Ізбасар Ахметұлы Шағыров

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ізбасар Ахметұлы Шағыров
Туған күні

1 қыркүйек 1910 (1910-09-01)

Туған жері

Алматы облысы Көксу ауданы Мұқыр ауылы

Қайтыс болған күні

24 сәуір 1995 (1995-04-24) (84 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Ғылыми аясы

биология

Ғылыми дәрежесі

Ғалым, биология ғылымының докторы (1976), профессор (1978)

Ғылыми атағы

Ғалым, профессор

Шағыров Ізбасар Ахметұлы (1 қыркүйек 1910 жыл, қазіргі Алматы облысы Көксу ауданы Мұқыр ауылы – 24 сәуір 1995 жыл, Алматы қаласы) – ғалым, биология ғылымының докторы (1976), профессор (1978).

Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) (1934), Орынбор ауыл шаруашылық институтының аспирантурасын (1940) бітірген.

19351937 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында ассистент, 19401945 жылдары Түркіменстан ауыл шаруашылық институтында лабoратория меңгерушісі болды.

1962 жылдан Қазақстан ҒА-ның Эксперименттік биология институтында қызмет атқарған.

Негізгі ғылыми еңбектері жануарлар гистологиясы мен эмбриологиясы салаларына арналған. Шағыров ешкі малында кездесетін жұқпалы кебенек ауруын ашып, онымен күресу жолдарын анықтап берді. Оның 60-тан астам ғылыми еңбектері жарық көрген. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы X том