Алмасу буфері
Алмасу буфері (Буфер обмена;buffer exchange) — 1) қосымша программалар арасында мәліметтер алмасуды ұйымдастыруға арналған, әpi Windows жүйесімен бөлектелген жедел жад аймағы; 2) Windows ортасында — құжат бөліктерінің көшірмесін уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы аймағы; 3) Windows операциялық жүйесінде әр түрлі құжаттар мен қолданбалы программалар арасында ақпарат алмасуға арналған компьютердің жедел жадының арнайы бөлігі, яғни аралықжад немесе буфер; 4) құжаттар мен қолданбалы программалар арасында мәліметтер алмасу кезінде ақпаратты уақытша сақтауға арналған орын. Ақпараттың көшірмесі алдымен буферлік жадқа жазылады. Сол жерден оны басқа құжатқа немесе сол құжаттың басқа жеріне көшіруге болады; 5) өзара тікелей әрекеттесетін программалық жүйелерде — сол терезедегі құжат үзіңділерінің орнын алмастыруда белгіленіп қиып алынған үзінділерді уақытша сақтауға арналған буфер (қосалқы жад).
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |