жылдан бастап андэрграунд рэппен профессионалды тұрғыда айнылысады. Топқа келмей тұрып «HalFani» лахабатымен өнер көрсеткен. ZaQ екеуі Ninety One тобының репертуарындағы ән сөздерінің авторы.

Балалық шағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лидер атын арқалаған Ninety one тобының мүшесі AZ 1993 жылы қыркүйек айының 28-де Қазақстанның батыс өңіріндегі Балықшы деген жерде дүниеге келді. Азаматтың есіне алуы бойынша, балықшылар мекені - Атыраудағы қауіпті аймақтардың бірі. Қараңғы көшелердегі құрдастарымен төбелес, құлаққап, үлкен шалбар, рэп оқу - бәрі агрессияға толы баланың күнделікті өміріне айналған.

"Рэп - бұл көше"

Мектеп қабырғасында болашақ жұлдыз тентектігінің кесірінен аса оқу-білімге зейін қоймаған. Азаматтың бұзық мінезі жиналыстарда ата-анасының директормен жиі дауласуының себепшісі болды. Мектебінің аты шулы атаманы қазіргі кезде балалық шағынан көп ой түйдім деп бөліседі. Соған қарамастан, "Жасалған істеріме ешқандай өкініш сезімі жоқ" дейді AZ.

"Өткен-кеткен оқиғалар жүрегімде сүйікті ескі таспам болып қалмақ"

Әкесі де, атасы да - теңіз кәсібін игеріп шыққан өз ісінің мамандары. Азамат та балық пен қара уылдырық жеп кемеде өскендіктен, әке жолын қууды дұрыс санайды. Мектептен түлеп ұшып, Атыраудағы Теңіз Балық Өнеркәсібі Колледжінде қайықшы (судоводитель) мамандығы бойынша білім алады.

Оқуды аяқтап, "Матрос Первого Класса" сертификатын алу мақсатында Астрахань қаласына аттанады. Жас Азаматты әкесіндей "флотты басқару" ойы емес, "менде де диплом бар, мен де оқыдым" деп жұрттан қалмау ойы жетелейді.

"Меніңше, оқу керек емес. Өзіме ағылшын керек, соны білем"

AZ басқа топ мүшелері сияқты музыкалық білім қуаламады. Тәжірибемен жиналған өзіндік музыка жазу тәсілдерін ұстанады. Алдына ауқымды жұмысты мақсат қылып, әрдайым өз-өзімен күресіп, өсуге тырысады. Соны оқудың ең жақсы түрі деп санайды.[1]

Азаматты халық Ninety One тобының ең стильді мембері деп таниды. Анасы кішкентайынан сәндеп киіндіретін. Адамдарға бір түрлі боп көрінетін киімдер, керісінше, оның көзіне ілінеді. Жақсы, сапалы әрі әдемі киімдерге деген қызығушылық оның жеке бір стилінің пайда болуына әкелді. Киім үлгісі жөнінде басқа адамдардың пікіріне аса қатты назар аудармайды. Стилі көңіл-күйіне байланысты күрт өзгеріп тұруы мүмкін.

"Өзімді стильдімін деп есептемеймін, киімге қатты қызығамын деген дұрыс болар"

Дегенмен, fashion индустрияға бару Азаматтың ойында бар. Тіпті, өз брендін ашуды жоспарлауда.[1]

Шығармашылық жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Азамат 2004 жылдан бері рэп жанрына қызыға бастайды. Eminem мен 50-cent секілді әртістердің музыкасын тыңдап өседі. Қазір шет елдердің Kendrick Lamar, The Weekend және Kanye West сияқты жұлдыздарын тыңдайды.

Жергілікті әнші-рэперлердің әндерін AZ тыңдамайды, бірақ бәрін мойындайды. Өйткені, оның ойынша, кез келген әртіс өз ойын жеткізуге құқығы бар. Оның музыкасын айнала қабылдай ма, қабылдамай ма Азаматқа маңызды емес. Бастысы, ол өзі ұнайтын музыканы жазады және оның да тыңдаушылары табылады деп сенеді. 2014 жылы K-TOP IDOLS реалити-шоуында болашақ әріптесі ZaQ-пен жеңіске жеткен соң, Ninety One тобына алғашқы мүшелердің бірі болып енеді.

"Басқаша болу мүмкін емес еді. Мен ұтамын деп сеніп келдім. Ойлағанымдай болды"

AZ-ды топтағы ең суық әрі қырсық мембер деп атайды. Ол болса тұйықтығын аса қатты байқамайды. Бірінші рет танысқанда бірден ашыла қойып, адамды жанына жақын қабылдай алмайды. Араласып кету үшін Азаматқа кішкене уақыт керек. Жұмыс кестесінің тығыздылығынан, Азамат ата-анасымен сирек көрісіп тұрады. Тіпті 2 жыл бойына үйіне бармаған кездері болған. Алайда қашықтыққа қарамай сағынып, жиі хабарласуға тырысады.

Алдағы мақсаты - Алматы қаласынан жер алып, үй салып, ата-анасын оңтүстік астанаға әкелу.[1]

2014 жылы ORDA Brothers құрған «K-TOP Idols» атты Қазақстандағы айдолдар мен айдол-топтарды құрумен айналысатын алғашқы, әрі бірегей жобаның жеңімпазы. 2014 жылдың наурыз айынан кәсіби әділқазылар бүкіл Қазақстаннан 24 дарынды жігіттер мен қыздарды таңдап алып, осы жобаны жүргізді. Жоба нәтижесінде жеңіске жеткендердің бірі A.Z. және ZaQ.

Толық мақаласы: Ninety One

Қазіргі таңда 2014 жылы құрылған, Қазақстандағы алғаш рет Q-pop музыкалық жанрының негізін салушы Ninety One тобының лидері, әрі рэпері. «K-TOP Idols» жобасының жеңімпазы ретінде топтың алғашқы мүшелерінің бірі. Басқапқыда топ атауы KTI-boys болатын, алайда 2015 жылдың 1 қыркүйегінде алғашқы «Айыптама» синглын жариялаған кезде, топ атауын Ninety One деп өзгертті.

Қызықты мәліметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Фильмография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жыл Атауы Кейіпкер
2017 Қағаз кеме Алихан
2017 Ninety one Азамат
2018 91 TV Азамат
2018 Qara beri Азамат

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c http://juzent.com/#/artists/1526822812192/1526840381535 Мұрағатталған 5 желтоқсанның 2022 жылы.
  2. Сұхбаттарында Орта жүз, Қызылқұрт деп айтып жүр.
N I N E T Y    O N E
A.Z. · ALEM · ACE · ZaQ · BALA
Альбомдар: Айыптама (мини-альбом), Qarangy Zharyq, DOPAMINE
Синглдер: «Айыптама», «Қайтадан», «Қалай қарайсың?», «Қайырлы түн», «Ұмытпа», «Lady», «Бүгінгі күннен», «У (o_O)», «Айыптама мені», «Ля», «M.B.B.A.B.B.D», «Su Asty», «Yeski Taspa Bii'», «Bayau», «Mooz», «Sau», «Ah!Yah!Mah!», «E.YEAH», «ALL I NEED», «BOYMAN»,